Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Саламанка, Испания, 1994 ж



бет219/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   252
Саламанка, Испания, 1994 ж

Негізгі идеялар: білім беру саласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалар педагогикалық әдістер негізінде оларға жағдай жасауы тиіс, кәдімгі мектептерде оқуға қол жеткізуі тиіс.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
(2006 ж.) Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N 711 Жарлығы



24-баптың негізгі идеялары:
1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды. Осы құқықтарды кемсітусіз және мүмкіндіктерінің теңдігі негізінде жүзеге асыру мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейлерде инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз етеді, бұл ретте:
а) адами әлеуетін, сондай-ақ қадір-қасиеті мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін толық дамытуға және адам құқықтарын, негізгі бостандықтарын және адами алуан түрлілікті құрметтеуді күшейтуге;
b) мүгедектердің жеке тұлғасын, талантын және шығармашылығын, сондай-ақ олардың ақыл-ой мен дене қабілеттерін толық көлемде дамытуға;
с) мүгедектерге еркін қоғам өміріне тиімді қатысу мүмкіндігін беруге ұмтылады.
2. Бұл құқықты жүзеге асыру кезінде мемлекеттер:
а) мүгедектердің жалпы білім беру жүйесінен, ал мүгедек балалар – тегін және міндетті бастауыш және орта білім беру жүйесінен мүгедектігі себепті шығып қалмауын;
b) мүгедектердің өздерінің тұратын жерлерінде инклюзивті, сапалы әрі тегін бастауыш және орта білім беруге басқалармен теңдей дәрежеде қол жеткізуін;
c) жеке қажеттіліктерді ескеретін ақылға қонымды құрылғымен қамтамасыз етілуін;
d) мүгедектерді тиімді оқытуды жеңілдету үшін оларды жалпы білім беру жүйесінің ішінде қажетті қолдауға ие болуын;
e) білімді игеру мен әлеуметтік дамуға барынша жағдай жасайтын ахуалда, соған сай толық қамту мақсатындағы жеке қолдауды ұйымдастыру жөніндегі тиімді шаралар қабылдануын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметі 2015 жылы бекіткен





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет