Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет6/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185
Н азар аударыңыздар!
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар, сабақ кестесінде көрсетілген, қайталауға берілген сағаттардың есебінен, оқу пәндерінің мазмұнына кіріктіру арқылы келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Оқу жылы барысында каникул күндері белгіленді:
1) 1-11 (12)-сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы
30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн
(2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптардағы қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).
2-4-сыныптарда пәндік нәтижелер базалық деңгейде белгіленеді, келесі сыныптарда – үш деңгейде: базалық (міндетті), 5-11 сыныптарда ілгері мүмкіндік деңгейі (таңдау пәндері бойынша 1 сағат көлеміндегі вариативті компонентті меңгеру үшін) және 8-9-сыныптарда ілгері бейіналды, 10-11-сыныптарда ілгері бейін деңгейінде (жалпы білім беру ұйымдарының пәндерді тереңдетіп меңгеру үшін оқытатын типтік оқу жоспарларының таңдалған нұсқалары).
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-2-сыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
3) ағылшын тілі;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология;
5) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 3-4, 6, 8-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі;
4) шет тілі;
5) информатика;
6) бейінді пәндер;
7) технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);
8) дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 5,7-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
3) шет тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру гендер бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ер (немесе қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ер ( немесе қыз) баладан кем емес болған жағдайда) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 33 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет