2-сыныпта тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі:
1. Сынып журналында білім алушылардың тоқсан барысындағы сабаққа қатысуы белгіленеді, оқу бағдарламасындағы бөлімшелердің тақырыптары жазылып, осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес білім алушылардың тоқсандық, жылдық қорытынды бағалары бағаны балға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады.
2. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың балл түріндегі нәтижелері электрондық бағалау нәтижелерін тіркеу журналында жазылады, олар тоқсандық, жылдық баға қою кезінде ескеріледі.
3. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат осы ереженің Б-қосымшасына сәйкес білім алушылардың оқу жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика түрінде білім алушыларға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне ұсынылады.