3. Лауазымдық міндеттері
Дефектолог мұғалімнің міндеттері:
3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу.
3.2. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға көмектесу. Түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету.
3.3. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының құрылымы мен байқалу айқындығын анықтау, тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу.
3.4. Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау, бастапқы зерделік немесе сенсорлық бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу, зерделік және сенсорлық бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете дамыту жұмысын жүргізу.
3.5. Балаларды ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу.
3.6. Сабақ өткізу үшін мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психофизикалық, сенсорлық және зерделік жағдайын, олардың жас шамасын есепке ала отырып, топтарды жинақтау.
3.7. № ... ОБМ-інде жүргізілетін қолдау үдерісі мен түзете білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің (әкімшілік, педагогтар ұжымы, ата-аналар) және оқушылардың арасында делдал болу.
3.8. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың замануи білім беру кеңістігінде бейімделу жобаларын жүзеге асыру саласындағы № ... ОБМ-інің болжалдық мүмкіндіктерін талдау.
3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру:
- мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру;
- педагогтардың арнайы педагогика және психология саласындағы кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар;
- мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын түзету жұмысының
үдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету;
- оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру;
- оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі;
- мектеп практикасындағы инклюзивтік білім беру саласындағы қабылданған шешімдерді орындау.
3.10. Әзірлеу және пайдалану:
- оқушылардың даму бұзылыстарын жеңуге бағытталған түзете дамыту жұмысының апробацияланған және авторлық бағдарламасын, сабақтар циклын;
- мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен қолдаудың жеке бағдарламаларын;
- мектеп және жанұя жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға
арналған ұсынымдар.
3.11. № ... ОБМ-інің және жанұялық тәрбиелеу жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың бұзылыстарын жеңу бойынша түзету жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабарлау мақсатында білім беру үдерісіне қатысушылармен (педагогтар мен ата-аналар) кеңес беру жұмысын жүргізу.
3.12. Қатысу:
- әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне;
- тәжірибелік-эксперименталдық әрекеттерге;
- Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналықпедагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына;
- ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинар-практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.).
3.13. Балаларды тексеруге және түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар.
3.14. Қажетті құжаттамаларды, аналитикалық-статистикалық есепті (тексеру мен жүргізілген түзету сабақтарының нәтижелерін бейнелейтін, берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, ПМПк үшін балаларды тексеру және түзету жұмысы нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау.
3.15. Өзінің кәсіптік жұмысын орындағанда № ... ОБМ-інің жарғысын, еңбекті қорғау ережелері мен нормасын сақтау, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі ережелерін орындау.
3.16. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.
4. Құқықтары
Дефектолог мұғалімнің құқығы:
4.1. № ... ОБМ-інің әкімшілігінен өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауға, кәсіпптік міндеттерін табысты орындауға қажетті жағдай туғызуды;
№ ... ОБМ-інің директорынан өзінің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету.
4.2. Оқушылардың зерделік және сенсорлық дамуларының деңгейін, аталған бұзылыстардың ерекшеліктерін анықтауға байланысты оқушыларды тексеру.
4.3. Оқытудың тиімді құралдарын, формалары мен әдістерін таңдау, бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысы бойынша апробацияланған және авторлық авторлық әдістемелерді әзірлеу және қолдану.
4.5. Қатысу құқығы:
- № ... ОБМ-інің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасын, концепциясын әзірлеуге, Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің бағдарламасын және жоспарлауға;
- сәйкес келетін нормативтік құжаттарды (ППҚ қызметінің атқарымы, құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге;
- дефектолог педагогтардың қалалық және облыстық семинарларына, жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға.
4.6. Өзінің жұмысын жинақтай, тексерілген ақпараттарды пайдалана отырып, ғылыми және белгіліғылыми басылымдарда жариялану.
4.7. Кәсіптік біліктілігін арттыру, өз еркімен сәйкес келетін біліктілік санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда оны алу.
5. Жауапкершілігі
5.1. Дефектолог мұғалім мына жұмыстарға жауапты болады:
- тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық
ережелерді сақтауға;
- баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін;
- түзете білім беру үдерісін жүргізу кезінде баланың өмірі мен денсаулығы үшін;
- құжаматтама жүргізу және оны сақтау;
- тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын сақтау;
- баланы тексеру кезінде (өзінің құзыретінің аясында) негізделмеген тұжырымдама жасау, оның салдарынан баланың дене және психикалық денсаулығының нашарлауы және әрбір баламен жүргізілетін түзету жұмысы нәтижесінің төмендеуі үшін;
- оқу жоспарына және оқу үдерісінің кестесіне сәйкес түзете білім беру бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |