Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


 Оқу-өндірістік комбинат қызметінің қағидалары



бет28/33
Дата12.10.2020
өлшемі298,5 Kb.
#68199
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
6. Оқу-өндірістік комбинат қызметінің қағидалары

(мектепаралық, курстық)
55. Оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық) (бұдан әрі-Комбинат), жергілікті атқарушы органдармен қаржыландырылатын, оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдау арқылы қоғамдық өмірге бейімделуін қамсыздандыратын, мемлекеттік білім беру ұйымы болып табылады.

56. Комбинат «Технология» пәнін оқыту барысында негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бейімдеу, еңбекке дайындауды көздейтін қолданбалы, таңдау бойынша және қосымша оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

57.Комбинаттың қызметінің мақсаты:

1) оқушыларды еңбек және кәсіптік оқуына қажетті жағдайлар жасау;

2) кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу.

58. Аталмыш мақсаттарға жету үшін комбинат мына тапсырмаларды іске асырады:

1) оқушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;

2) оқушылардың мүдделеріне, медициналық-физиологиялық көрсеткіштеріне, бейімділіктеріне, қызығушылығына сәйкес, экономикалық білімдер негіздерін және кәсіби бағыттануды қалыптастыру, еңбекке саналы көзқарасын тәрбиелеу, нарық жағдайындағы өмір мен еңбекке дайындау;

3) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-12 сынып оқушыларының кәсіби мүдделерін айқындау, дамыту және бекіту, олардың қоғамдық пайдасы бар еңбектерін ұйымдастыру, техникалық шығармашылығын, өнертапқыштығын дамыту;

4) мемлекеттік және басқа меншік түріндегі мекемелермен келісім-шарт және өзара тиімді әріптестік негізінде өндірістік қызметті іске асыру.

59. Комбинат оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге, еңбек және кәсіби дайындауға қажетті жағдайлар болған жағдайда құрылтайшылар тарапынан қалаулары бойынша жергілікті атқару органдарымен құрылады.

60. Комбинаттың заңды тұлға құқығы жарғылық қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу құқықтары мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, ал білім беру қызметін атқару лицензия алған уақыттан бастап күшіне енеді.

61. Комбинаттың оқу процесі, бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі және сабақ кестесімен реттеледі.

62. Комбинат жалпы білім беру ұйымдарымен бірлесіп және аудандық (қалалық) білім бөлімінің келісімі бойынша оқушылардың контингентін анықтайды.

63. Комбинат білім беру қызметін мына бағыттарда жүргізеді:

1) жалпы білім беру ұйымдарының 7-12 сыныптарға арналған «Технология» пәнінің стандарттарына сәйкес;

2) жалпы білім беру ұйымдарының 9-12 сынып оқушыларын кәсіптік даярлау, кәсіптік бейімдеу жұмыстарымен қамтамасыздандыру.

64. Комбинатта өз таңдауы негізінде бейіні (бағыттағы) бойынша оқыған жалпы білім беру ұйымдарының түлектерін аттестаттау қорытындысын комбинат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатта мамандық бойынша біліктілік емтихандар жалпы білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттаудың басталуына екі апта қалғанға дейін аяқталу тиіс.

65. Комбинаттағы оқу процесінің қатысушылары - оқушылар, педагог және инженер-педагог қызметкерлер, өндірістік оқытудың шеберлері (нұсқаушылары), ата-аналар (немесе заңды өкілдер) болып табылады.

Елді мекенде комбинат болған жағдайда мектеп оқушылары сабақтарға қатысуға міндетті.

66. Оқушылардың, ата-аналардың, (немесе заңды өкілдердің) комбинат қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында және комбинаттың Жарғысында белгіленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет