- Белсенді қабылдауға дайындау. Пайдаланылатын бейнематериалдарды мақсатсыз пассивті қабылдау қарапайым сабақпен салыстырғанда пайымдауын төмендетеді, себебі бұл жағдайда білім алушылар негізгі қорытындылардан және жалпылаулардан тыс қосалқы болса да әсерлі эпизодтарды еріксіз есте сақтайды. Білім алушылар бейнематериалдардан барлық қажетті ақпаратты алуы үшін бейнежазбаны қарағанға дейін олардың алдына негізгі танымдық міндеттерді анық қойып, алда тұрған оқу тапсырмалары туралы хабарлауы қажет. Бұған білім алушыларға бейнежазбаны қарағаннан кейін олар жауап беруі тиіс болатын сұрақтарды қою, осы сұрақтарды тақтаға жазу жолымен қол жеткізіледі. Егер оларға шығармашылық жұмыс орындау қажет болса, онда ертерек, бағдарламаға дейін бірнеше сабақ бұрын білім алушыларға ескертіп, қосымша әдебиет оқуға кеңес беру қажет. Сыныпта жалпы қызығушылық атмосферасын тудыру үшін түйінді мәселеге назар аудартатын қысқаша кіріспе сөз қосуға болады.
Бейнематериалдарды пайдалану кезіндегі білім алушылардың оқу қызметін бақылау және басқару.
Барлық білім алушылар назарын пайдаланылатын материалға аударғанына көз жеткізу, білім алушылар өздеріне қажетті қысқаша мәліметтерді жазып отырады (INSERT-түртіп алу тәсілін пайдалануға болады, барлық білім алушылардың аталған тақырыпта қарастырылған жұмыс пен тапсырма түрлерін орындауын қадағалау қажет). Сондай-ақ бейнематериалдарды қолдану барысында сыныптың назарын ең маңызды фактілер мен түйіндерге аударып отырған пайдалы.
Сабақта бейнематериалдарды пайдаланғаннан кейінгі білім алушылардың оқу әрекетін басқару.
Мұғалімнің педагогикалық міндеті – бейнематериалды пайдаланғаннан кейін, сабақты баяндалған ақпарат желісінің логикасына сәйкес жалғастыру. Аудиовизуалды құралдармен көрсетілетін материал мұғалім пайдаланатын ақпараттың бөлігі болып табылады. Бейнематериал мұғалімді алмастыру үшін емес, оған көмекші ретінде қолданылады, сондықтан мұғалім сабақта кері байланыстың орнын толтыруы тиіс: мысалы, бейне материал көрсетілімі аяқталғаннан кейінгі аудиториядағы пікірталаспен ұластыру. Материалды әдістемелік құралдар мен ұсынымдарға, арнайы оқулықтарға сүйене отырып, шығармашылық дамыту және толықтыру ұсынылады.
Оқытуда білім алушылар бойындағы танымдық қызығушылықты, оқу әрекетіне ынтаны дамыту әдістері жақсы танымал және кеңінен қолданылады. Аудиовизуалды технологияны пайдалану барысында оны өздігінен білім алу қызметін ынталандыру жолымен, мысалы, тапсырма таңдау мүмкіндігі арқылы жоспарлы түрде толықтырып отырған дұрыс.
Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымдарының порталы, электрондық кітапхана, білім беру ұйымын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да құраушылары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kzсайтында қолжетімді. ЭОАЖ-нің маңызды құраушысы 7511 СБР орналасқан электрондық кітапхана болып табылады.
Мұғалімдерге көмек ретінде СБР қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірленген. Олар ҚР БҒМ порталының (https://e.edu.kz/98) «Педагогтерге арналған басшылық» бөлімінде, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының сайтында: http://nci.kz орналасқан және ашық қолжетімді.
Вilimland.kz білім платформасын (www.imektep.kz; www.bilimland.kz; www.itest.kz), «Bilim Media Group» инновациялық компаниясы жасаған, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №515 бұйрығына сәйкес қолдану ұсынылған.
Платформа үш тілде берілген: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, барлық жастағы балаларға арналған курстар топтамасынан тұрады: