Жетекші мектептердің қызметі:
- Әдістемелік-ұйымдастырушылық.
- Зерттеушілік.
- Оқу-әдістемелік..
- Диагностика - аналитикалық.
- Ақпараттық-таратушылық.
Әрбір жетекші мектепте үйлестіруші – қызметті ұйымдастыру, жоспарлау, бағалау және мониторинг функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті тұлға анықталады.
Үйлестірушінің рөлін директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, әдістемелік кеңестің құрамына кіретін мұғалімдер атқара алады.
Жетекші мектеп үйлестірушісінің құзыретіне:
- кәсіби қауымдастықтар қызметінің моделін талқылауды және әзірлеуді ұйымдастыру;
- кәсіби қауымдастық жұмысын басқарудың барлық циклін ұйымдастыруды қамтамасыз ету: жоспарлау, серіктес мектептермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жұмыстың нәтижелілігін мониторингілеу және талдау;
- "теңдік" принципі бойынша оқыту үшін әдістемелік қызметті ұйымдастыру;
- кәсіби қауымдастыққа кіретін серіктес мектептердің әдістемелік активімен өзара іс-қимылды үйлестіру;
- жұмыстың жеке әдістемелік бағыттары бойынша жұмыс үшін кәсіби қауымдастық мұғалімдерінің уақытша шығармашылық тобын құруға бастамашылық ету;
- форумдарда, кеңестерде, презентациялар мен конференцияларда кәсіби қауымдастық қызметінің нәтижелерін ұсыну;
- өңір мұғалімдеріне арналған оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- жетекші мектептердің кәсіби қауымдастығына кіретін мектеп басшыларына тиімді басқару және бірлескен қызмет мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу кіреді.
Жетекші мектептер базасында педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- оқыту және бағалау мәселелерінде жетекші мектептің үйлестірушілерін, мектеп жаттықтырушыларын және білім беру ұйымының әкімшілігін консультациялық қолдау мақсатында мектептерге бару;
мұғалімдердің оқытушылық тәжірибесін жақсарту мақсатында сабақтарды бақылау;
педагог қызметінің менторингі;
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту идеясын көпшілікке тарату үшін өңір мектептері мұғалімдерінің тәжірибесін тарату бойынша іс-шараларды өткізу.
Назар аударыңыздар! Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған білім беру процесіне барлық қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:
– «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (Әдістемелік- нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік құқықтық база);
– «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдамалар мен нұсқаулықтар, Тәрбиенің тұжырымдамадық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытуға арналған тұжырымдамалық тәсілдер);
– «Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т. б.);
– «Журналдар» (Академияда басылып шығатын ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпарат: «12 жылдық білім беру – 12 – летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана»);
– «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақ қою мүмкіндігі).
Жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алуға тиіс нормативтік құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында (http://www.adilet.gov.kz) «ӘДІЛЕТ» Ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуға көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы НЗМ сайтында жүйелік-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі (smk.edu.kz сілтемесі).
Достарыңызбен бөлісу: |