Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні



бет143/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   252
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні
2019-2020 оқу жылы апробациясының қорытындысы бойынша жаңа оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 10-сыныптарында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі. Оқу пәні инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда болашақта өз бетінше өмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген.
Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға бейімделген.
Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес тәсілдемелерді қолданып креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұны логикалық модульдерге және төрт тоқсанға бөлінген.
«Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік» атты 1-бөлім білім алушыларды «Кәсіпкерлік және бизнес» пәнімен, қажетті терминологиямен таныстырады, экономика және тұлға құзыреттілігі призмасы арқылы кәсіпкерлік мәнін қарастырады, кәсіпкерлікті бизнес терминінен ажыратуды үйретеді.
«Замануи жағдайлардағы кәсіпкерлік» атты 2-бөлім білім алушыларды кәсіпкерліктің әр түрлі формаларымен таныстырып, заманауи кәсіпкерлікте қандай инновациялар мен трендтер бар екенін және өз ісін ашу үшін қандай қадамдар жасау керектігін біледі, стартап ұғымдарымен, бизнес-модельдерімен және стартап идеологиясымен танысады. Бұл бөлімде білім алушылар бәсекелестіктің не екенін және бәсекелестік стратегияларының түрлерін, баға қалыптастыру құрылымын сипаттауды, баға саясатының мәнін түсінуді және баға стратегияларын ажыратуды үйренеді.
«Әрекеттегі маркетинг» атты бөлім FMCG секторының нақты жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілері негізінде тауарларды жылжыту маркетингін зерделеуді қарастырады. Оқушылардың біріккен топтары нақты өндірушіні және оның сызығынан белгілі бір өнімді таңдайды. Алынған білім мен дағдыларды қолдана отырып, оқушылар жаңа тауарларды игеру немесе көлемін арттыру мақсатында өнімді баламалы жылжыту бойынша креативті идеяларды қалыптастырады.
4-бөлім «Ойлау дизайны» бизнес-шешімдерді іздеуге клиентке бағытталған дизайн-ойлау сияқты тәсілдің ерекшеліктерін қарастырады. Тоқсанның басында мұғалім ұсынған тізімнен бизнес-мәселені таңдап, оқушы дизайн-ойлау әдіснамасын: эмпатияны, талдау мен синтезді, идеяларды генерациялауды, прототиптеу мен тестілеуді қолдана отырып бүкіл тоқсан бойы жұмыс жасайды. Оқушылар өндірушілермен өзара іс-әрекет жасауда және жобалау жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Өндіруші үшін бұл әр жылдың көктемгі үш айында ақпараттың өрлеуі және өнімдерінің бүкіл Қазақстан бойынша тегін жарнамалануы. Мемлекет экономикасы үшін - бұл отандық өндірушіні қолдау.
Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Қалыптастырушы бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг өткізу мақсатында және оқу процесінде оларға қолдау көрсету үшін жүргізіледі.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу жетістіктерін бағалау ауызша, жазбаша жұмыстары мен практикалық жаттығуларды, бақылау жұмыстарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрбір тоқсан және оқу жылының қорытындысы бойынша сынып журналына «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 10 сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет