Жалпы фармакология кафедрасы


В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу



бет4/19
Дата30.01.2023
өлшемі88,38 Kb.
#166742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Æàëïû ôàðìàêîëîãèÿ êàôåäðàñû

В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу
Фармакология негізінде алынған білімдер қамтамасыз етеді:

  • Арнайы патологиялық жағдайларда дәрілік заттардың фармакокинетикалық

жәнефармакодинамикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті дәрілік затты таңдау қабілеті.

  • Дәрілік заттардың жанамажәне токсикалық әсерлерін анықтап, олардың

неліктеносы жағдайда көрініс беру себебін түсіндіре білу.

  • Рецепт жазуға қойылатын заманауи талаптарына сәйкес әртүрлі дәрілік

формадағыдәрілік заттарға рецепт жазу дағдысы.
С. Өз пікірін жеткізе білу
Фармакологияны оқу студенттерге дәрілік заттардың базалық топтарының әсер ету механизмін жүйелік, мүшелік, жасушалық , молекулярлық деңгейде түсінуге және алған білімдері арқылы дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы туралы анализдеуге, олардың терапиялық тиімділігі мен қолдануға болатын көрсеткіштерін, кері әсерлерін және қолдануға қарсы көрсеткіштерін логикалық түрде байланыстыруға мүмкіндік береді.
Д. Коммуникативтік дағдысы
Фармакологиядан алынған теориялық білімдері студенттерде клинкалық мақсаттарына қажетті ғылыми әдебиет көздерін табу және қолдануға, аудиторияға алынған ақпаратты адекватті және жеткілікті түрде түсіндіре алуға үйретеді.
Алған білімдеріне негізделе отырып студент жекелей дербес түрде өзі оқуға және кәсіби топтың мүшелерін оқытуға, дискуссия, конференция, семинарларға белсенді түрде араласуға икемді.
Е. Оқуға қабілеттілігі
Студент дәрілік заттарды емдік, алдын-алу және денсаулық сақтаудағы басқа да мақсаттар үшін пайдалануға фармакология саласындағы арнайы білімді өз бетінше алуға қабілетті.


7. Оқу нәтижелерінің тізімі:(ОН)

ОН-1

Дәрілік заттардың (ДЗ) қазіргі заманғы халықаралық сыныптамаларға сәйкес белгілі бір топқа жататындығы туралы базалық білімді меңгеріп және оны жаңғырта алады

ОН-2

Рецепт жазуға арналған заманауи талаптарға сай, дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларынарецепт жаза біледі

ОН-3

Клиникалық және клиника алды пәндермен фармакология пәнінің арасындағы байланысын түсіндіре алады. ДЗ фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын, қолданылуы үшін көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау үшін басқа пәндерден алған білімдерін қолдана алады

ОН-4

Денсаулық сақтау саласында фармакология бойынша емдік, алдын - алу шаралары және де басқа да мақсатта өзіндігімен арнайы білім ала алады

ОН-5

Заманауи ғылымның даму барысында базалық топтағы дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін түсіндіре алады. Алған білімдерін талдай отырып дәрілік заттардың терапиялық әсерлері мен қолдану көрсеткіштер және жанама әсерлерін, қарсы көрсеткіштерін логикалық байланыстыра алады

ОН-6

Дәрілік заттардың әсер ету механизмдеріне сүйене отырып, фармакодинамикасы мен фармакокинеткасының ерекшеліктеріне қарай, әртүрлі патологиялық жағдайларда қай препарат тағайындалатынын айтып бере алады

ОН-7

Қойылған мақсаттарға сай фармакология саласы бойынша ғылыми оқулықтарды тауып қолдана алады және алған мағлұматтарын аудиторияға жетікізе алады

ОН-8

Өздігінен дайындала алады және басқа да команда мүшелерін оқытып, дискуссиялар, конференциялар мен семинарларға белсенді қатыса алады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет