Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет76/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   252
Байланысты:
дебат Office Word
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу бағдарламасына қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды.
Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:

    • сұрақ қою;

    • тірек сөздерді жазу;

    • оқиғаның түйінін жазу;

    • оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.

Шығармалар тізімі төмендегі 41-кестеде кестеде берілген:


41-кесте. «Қазақ әдебиеті» пәнінен ұсынылатын көркем шығармалардың тізімі.



5-сынып

1) «Қобыланды батыр» жыры;
2) «Қазақ ертегілері», «Ер Төстік», «Аяз би» ертегілері;
3) Әбділда Тәжібаев «Толағай»;
4) Мұхтар Әуезов «Жетім»;
5) Ыбырай Алтынсарин «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала», «Таза бұлақ» әңгімелері;
6) Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалы, «Анама хат» өлеңі;
7) Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты;
8) Сапарғали бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі;
9) Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» повесі;
10) Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым», «Мен таулықпын» өлеңдері;
11) Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі;
12) Жұмекен Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен», «Жаманыңды көрмесем» өлеңдері.

6-сынып

1) «Алпамыс батыр» жыры;
2) «Қыз Жібек» жыры;
3) Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі;
4) Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» повесі;
5) Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі;
7) Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»;
8) Мұхтар Әуезов «Көксерек»;
9) Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»;
10) Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері» өлеңі;
11) С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»;
12) Төлен Әбдіков «Қонақтар»;
13) А.С.Пушкин «Ескерткіш».

7-сынып

1) Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»;
2) Ш.Қанайұлы «Зар заман»;
3) Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны;
4) С.Аронұлы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»;
5) М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы;
6) М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы;
7) Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі;
8) М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»;
9) М.Шаханов «Сырдария»;
10) Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі;
11) Қазтуған Сүйінішұлы «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі;
12) Д.Исабеков «Әпке» драмасы;
13) Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» фантастикалық әңгімелері;
14) Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі.

8-сынып

1) Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны;
2) Рабғузи «Лұқман хакім» қиссасы;
3) Сайф Сараи «Түрікше Гүлстан» кітабы;
4) Тұрмағамбет Ізтілеудің «Адамдық іс» өлеңі;
5) Саттар Елубаев «Ақбоз үй» романы;
6) Мұқағали Мақатаев «В.А.Моцарт «Жан азасы» поэмасы;
8) Х.Ерғалиев «»Құрманғазы» поэмасы;
9) Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы;
10) Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңі;
11) Д.Исабеков «Қарғын» романынан үзінді;
12) Расул Ғазатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі;
13) С.Шәймерденов. «Битабар балуан» повесі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет