Жалпы фармакология кафедрасы



бет6/19
Дата30.01.2023
өлшемі88,38 Kb.
#166742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Æàëïû ôàðìàêîëîãèÿ êàôåäðàñû

Рецептте жазу:

  1. 0,03 Рутин (Rutinum) және 0,05 Аскорбин қышқылынан (Acidum ascorbinicum) тұратын 15 ұнтаққа рецепт жазу. Тағайындау: ішке 1 ұнтақтан, күніне 3 рет.

  2. 0,5 Анальгиннің (Analginum) 10 таблеткасына рецепт жазу. Тағайындау: ішке 1 таблеткадан, күніне 2 рет.

  3. Цитрамонның (Citramonum) 20 таблеткасына рецепт жазу. Тағайындау: ішке 1 таблеткадан, күніне 3 рет.

  4. Вазелиндегі 1% 50,0 Неомицин сульфаты (Neomicini sulfas) жақпа майының толық түрде рецепт жазу. Тағайындау: зақымдалған теріге жағу.

  5. Көзге арналған, құрамында 20 % Сульфацил-натрий (Sulfacilum-natrium), бар жақпа май, толық түрде рецепт жазу. Тағайындау: ауыратын көздің төменгі қабағына күніне 2 рет жағу.

  6. Құрамында 0,3 Эуфиллині (Euphyllinum) бар 12 ректальді балауыздың толық түрде рецепт жазу. Тағайындау: 1 балауыздан күніне 3 рет. .

  7. Құрамында 0,25 Синтомицин (Syntomycinum) және 0,2 Ихтиол (Ichtyolum) бар 12 вагинальді суппозиторий. Тағайындау: 1 балауыздан қынапқа, жатар алдында.

  8. Құрамында 0,1 Белладонна сығындысы (Extractum Belladonnae) бар 6 официнальді балауызға рецепт жазу. Тағайындау: 1 балауыздан тік ішекке, жатар алдында.

Ауызша талқылау, рецепт жазу, ситуациялық есептер мен тест тапсырмаларын шешу

2


Жалпы фармакология. Фармакокинетика және фармакодинамика.



  • Жалпы фармакологияның анықтамасы мен міндеттері. Фармакологияның негізгі бөлімдері.

  • Дәрілік заттардың фармакокинетикасы, анықтамасы. Дәрілік препараттардың еңгізу жолдары. Еңгізу жолдарының ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері.

  • Дәрілік заттардың енгізген жерден сіңірілуінің негізгі механизмі. Дәрілік заттардың жақсы сіңуіне жағдай жасайтын факторлар. Абсорбацияның жасқа байланысты ерекшеліктері және олардың маңызы. Биожетімділігі туралы түсінік.

  • Дәрілік заттардың ағзада таралуы. Дәрілердің таралуына әсер ететін гистогематикалық тосқауылдардың маңызы. Дәрілік заттардың қан сарысуының ақуыздары мен тіндермен байланысуы. Дәрілік заттардың жасқа байланысты организмде таралуы.

  • Биотрансформация. Дәрілік заттардың метаболизмі реакциясының түрлері. Микросомальді тотығу индукциясы және ингибиторлары, олардың фармакологиялық маңызы. Дәрілік заттардың метаболизміне әсер ететін факторлар.

  • Жүйеалды метаболизм, оныңтүрлері, фармакологиялық маңызы. Продәрілік зат туралы түсінік.

  • Дәрілік заттардың және олардың метаболиттерінің экскрециясы. Элиминация, жартылай элиминация кезеңі.

  • Фармакологияның негізгі бөлімдері.

  • Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы. Дәрілік заттардың әсер етуінің принциптері (дәрілік заттардың әсер ету механизмі).

  • Арнайы рецепторлар туралы түсінік, агонисттері және антогонисттері. Фармакологиялық әсерлері (негізгі, кері, токсикалық).

  • Дәрілік заттардың әсер ету түрлері (жергілікті, резорбтивті, рефлекторлы).

  • Дәрілік заттардың терапиялық әсерінің кеңдігіне әсер ететін фармакологиялық және физиологиялық факторлар.

  • Фармакологиялық әсердің кеңдігіне әсер ететін генетикалық, биологиялық және эмоциональді факторлар. Плацебо туралы түсінік.

  • Мөлшер. Фармакологиялық әсерлердің мөлшерге байланыстылығы. Мөлшердің түрлері: табалдырықты, орташа және жоғарғы терапиялық мөлшер. Препараттың терапиялық әсерінің кеңдігі.

  • Өзара әсерлесудің түрлері: фармацевтикалық, фармакологиялық. Дәрілік заттардың синергизмі и антагонизмі.

  • Дәрілік заттарды біріктіріп қолданғанда, олардың өзара әсерлесуі.

  • Дәрілік заттарды қайта еңгізгенде әсерінің өзгеруі. Дәріге тәуелділік (физикалық және психикалық), бейімділік (толеранттылық), сенсибилизация, кумуляция.

  • Дәрілік заттардың уытты әсерлері.

Ауызша талқылау, рецепт жазу, ситуациялық есептер мен тест тапсырмаларын шешу

2


Холинергиялық заттар (холиномиметиктер)

    • Холинергиялық синапстың

құрылысымен қызметі.

  • Ацетилхолин, оның химиялық

құрамының ерекшеліктері және фармакологиялық қасиеттері. Ацетилхолинмен холинорецепторлардың әсерлесу механизмі.

  • Холинэстеразалар, олардың

типтері, орны. Ацетилхолинэстеразаның құрылысы және қызмет етуі. Ацетилхолиннің холинэстеразамен гидролизі. Фармакологиялық заттармен холинэстеразаның тежелуі.

  • Холинергиялық рецепторлардың

түрлері. М- холинорецепторлар мен Н-холинорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

    • Холинергиялық заттардың

жіктелуі.

    • Антихолинэстеразды заттар (прозерин, галантамин, физостигмин). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Фармакологиялық қасиеттері, қолданылуы.

    • Антихолинэстеразды заттармен (және фосфорорганикалық қосылыстармен) жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары.

  • Антихолинэстераза

реактиваторлары: дипироксим, изонитрозин. Әсер ету механизмі, қолдану ерекшеліктері.

    • М- және Н холиномиметиктердің

фармакодинамикалық ерекшеліктері. Әсер ету механизмі, фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Кері әсерлері.

  • М-холиномиметиктер.

Антихолинэстеразды заттардан айырмашылығы. Фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Кері әсерлері.

    • Н-холиномиметикалық заттардың тыныс алу және жүрек - қан тамыр жүйелеріне әсерлері. Қолданылуы. Кері әсерлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет