Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту ресурстары
3.4.Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі 2.2.Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді
1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі
Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары
(К, Б) «Үлкен болып өсеміз»
Б.қ. – о.с.
1–2 – қолдар екі жаққа, жоғары, жоғары созылып, аяқ ұшына тұру, – тыныс алу;
3–4 –аяқты тізеде бүгіп, қолдарды төмен жіберіп, алға қарай иілу – дем шығару.
«Ермексазды илейміз»
Б.қ. – қолдар алға, саусақтар алшақ ашылған.
1 – саусақтар жұдырық болып түйіледі;
2 – саусақтар алшайған.
«Гармон»
Б.қ. – о.с.
1–2 – отырыңқырап, алға қарай иілу, қолдар тізе үстіне бірінің үстіне бірі қойылған – дем шығару;
3–4 – жоғары көтеріле, қолдарды екі жаққа жаю, еңкею – тыныс алу.
«Көбелек»
Б.қ. – алақанды жоғары көтеріп, қолдарды екі жаққа жаю.
1–2 – алақанды ішке қаратып, қолдарды жоғары көтеру;
3–4 – б.қ., бірқалыпты тыныс алу.
«Сұр жылан»
Б.қ. – о.с.
1–2 – алға еңкею, тізені ұстап, төмен отыру, шынтақтар екі жаққа – дем шығару;
3–4 – б.қ. – тыныс алу.
«Қоңырау»
Б.қ. – қолды белге қою. Қолды жоғары екі жаққа көтеріп, қоңырауды елестетіп, шынтақтан сілкіп жіберу.
«Киім тазалаймыз»
Б.қ. – аяқтар алшақ қойылған, қолдар кеуде тұсында сәл бүгілген. Киім тазалауды көрсету.
(Б, Ж) "Жылғадан өт" еліктеу ойыны
Оқушылар жылғадан тастан тасқа секіріп өтіп жатқан тышқандардың қозғалысын келтіреді. Оқушылар адымдап тастардың үстімен бірінің артынан бірі жүреді. Сүрініп қалған оқушы – ойыннан шығады.
Еліктеу жаттығулары оқушыларға өз денелерін басқару дағдыларын меңгеру үшін өте қажет. Олар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақ үстінде қолданып тұрған терминологияны бірден түсінбейді. Соған қарамастан, олардың жақсы бейнелі ойлауы болады. Оқушылардың нақты атауы бар және атаулы ассоциацияларды көрсететін жаттығуларды жақсы еске сақтап, меңгеріп алатындығын өздеріңіз тексеріп көріңіз.
Жабдық бойынша дифференциация: ойынға жарамды болып келетін кез келген затты қолдануға болады (мысалы, қағаз).
Кең алаң.
http://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/fizkultura/2014/06/30/imitatsionnye-uprazhneniya - ресурс (еліктеу ойындары)
Бос үлкен кеңістік, қол астындағы жабдық.
2.8.Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді
1.4.Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды
1.2.8.8. Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін білу және басқаларының рөлін анықтап тани бастайды
1.1.4.4. Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі
Тірек қимыл жаттығуларын дамыту
(К, Б)"Машинаға арту"эстафетасы
Балалар қолдары белде, арқалары түзу, жалаң аяқ тұрып, бақайларымен бір-біріне таяқшаны беріп тұрады, соңғысы машинаға артады. Күрделілендірілген нұсқа: екі команда сайысады.
(Б, Ж) "Гүл алаңқайы". Қатты матаға әр түрлі заттар тігіледі (түймелер, пластмасса гүлдер, санамақ атяқшалары, т.б.). Оқушылар «алаңқайға» кезекпен-кезек келеді де, жалаң аяқтарымен матаға тігілген заттарды басады.
(Б) Оқушылар "Балықтар мен акулалар" деген ойын ойнайды. «Акула» - жүргізушіні таңдайды, қалған балалар – «балықтар» болады. «Бір, екі, үш – ұста!» деген белгі бойынша «балықтар» залға шашырап қашады, алжүргізуші оларды арқасынан түртіп, «ұстайды». Акуланың қуғынынан құтылу үшін ойыншы залдың кез келген жерінде тоқтай қалып, дұрыс сымбат күйін таңдап тұрады.
(Б)«Бас пен құйрық» ойыны. Ойынның барлық қатысушылары (10-20 адам) бір-бірден сапқа тұра қалады.
Әрбір ойыншы алдындағы ойыншының белінен ұстайды.
Бірінші ойыншы – ол «бас», ал соңғысы – «құйрық».
Мұғалімнің белгісі бойынша «бас» «құйрықты» қуып жетуге тырысады.
Белгілі бір уақыттан кейін командалар орын ауыстырады.
Дұрыс сымбат машықтарын қалыптастыру, бұлшықет жүйесін қатайту, жүру кезінде табанның дұрыс тұрысын жаттықтыру, майтабандықтың алдын алу үшін табанның бұлшықеттері мен сіңірлерін нығайту, дұрыс сымбатқа қатысты саналы көзқарасты қалыптастыру. 1.Тек қана «Ұста!» деген белгіден кейін ғана шашырап қашуға болады. 2. Егер тоқтап, ойыншы дұрыс сымбат күйіне ене алмаса, жүргізуші оны «ұстайды». 3. Қолға түскен «балықтар» қабырғаға барады да, залға арқасымен тұрып, дұрыс сымбат күйіне енеді (өкшелері, балтыр бұлшықеттері, бөкселері, жауырындары, желкелері қабырғаға тиіп тұрады, қолдар алға қарай созылған алақандармен төмен түсіп тұрады).
Егер «бас» белгіленген уақыт ішінде «құйрықты» қуып жетсе, екеуі саптың ортасына барып тұрады, ал егер де жетпесе, онда тек қана «бас» барады.
Басқа команданы көп рет қуып жеткен команда жеңіске жетеді.
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, машиналар, таяқшалар, қарындаштар, фломастерлер.
Майтабандық профилактикасы үшін арнайы даярланған не қол астындағы материалдан жасалған жолдар.
2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге дағдыларын біледі және түсінеді
2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды
1.2.3.3. Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды біледі және бөліседі
1.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау
Доппен ойын
(Б, Ж)«Қолдың шапшаңдығы». Оқушы допты көкке лақтырады да, доп ұшып келе жатқан кезде, шапалақтайды. Содан кейін ол допты ұстап алып үлгерсе, тағы да лақтырады да, шапалақтап отырып, допты қағып алады.
(Б)«Көршіге доп» ойыны. Қатысушылар шеңберге тұрады, доптар шеңберге қарама-қарсы жатады. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар допты бір бағытта бірінен соң бірін барынша жылдамырақ жібере бастайды. Бір мезгілде қолында екі доп болып қалған ойыншы жеңіліске ұшырайды. Содан кейін доптар қарама-қарсы жаққа жіберіле бастайды да, ойын жалғаса береді.
Оқыту бойынша дифференциация: тапсырманы қиындатуға болады. Мысалы, ойыншы өз осінде бір айналып, шапалақ ұрып, бір аяқпен сеіріп қана допты ұстау керек.
Ойыннан кейін допты жақсы тасымалдаған ойыншылар бағаланады. Допты түсіріп алған ойыншы допты көтеріп, өз орнына тұрып, ойынды жалғастыра беруі керек. Допты тасымалдаған кезде, ойыншыларды өткізіп жіберуге болмайды.
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, әрбір оқушыға арналған доп..
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, 2 волейбол добы.
2.1. Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді 2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады
1.2.1.1.
Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын біледі және түсінеді
1.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады
Секіртпемен орындалатын ойындар
(Б, Ж) Әрбір оқушы секіртпемен келесі жаттығуларды жеке орындайды:
6 рет – бір мезгілде екі аяқпен секіртпеден кәдімгідей секіреміз, секірптені алға айналдырамыз.
5 рет – секіртпеден аяқты ауыстырып секіреміз, сол кезде секіртпемен бір өзіндік «жүгіру» шығады.
4 рет – секіртпеден оң аяқпен секіреміз.
3 рет - секіртпеден сол аяқпен секіреміз
2 рет – секіртпеден кәдімгідей секіреміз, тек осы жолы секіртпені артқа айналдырамыз.
(Б, Т)«Кім алысырақ?» ойыны. Мұғалімнің бірінші белгісі бойынша оқушылар әрбір қадам сайын секіртпеден секіріп, жүгіре бастайды, екінші белгі бойынша (20-30 секундтен кейін) тоқтайды. Алға озып шыққан оқушы жеңіске жетеді.
Ойынның басқа нұсқасы: ойын алаңында 3-4 м ара қашықтықта екі параллель сызық сызылады: старт және финиш сызығы. Старт сызығында секіртпе ұстаған 2-4 оқушы тұрады, олар белгі бойынша секіртпемен жүгіре бастайды. Финиш сызығын бірінші болып кесіп өткен оқушы жеңіске жетеді.
(Т, Ф) Мұғалім оқушыларды екіге бөліп, секіртпемен ойын ойлап табуды ұсынады. Осыдан кейін топтар бір-біріне ойындарын көрсетіп, оларды ойнайды.
Секіртпе пайдаланылған жаттығулар мен секірулер дене бұлшықеттерін қатайтуға себеп болады, ағзаның тыныс және жүрек-қантамырлық жүйелеріне оң әсер етеді, мүсінді бекітіп, қозғалыс тепе-теңдігі мен үйлестіруді жақсы дамытады.
Белгі болмай жатып, жүгіруді бастауға болмайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» пайдалануға болады.
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, секіртпелер.
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, секіртпелер Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, секіртпелер
Дене шынықтыру Бастауыш мектеп1-сынып
7-бөлім: Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім
Оқушыларда «Дене шынықтыру» пәні бойынша алдыңғы бөлімдерді оқудан жинақталған және дамыған бірнеше коммуникативтік және шығармашылық дағдылары болады.
Контекст
Бұл бөлімде басты назар ойын іс-әрекетін өткізу және дене мен заттар қозғалысының қатысуымен оқушыларда коммуникативтік дағдыларды дамытуға бөлінеді. Оқыту ойын және сайыс түрінде өткендіктен, коммуниктаивтік дағдылардың әр түрлі аспектілері дамытылады.
Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.
Тілдік мақсаттар
Пән лексикасы және терминология
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері
Оқушылар:
«Дене шынықтыру» пәнінде коммуникативтік, шығармашылық дағдылар не екендігі туралы түсініктерін талқылайды және көрсетеді
әділ ойын, ережелер, сайыс, ынтымақтастық;
көшбасшы, қатысушы
шапшаңдық, тепе-теңдік, үйлестіру, жылдамдық, реакция уақыты
жануарлар және олардың рөлдері туралы ойындар: мысық, тышқан, тиін, жаңғақ, жокей, жабайы жылқы, қолтырауын, қарға
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздер үйлестіру деген не екендігін білесіздер ме?
Сіздердің ойларыңызша, шапшаңдық деген не?
Олар ойынды жеңуі үшін, оларда не сәтті шығуы керек?
Сізге ойынсерігіңіз көмектесе алды ма және қаншалықты барлығы әділ ойнады?
... не үшін екенін айта аласыздар ма?
Бізге не үшін ойнау қажет екенін айта аласыз ба?
Бізге ойындарда ережелер не үшін қажет екендігін айта аласыз ба?
Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу
Бастапқы оқытудың ішіне шағын топтарда коммуникативтік дағдыларды жетілдіру үшін ойынсерікпен жасалған жұмыс кіреді. Оқушылар бірімен-бірі бірігіп жұмыс істейді, рөлдермен ауысып, ойын ережелерін орындайды. Осы бөлім аясында оқушылар шығармашылық және коммуникативтік дағдыларды белсенді қозғалыс іс-әрекеті арқылы жетілдіреді.
Оқу бағдарламасына сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту ресурстары
3.4.
Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
2.8.
Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді
1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау
1.2.8.8. Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін білу және басқаларының рөлін анықтап тани бастау
Қауіпсіздік ережесі
Ойын арқылы шығармашылық қабілеттер
(Т, Б)«Сөзді жина»ойыны
Сынып екі командаға бөлінеді. Мұғалім әрбір командаға үш әріптен тұратын «Доп» пен «Гол» деген карточкалар таратады. Ойыншылар еденде өз денелерінен сөз құрулары қажет. Дайындыққа шамамен 3-5 минут беріледі. Осыдан кейін әрбір команда өздерінің тапсырмаларын көрсетеді, ал басқа команда сөзді оқуы қажет.
(Б) «Жырадағы қасқырлар»
Екі жүргізуші – «қасқырлар» - жырада тұра қалады, ал қалған ойыншылар – «лақтар» - үй сызығының артындағы алаңның бір жағына тұрады. Оның басқа жағында жайылым сызықпен белгіленеді.
Мұғалімнің белгісі бойынша «лақтар» үйден қарама-қарсы жайылымға жүгіріп, жолай жырадан секіріп өтеді. «Қасқырлар» жырадан шықпай, барынша көп «лақтарды» ұстауға тырысады. Сол үшін «қасқырларға» жеңіс ұпайлары беріледі.
3-4 жүгіргеннен кейін (келісім бойынша) жаңа «қасқырлар» таңдалады да, ойын қайтадан басталады. Бірде-бір рет қолға түспеген «лақтар» мен көп ұпай жинаған «қасқырлар» жеңіске жетеді.
Сұраңыз: сіздер өздеріңіздің ойынсеріктеріңізге сенесіздер ме? Әрбір ойындар сіздің әлеуметтік дағдыларыңызды қалайша дамыта алады? Ойынды қиын қылу үшін оны қалай өзгертуге болады? Сіздің командаңыз бірге жақсы жұмыс істеу үшін сіз қалай жәрдем бере аласыз?
Алаңның ортасына бір-бірінен ара қашықтығы 70-100 см параллель екі сызық өткізеді. Бұл дәліз – жыра. Оны аса апарллель сызықтармен өткізбесе де болады, бір жағын тар, екінші жағын кең етсе болады.
1.2.Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды 2.4.Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды
1.1.2.2.
Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу
1.2.4.4. Таңдалған дене жаттығуларын орындау кезінде қарапайым ережелерді және құрылымдық тәсілдерді атап өту және пайдалану
Коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары
(Б) «Едендегі доп» ойыны
Ойыншылардың барлығы шеңбер құрады. Екі оқушы шеңбердің ортасына тұрады. Шеңберді қоршап тұрғандар бір не екі тізелеріне тұрады. Оларда бір волейбол добы. Жүргізушілер беттерін допқа бұрады.
Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар допты еденде домалатып, жүргізушілердің аяқтарына тигізуге тырысады. Жүргізушілер шеңбердің ішінде доптан қашып, секіріп тигізбей қашады. Егер де ойыншылардың бірі жүргізушілердің аяқтарына доп тигізсе, өзі соның орнын алмастырып, жүргізуші оның орнына келеді.
Бірде-бір рет жүргізуші болмаған ойыншылар жеңеді.
(Б, Жж) «Соқыр мен жетектеуші»
Балалар жұпқа бөлінеді: «соқыр» және «жетектеуші». Біреуі көздерін жұмады, ал екіншісі оны зал мен алаңда жетектеп, әр затты түртуге рұқсат береді, басқа жұппен соқтығысып қалудан сақтайды, олардың қозғалыстары туралы тиісті түсініктемелер береді. Содан кейін қатысушылар рөлдермен ауысады.
1.Ойын белгі бойынша басталады.
2.Аяғына доп тиген жүргізуші бірден өзіне доп тигізген ойыншының орнына отыра қалады.
3.Тізеден жоғары тигізуге болмайды.
Сұраңыз: Кім өзін сенімді әрі берік сезінді, кімде өзінің жолдасына толық сену сезімі оянды? Неліктен?
Кең алаң, волейбол добы..
http://www.studfiles.ru/preview/3551035/
2.5.Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды 2.6.Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады
1.2.5.5.
Өзінің шығармашылық тапсырмалары-ның күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау
1.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысу және пайдалану
Ойынға шығармашылық идеялар
(Б, Т) «Тышқан қақпан»
Оқушылар құрамы бойынша бір-біріне тең емес 2 топқа бөлінеді. Кішігірім топ қол ұстасып, шеңбер құрады. Олар тышқан қақпанды бейнелейді. Қалған ойыншылар (тышқандар) шеңбердің сыртына тұрады. Тышқан қақпанды бейнелеген оқушылар шеңберді айналып жүріп, былай дейді:
Әй, тышқандар қажытты,
Кеміріпті азықты.
Абайлаңдар, тышқандар,
Ашу қысқан жандар бар.
Біз тұзақты құрамыз,
Көздеріңді құртамыз!
Оқушылар тоқтай қалып, қысып ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, қақпаны бейнелейді. Тышқандар қақпанға жүгіріп кіріп, жүгіріп шығады. Мұғалімнің белгісі бойынша шеңберде тұрған оқушылар қолдарын түсіріп, отыра қалады, демек, қақпан жабылды. Шеңберден жүгіріп шығып үлгермеген тышқандар қолға түсті дегенді білдіреді. Қолға түскен ойыншылар шеңберге тұрады, қақпан ұлғая түседі. Ойыншылардың көбі ұсталғанда, оқушылар рөлдермен алмасады.ойын жалғасады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
(Б)«Бақшадағы қояндар» ойыны
Екі шеңбер сызылады: біреуі екіншісінің сыртында (диаметрлері 1-2 м және 3-4 м) – бұл «бақша». «Күзетші» бақшаның ішкі шеңберінде тұрады. «Қояндар» бақшаның сыртқы шеңберінде тұрып, екі аяқтап не ішке, не қайта сыртқа секіреді. Белгі бойынша күзетші бақша ішіндегі қояндарды сыртқы шеңбердің шекарасына дейін қуып аулайды. Ұсталған ойыншылар шетке кетеді. Қояндардың барлығы ұсталған кезде, жаңа күзетші таңдалады да, ойын қайта басталады.
Мұғалім оқушылардың қарым-қатынасын бақылайды. Сұраңыз: Бізге ойындарда қауіпсіздік шаралары туралы неге хабардар болу керек екендігін айта аласыз ба? Сіздің тобыңыз жақсы жұмыс істеу үшін сіз қалай көмектесер едіңіз? Сіз тобыңыздың табысын қалайша арттырар едіңіз?
Сұраңыз: Оларды қолға түсірмеу үшін, олар нені жақсы істеу керек? Бізге ойын ережелері не үшін қажет екендігін айта аласыз ба? Сіз ойын ережелерін ұстандыңыз ба?
1.6.Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді
1.1.6.6. Қарапайым, өзгертілген дене жаттығуларын орындау кезінде туындауға мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды білу
Жеке қозғалыс белсенділігі
(Б)«Аққу-қаздар» ойыны
Алаңның (залдың) бір жағында «қазхананы» бөліп тұрған сызық өткізіледі. Залдың (алаңның) ортасында ені 2-3 м дәлізді жасайтын («таулар арасындағы жол») төрт сәкі қойылады. Алаңның басқа жағында төсеніштер жайылады – олар «таулар». Екеуден басқа (олар қасқырлар) ойыншылардың барлығы қазханаға тұрады (олар қаздар). Таудың артына шеңбер сызылады – «апан», онда екі «қасқыр» отырады.
Мұғалім «Аққу-қаздар, алаңға!» деп айтады. «Қаздар» «тау жолымен» «алаңға» барады да, сонда қыдырады. Содан кейін мұғалім айтады: «Аққу-қаздар, үйге қайт, ар жақтан қасқырлар жақындап қалды!» «Қаздар» өздерінің «қазханаларына» «тау жолы» - сәкілердің арасымен қаша жөнеледі. Арғы таудан «қасқырлар» қуа жөнеледі. Ұсталғандар тоқтайды. Қолға түскендерді санап шығады да, «қаздарды» өздерінің үйіріне жібереді. Екі рет ойнайды, сосын мүлдем қолға түспегендерден жаңа екі «қасқыр» сайлайды. Осылайша, ойын 2-3 рет өткізіледі, содан кейін бірде-бір рет қолға түспеген «қаздар» мен көп қолға түсірген «қасқырлар» бағаланады.
1. «Қасқырлар» «қаздарды» «қазханаға» дейін қуады. 2. «Қасқырлар» «қаздарды» тек қана «таудың арғы жағында» деген сөздерден кейін ғана қуады. 3. Сәкілерден аттап секіруге не олардың үстімен жүгіруге болмайды.
Кең алаң, ойынға қажетті жабдық.
М.Н. Жуков. Қозғалыс ойындары.
Дене шынықтыру Бастауыш мектеп1-сынып
8-бөлім: Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім
Оқушылар осы пәннің алдыңғы бөлімдерін оқыту барысында меңгерілген денсаулық туралы негізгі білімдері мен түсініктерін қалыптастырады.
Контекст
Осы бөлімде оқушылар әр түрлі дене жаттығуларына қатыстырып, денсаулық туралы білім мен түсінікті алады.
Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі берілген бөлім пәнінің оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін төменде берілген.
Тілдік мақсаттар
Пән лексикасы және терминология
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері
Оқушылар:
физикалық белсенділікпен байланысты денсаулық концепциясын сипаттап талқылайды
ширату, босату
оттегі, бұлшықеттер, жүрек қағысы, дене температурасы, тер, төзімділік
жүгірудің әр түрі
дене мүшелері
энергиялық керу
қатер
асылу, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау, секіру
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздің бұлшықеттеріңіз керілуге арналған жаттығуларынан кейін өздерін қалай сезінеді?
Біздің жүргеіміз бен өкпемізді ауыр жұмыс істететін жаттығуларды не үшін орындауымыз керек? Осыған ұқсас одан да көп жаттығуларды үйде орындай аласыз ба?
Жүгіруден кейін сіздің жүрек қағысыңыз неліктен жылдам екендігін айта аласыз ба?
Дене жаттығуларына дейін ширатуды жасап, аяғында боастуды жасаудың неге маңызды екендігін айта аласыз ба?
Басқа да тілдік мақсаттарды қою және академиялық тілді оқытуға қатысты болатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу
Оқушылар денсаулықты нығайтатын бірнеше физикалық іс-әрекеттерді топпен және жұппен жасайды. Жеке жаттығулар денсаулық концепциясын жалпы түсінумен қатар төзімділік пен күшті дамытады. Оқушылар ширату мен босату жаттығуларының маңыздылығын соларға қатыса отыра және қозғалыстардың олардың денелеріне тигізетін әсеріне ой жүгірте ұғынады. Ашық далада өткізілетін жаттығуларға оқушыларды қосу мүмкіндігі барлық іс-әрекетке кіріктірілген.
Оқу бағдарламасына сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту ресурстары
3.4.Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсінеді
1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау
1.3.1.1. Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.
Ашық ауада физикалық қозғалыс
(К, Б, Ф) «Жылдам орындарыңа отырыңдар» ойыны
Балалар сапқа тұрады да, алдында тұрғандардың иықтарына қолдарын қояды. Мұғалімнің «Серуендеңдер!» деген бұйрығы бойынша олар жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Сосын «Жылдам орындарыңа отырыңдар!» деген екінші бұйрық бойынша олар бастапқы қалыпқа отыра қалады. Өзінің орнына бірінші болып отыра қалатын ойыншы жеңіске жетеді. Бастапқы қалыптар әр түрлі болуы мүмкін, ойыншыларды отырғызып, екі сапқа тұрғызуға болады немесе әрбірі қолдарын алдында тұрған оқушылардың иықтарына қояды, т.б. (Т, Ф) “Жергілікті жердегі командалық эстафета” эстафетасы.
Ойынның сипаттамасы: оқушылар екі командаға бөлінеді. Осыдан кейін екі команда эстафета өтетін жергілікті жерді, сонымен қатар, өту қажет болатын бөгеттерді қарастырады. Мүмкіндік бойынша әрбір кезеңге қазы қойылады. Содан кейін командалар жеребе тартып, команданың біреуі стартқа шығады. Финиш соңғы ойыншы бойынша анықталады. Содан кейін екінші команда алға шығады. Қос команданың қорытындылары секундомермен анықталады да, эстафета соңында айыптық ұпайларды ескере отырып салыстырылады.
Бөгеттер арасында командалар жүгіріп қозғалады.
Адам денсаулығына дене жаттығуларының маңызы туралы әңгіме-дүкен құру.
Дене жаттығуларынан кейін оқушылармен олардың көңіл-күйі мен хал-жайы туралы әңгімелесу.
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, секундомер
Өткізу орны: мектепті қоршаған алаң. Мұғалімге арналған ысқырғыш, секундомер,.
http://festival.1september.ru/articles/417724/
1.3.Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды
1.1.3.3. Дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы білу
Жылдамдық күш пен ептілік
(Б) «Қағып алғыштар» (ленталармен)
Арқаларына лента тағылған оқушылар шеңберде тұрады. Шеңбердің ортасында жүргізуші – «қағып алғыш» жүреді. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар қаша жөнеледі, ал «қағып алғыш» олардың ленталарын тартып алу мақсатымен қуады. Лентасынан айрылып қалған оқушы ойыннан шығады. Ойында барынша ұзақ қолға түспеген ойыншы жеңіске жетеді. Ойын соңында жаңа «қағып алғышты» таңдайды.
Сұраңыз: осы ойында жүректен басқа қандай дене мүшесі қызмет етеді? (мысалы, үлкен бұлшықет). Әр апта сайын бұлшықеттің әр түрлі топтарын дамытатын дене жаттығуларын не үшін орындау маңызды? Ойын түрінде өтетін осындай энергетикалық дене жаттығулары сіздің көңіл-күйіңіз бен хал-жайыңызға қалай әсер етеді? Оқушылардың денсаулық ұғымын түсінуін сұрақтар мен жауаптар арқылы бағалаңыз.
Кең алаң. Оқушылардың санына байланысты ленталар.
1.5.Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін негізгі қозғалыс әрекеттерін бағалауды дамытады.
1.1.5.5. Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды білу және орындай алу
Секіруді дамыту үшін тапсырмалар
(Ж, Т)«Қармақ» ойыны
Ойынға бір ұшына асбұршақпен не құммен толтырылған қапшық байланған ұзындығы 3-4 м жіп керек. кейбірде ойынға қарапайым секіртпені пайдаланады. Бұл – «балықшы» (жүргізуші) «балықтарды» (қалған оқушылар) аулайтын қармақ. Барлық ойыншылар шеңберге, ал жүргізуші жіппен шеңбердің ортасына тұрады.
1 нұсқа: Жүргізуші қармақтың қапшық байланған ұшын оқушылардың аяқтарының астынан айналдыра бастайды. Олар қапшықтың бағытын бақылап отырады да, өздеріне тигізбеу үшін секіріп отырады. Қапшық не жіп тиген оқушы ортаға барып, «қармақшының» рөлін алады, ал бұрынғы жүргізуші оның орнына барады.
Соңғы болып қалған екі-үш ойыншы жеңеді.
2 нұсқа (командалық): Шеңберде тұрған ойыншылар бірінші-екінші болып санайды да, сәйкесінше командалар құрайды. Жүргізуші (1 нұсқадағыдай) сол баяғы. Жіп тиген ойыншы қолдарын көтереді, ол өз тобына айыптық ұпай әкеледі. Әрбір қатеден кейін дауыстап есеп айтылады.
Ойынның 2-4 минутінен кейін аз айыптық ұпайлар жинаған команда жеңіске жетеді.
Ойынның ережелері: 1. Жіп ойыншының жіліншігінен төмен тиген кезде, ойыншы ұсталды деп саналады. 2. Секірген кезде ойыншыларға жүргізушіге жақындаңға болмайды. 3. Жіп тиген ойыншы ойыннан ұшады.
Кең алаң, ойындарға қажетті жабдық.
М.Н. Жуков. Қозғалыс ойындары.
2.5.Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды
2.2.Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді
1.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау
1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін білу
Эстафета және қозғалмалы ойындар
(Б) «Емен жаңғағы, шырша бүршіктері, жаңғақтар»
Ойыншылар ортасында жүргізушісі бар шеңберді құрайды да, үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап тұрады. Мұғалім барлық оқушыларға атау береді: үштіктегі біріншілерге – (шырша жаңғақтары», екіншілерге – «емен жаңғақтары», үшіншілерге – «жаңғақтар».
Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады. Бірде-бір рет жүргізуші болмаған ойыншылар жеңіске жетеді.
(Т)«Допты сапта бас үстінен өткізу» ойыны
Ойыншылар 2-4 командаға бөлініп, сап түзейді де алға созылған қолдың қашықтығында тұрады. Белгі бойынша алда тұрған команда капитандары допты бастарынан өткізіп, артта тұрғандарға береді, ал олар соңғы ойыншы алғанға дейін артқа жібереді. Допты алған соң, соңғы ойыншы саптың алдына жүгіріп шығып, допты басынан асырып артқа жібереді. Ойын капитан қайтадан алға шығып, допты басынан көтергенге дейін жалғасады. Ойынды бірінші болып бітірген команда жеңіске жетеді. Ойын барысында допты артқа лақтыруға болмайды, оны бастан асырып, арттағы ойыншының қолдарына беру керек. егер қатысушы допты түсіріп алса, өзі қайтадан көтеріп, сапқа тұрып жалғастыруы қажет. Ойынның басқа нұсқасында доп айқара ашылған аяқтың астынан қолдан қолға жіберіледі немесе оны аяқ астында саптың соңына дейін домалатуға болады.
Шақырылғандарға бір орында тұруға тыйым салынады. Ойыншылардың басқа үштікке жүгіріп кетуге құқығы жоқ.
Ойын ережелері: 1. Ойын тек қана мұғалімнің белгісі бойынша басталады. 2. Дпты бастың үстінен ғана өткізу керек. 3. Дпты түсіріп алған ойыншы оны көтеріп, сапқа қайта тұруы қажет. 4. Әрбір бұзушылық үшін айыптық ұпайлар беріледі.
2 нұсқа. Аяқты алшақ қойып, допты астынан да беруге болады.
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш.
Кең алаң, мұғалімге арналған ысқырғыш, доптар.
http://www.fizkult-ura.ru/sci/mobile_game/11
Қысқа мерзімді жоспар Сабақты жоспарламас бұрын, орта мерзімді жоспарға жүгінген жөн. Сабақтың жоспарын ұсынылған үлгінің түрінде жасауға болады.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Мектеп:
Күні:
Мұғалім аты-жөні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
Сабақ мақсаты
Сабақ мақсаттарын белгілеп алыңыз. Олар оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе ОМ ұзақ мерзімді сипаты жағдайында нақты осы сабаққа бейімделуі мүмкін (ОМ қол жеткізу үшін бірнеше сабақ қажет болған жағдайда)
Жетістік критерийлері
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін табыс критерилерін көшіріп алыңыз.
ҚБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін табыс критерилерін өзіңіз құрастырыңыз.
Тілдік мақсаттар
Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.
Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркестер мысалдарын белгілеңіз. Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Құндылықтарды дарыту
Кіріктірілген оқу бағдарламасынан осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған құндылықтарды, сондай-ақ ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.
Ықтимал пән аралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз не дереккөздерге жүгініңіз
Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)
АКТ пайдалану дағдысы
Оқушылар осы сабақта АКТ пайдаланудың қандай дағдыларын дамыта алатындығын көрсетіңіз
Алдыңғы меңгерілген білім
Оқушылар бұрыннан не біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)
Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыруға
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ белгілеп алуға
- оқушылардың «жақын маңдағы даму аймағын», сабақ соңына күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет
Сабақтың ортасы
Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.
Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды
Сабақтың аяғы
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- қандай жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерилер бойынша бағалай алады
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.
Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Егер жоқ болса, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс өткізілген бе?
Сабақтың уақыты ұтымды пайдаланылды ма?
Сабақ жоспарына қандай өзгерістер енгізілді және неліктен?
Төмендегі бос орынды сабақ барысындағы сын-пікірлерлеріңізді жазу үшін қолданыңыз. Сол жақтағы сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?