Жалпы ережелер



бет109/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   204
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын

және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және нөмірлермен белгіленген.

Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.

Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар, оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты түсінік алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.

Оқушылардың жеке жобалық-зерттеу жұмыстарының үлгілік тақырыптары:

Судың сапасын жақсарту жолдары.

Жыралардың дамуын зерттеу.

Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары.

Биогаз энергетикасы.

Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу.

Судың кермектігін анықтау.

Сағызды зерттеу.

Чипсыды зерттеу.

Шайдың сапасын зерттеу.

Сүттің сапасын зерттеу.

Темекіні зерттеу.

Сабынның сапасын зерттеу.

Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерделеу.

Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу.

Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу.

Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу.

Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу.



Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу.

Жалпы орта білім деңгейінде ғылыми-жаратылыстану циклі пәндері (география, физика, химия және биология) үшін математикалық және ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды болып табылады. Ол ақпараттық құрылымдарды (сызбанұсқалар, кестелер) құрастыру және толтыру, ақпарат жинауды ұйымдастыру және оған талдау жасау, сызбалар құру және талдау,

модельдеу әдістерін қолдану білігін қамтиды. Сонымен қатар проблемаларды талдауды, тапсырмаларды тұжырымдауды, мәтіндік шарттан формулаға, процесті суреттеуден оны ұсынуға өтуді және өзгерістің мәнін түсіндіруді қамтиды.

«Модель», «деректер», «параметрлер», «нақты және өзгермелі өлшемдер», «болуы мүмкін мән саласы» ұғымдары зерделенеді және қолданылады. Параметрлерінің мәні әртүрлі модельдермен зерттеулер жүргізіледі. Орта мектепті бітірушінің мектептің ақпараттық білім беру ортасының ғылыми жаратылыстану аспектілері бойынша белсенділігі маңызды нәтиже болып саналады.

Бұл оның процестің алгоритмін құру, алгоритм бойынша бағдарлама жасау және компьютердің көмегімен оны зерттеу қабілетінен көрініс табады. Оқушылардың алынған деректер бойынша эксперименттің нәтижелерін зерттеу, математиканың және компьютердің кестелік деректерін қолдану, диаграммалар және тәуелділік графиктерін құру, дөңгелектеуді жүзеге асыру білігі, қателіктерді анықтау, яғни есептеулерді дәстүрлі құралдардың көмегімен ғана орындамай, ол үшін компьютерді және сандық құралдарды да қолдану дағдыларын меңгеруі маңызды болып табылады.

Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа материалдары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.

Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік қоғамы» Ассоциациясының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізілетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.

Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about

Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt сілтемелері бойынша алуға болады.

Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz

ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады:

skachatreferat.ru/poisk/экспо; http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017.

4. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарындағы сыни ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:

пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;

олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;

тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;

жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.

Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:

Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін.

Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды анықтаңыз.

Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.

Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.

Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздерін арасындағы байланысты табыңыз.

Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар, дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз.

Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді ____________қолданыңыз.



Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.

5. «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «Өмір», «Адам», «Табиғат кешені», «Экономика және экология», «Зат», «Дене», «Энергия», «Күш», «Қозғалыс» және «Даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында пәнаралық проблемалық жағдаяттар жасап отыру қажет, мысалы: кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары.

6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму

стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.

«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.

7. Білім саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының тақырыптары мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет