Жалпы ережелер


Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес сыныптар үшін)



бет31/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   204
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес сыныптар үшін)

«Қазақ тілі» пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қоршаған ортаны қабылдауға қатысты

психологиялық жай-күйі ескеріледі.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2) негізге алып айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.

Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі. Өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді. Қазақ тілін оқыту Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік, ұлттық, т.б. ерекшеліктерін ескере келе, тілді үйретудің тиімді әдіснамасын жетілдірудің жолын айқындады. Тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріліп, тілдерді оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.

1-4-сыныптарда қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі:

1) 1-2-сыныптардағы қарапайым деңгей - А1 2 игерімді қамтиды:

бастапқы жеңіл игерім А1 – 1-сынып;

бастапқы орта игерім А1.1 – 2-сынып.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет