\\Жалпы ережелер
1.1. «Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, оқушыларға жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын, құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қорғалжын ауданының әкімдігі болып табылады. «Қорғалжын аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің басқару органы, сондай – ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
1.3. Мемлекеттік мекеменің толық атауы мемлекеттік тілде: «Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
Мемлекеттік мекеменің толық атауы орыс тілінде: Государственное учреждение «Сабындинская средняя школа имени Усенова».
1.4. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:
Индекс 021307, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы, Абай көшесі №24.
Достарыңызбен бөлісу: |