Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Шетел тілі бойынша бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау



бет59/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Шетел тілі бойынша бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау
Шетел тілібойынша оқушыларды қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері:

      • шетел тілін бесінші пән ретінде таңдаған 9-сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде тапсырады;

      • емтихан шетел тілінде алған білімдері, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастырады.

Шетел тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексикалық- грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.
Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 0-13 балл. Оқушының пәнге деген ынтасын арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға 25-30 минут беріледі.
«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңнің тақырыптары оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «Шетел тілін» таңдаған оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал одан артық болса 25 тақырыптан көп емес. Айтылым бес балдық жүйемен бағаланады.
«5» деген бағаны айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы алады.
«4» деген бағаны тақырыпты толық көлемде аша алмаса, айтылымында кідіріс бар, тіл құрылымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына еркін жауап беретін емтихан тапсырушы алады.
Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрылымы дұрыс қолданылмаса, сөздерді дұрыс айтқанымен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға
«3» деген баға қойылады.
«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден алынады. Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – (әңгіме), тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалу үшін 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген бағалармен бағаланады.
Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, сандарға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге қосымша анықтама береді, сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.
Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады.
Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін оқушыларға қойылады.
Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады. Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып табылады. Білім алушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.
Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.
Бұл ережелер қай Шетел тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.
Жоспарға енгізу үшін ұсынылатын іс-шаралар:

  1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық іс-шараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.

  2. Пән бойынша олимпиаданың мектеп ішіндегі кезеңін ұйымдастыру және өткізу.

  3. Дарынды және пәнге деген мотивациясы төмен балалармен жұмыс.

  4. Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау; Жас маманмен жүргізілетін тәлімгердің жұмыс жоспарын бекіту.

  5. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибелерімен алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы), «Lesson study» өткізу.

  6. Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.

  7. Кіріс құжаттарыменжұмыс.

  8. Мектепшілікбақылау.

  9. Әкімшілікбақылау.

  10. Біліктілік санатын жоғарылататын немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс.

  11. Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойыншаоқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларыныңмониторингі.

  12. Бірлестік мұғалімдерініңрейтингісі.

  13. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жылсоңында).

  14. Білім алушылардыңбілімдерін қорытынды аттестаттау бойыншаесеп.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелікбірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).
2018-2019 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің (математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер үш кезеңде: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып оқушыларымен өткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында оқушылар мен мұғалімдерді жаңа жаңалықтарға ынталандырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет