Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік Үлгілік қағидалары



бет17/33
Дата05.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#25110
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік Үлгілік қағидалары


1. Жалпы ережелер

1. Осы халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.


2. Осы Үлгілік қағидалар халықаралық мәртебесі берілген халықаралық мектептерге таратылады.
3. Халықаралық мектеп – Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
4. Халықаралық мектептер қызметінің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы өзгерістерге оңай бейімделе алатын және оның дамуына сындарлы үлес қоса алатын тұлғаның интеллектуалдық, физикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін үйлесімді және перспективті білім беруді қамтамасыз ету.
5. Халықаралық мектеп білім беру процесінде қазақстандық мектептердің және халықаралық мектептік білім берудің үздік педагогикалық тәжірибесін қолдану арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізуді, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемелік жарақтандыруды, педагогикалық ұжымның тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
6. Халықаралық мектептердің қызметі мынадай қағидаттарда құрылады:
1) мектептің білім беру бағдарламасын интернационалдандыру – білім беру процесінің оқушы бойында өз халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін, мәдениетаралық түсінік пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталуы;
2) интеграция – мектептің халықаралық білім беру қоғамдастығында толық құқылы мүше болуы, мектеп бітірушілерге халықаралық үлгідегі мектепті аяқтағандығы туралы құжат алу мүмкіндігін беру, халықаралық деңгейдегі педагогті қалыптастыру;
3) академиялық еркіндік – мектептегі білім беру құрылымын (деңгейлерін) таңдау, білім беру бағдарламаларын, білім беру қызметін жүзеге асыру нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу дербестігі;

  1. автономдылық және өзін-өзі басқарушылық – қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқарудағы дербестік;

  2. жариялылық және транспаренттілік – мектепті Халықаралық Бакалавриат ұйымының білім беру бағдарламаларын халықаралық авторландырудан және/немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден міндетті өткізу, мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы, қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;

  3. әлеуметтік жауапкершілік – мектеп бітірушілеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін білім беру деңгейін қамтамасыз ету.

7. Халықаралық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, құрылтайшының (құрылтайшылардың) жергілікті құжаттарын, осы Үлгілік қағидаларды және мектеп Жарғысын басшылыққа алады.
8. Халықаралық мектеп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, жеке тұлғаның денсаулығын сақтауды және жан-жақты дамуы үшін, оның ішінде өздігінен оқуда және қосымша білім алуда білім алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
9. Халықаралық мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны құрылтайшының (құрылтайшылардың) шешімімен анықталады.
10. Халықаралық мектепте саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет