Биосферадағы алғашқы шегіністер Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 3,8-4,3 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым ағзалардан құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды. Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен.
(Симбиоз; грек, symbiosis — бірге тұрушылық) — әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі.
Бұл кезде екі организм де (симбионт) немесе олардың біреуі сыртқы ортамен қатынаста артықшылық алаңы. Селбесу — кең үғым, бұған өзара көмек көрсететін қатынасты да (мутуализм, комменсализм) және иесі мен паразит үзақ уақыт бірге тіршілік ететін паразитизмді де жатқызады. Бұл терминді А.де Бари ұсынды (1879).