Жалпы ережелер



бет122/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   204
Алғашқы әскери дайындық

«Алғашқы әскери дайындық» (бұдан әрі – АӘД) меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған құжаттар мыналар:

1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.

2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Ре спубликасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысының күші жойылды, оны «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 609 бұйрығымен ауыстыру қажет.

Алғашқы әскери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.

Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың

білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

Оқу пәнінің міндеттері:

оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;



оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны (ДОЖ) өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;

2) алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды

сақтауға арналған бөлме;

3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

6) тактикалық алаң;

7) кедергілерден өту жолының кешені;

8) жабдықталған ату тирі;

9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.

Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет