Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет170/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   252
«Өзін-өзі тану» оқу пәні
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жоғары сатысындағы 11 сыныптың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды: «Таным тағылымдары»; «Адам болам десеңіз...»; «Жарасымды өмір салтанаты»; «Кең дүние келбеті».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың білім сапасын бағалау Жалпы білім беретін мектептің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламаларындағы 11-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
Оқушы 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет