ҚР МЖМБС-2015 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
3) ағылшын тілі;
4) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
ҚР МЖМБС-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 2-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес 2-11-сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3-11-сыныптардағы орыс тілі;
4) 2-11-сыныптардағы шет тілі;
5) 5-11-сыныптардағы информатика;
6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);
7) 5-11-сыныптардағы дене шынықтыру (ұл және қыз балалар топтарына);
8) 5-11-сыныптардағы «Технология» (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |