Жалпы ережелер


Мектеп бітірілушілер білімін қорытынды аттестаттау



бет104/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   204
Мектеп бітірілушілер білімін қорытынды аттестаттау

Шет тілі бойынша мектеп бітірілушілер білімін қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері:

- шет тілін бесінші пән ретінде таңдаған 11- сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде өтеді;

- емтихан шет тілінде алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастырады.

Шет тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексика-грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.

Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. Бұл тест Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі бойынша бағаланады, яғни «5» деген баға – 21-25 балл, «4» - 14-20 балл, «3» - 0-13 балл.

Оқушының пәнге деген уәжін арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексика-грамматикалық тесті орындауға 25-30 минут беріледі.

«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңге тақырып оқып жатқан шетел тілінің оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «шетел тілін» таңдап алған оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал саны көп болса 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады.

«5» деген жоғары балды айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестер мен мақал-мәтелдерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы ала алады.

«4» деген бағаны тақырыпты толық ашқан, айтылымында кідіріс бар, тіл құрлымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады.

Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрлымы дұрыс қолданбаса, сөздерді дұрыс айтқанмен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға «3» деген баға қойылады.

«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтитын қосымша дереккөздерден алынады.Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – әңгіме, тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалуға 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген

бағалармен бағаланады.

Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, цифрларға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге анықтама береді,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.

Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады.

Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін оқушыларға қойылады.

Үш кезең қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады.Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып есептеледі.Оқушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

Емтихан бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер барлық оқытылатын шет тілдеріне міндетті болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет