2.1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.
2.2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртабандары болады.
2.3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда, басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
2.4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелер бойынша құрылтайшы немесе уәкілетті органы жауаптылықта болады.
2.5. Мемлекеттік мекеме жасасатын азаматтық - құқықтық мәмілелер Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге жатады. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес ұстауға бекітілген сметаның шегінде болады.