Кешкі мектептердегі білім беру үдерісі білім беру деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады:
1) негізгі орта білім (игеру мерзімі-3 жыл: 7, 8, 9-сыныптар);
2) жалпы орта білім беру (игеру мерзімі - 2 жыл: 10, 11 (12)-сыныптар).
3) Жеке оқу түрі (меңгеру мерзімі – жеделдетілген, оқу жылында 2-сыныптан).
Жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу жоспары бойынша білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады; 9 және 11-сыныптарда Үлгілік қағидаларға сәйкес қорытынды аттестаттау жүргізіледі.