«Өзін-өзі тану» оқу пәні «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті: әрбір адамның табиғатына қаланған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, мынадай тарауларда ашылады: «Ғасырлар даналығы», «Тату отбасы», «Адам болам десеңіз», «Қандай ғажап әлем!».
Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, 1-сыныпта оқу
жылында – 33 сағат; 2-4-сыныптарда оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Пән бойынша білім алушылардың білімін бағалау «Өзін-өзі тану» үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» бағасы қойылады. «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ қоюдың өлшемшарты болып табылады.