Байланысты: КТП жөнделген 4-сынып 2019-2020 ж жана
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. «Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка» пәнін оқыту нәтижесі бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» қойылады. Алынған нәтижелер («есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады.