Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



бет129/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   252
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика».


Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі 72-кестеде көрсетілген.
72-кесте. «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі



Сынып


Оқу пәнінің атауы



Апталық
жүктеме

Жылдық
жүктеме

10 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

4

136

Геометрия

2

68

Информатика

2

68

10
ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

Геометрия

1

34

Информатика

1

34

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.


«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:

  • Бағдарламаның «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

  • әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;

  • есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;

  • практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

  • өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  • математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

2019-2020 оқу жылындағы 10-сынып оқушыларына арналған информатика пәнін оқыту жаңартылған мазмұны бойынша жалпы орта білім деңгейіндегі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарының информатика пәні бойынша типтік оқу бағдарламаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына 16-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 192-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 410-қосымша) және жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына 15-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 191-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 409-қосымша).
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10-сыныпта «Информатика» пәнін оқытуға бөлінген сағат саны ҚГБ бойынша 1 сағатты, ЖМБ бойынша 2 сағатты құрайды.
Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптағы информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер: дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
1. 10-сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», жаратылыстану-математикалық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Оқыту бағытына сәйкес пәннің базалық мазмұны кеңейтілген.
Бірінші. Дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан бөлімдер тақырыптармен толықтырылған. Атап айтқан:

  • «Функция, оның қасиеттері және графигі» бөліміне «Бөлшек-сызықты функция»;

  • «Кері тригонометриялық функциялар» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»;

  • «Туынды» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялардың туындылары»;

  • «Туындының қолданылуы» бөліміне «Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі»

  • «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөліміне «Үлкен сандар заңы».

  • «Ықтималдық» бөліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері».

Екінші. «Көпмүшелер» жаңа бөлімі қосылған. Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы көпмүшелер. Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу. Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер. Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет