Жалпы физика пәні күрделі әрі экспериментке толы, қызықты оқу пәні. Бұл пәннің іргетасы физика болып 7-сыныпта қаланады. Оның алдында дүниетану, жаратылыстану сынды пәндерді өтіп, аз да болса мәліметтер жинайды
Жалпы физика пәні күрделі әрі экспериментке толы, қызықты оқу пәні. Бұл пәннің іргетасы физика болып 7-сыныпта қаланады. Оның алдында дүниетану, жаратылыстану сынды пәндерді өтіп, аз да болса мәліметтер жинайды. Соның ішінде оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында педагог көп жұмыс жасауы қажет. Сыныптағы әрбір оқушыға көңіл бөліп, өз пәнін қызықтыра оқыта білсе келесі оқушылардың келесі қадамдары нық болары анық деп айта аламын. Жалпы білім беретін орта мектеп физикасында әрбір сыныпқа бөлінген сағат санына тоқталсақ.
7-9 сынып аралығында оқушылар толық физика курсының «Механика, Молекулалық физика, Электр және магнетизм, Оптика, Атом және ядролық физика» бөлімдерінен мәлімет алып шығады. Бұл сыныптарға 36 сағаттан бөлінген. Кейін бұл тарауларды тереңірек оқуы үшін 10-11 сыныптарда қайталайды. 10-11 сыныптарда бейінді пәндеріне сәйкес оқушылар екі бағыт бойынша оқытылады. Олар: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық. Бұл бағыттарға бөлінетін сағат саны да әртүрлі. Биылғы өзгерістерге сәйкес 10-сыныптарға жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 108 сағат, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 72 сағат бөлінген. Жалпы физика пәнінде міндетті түрде жасалынатын зертханалық жұмыстар бар және сабақ үстінде қолданатын эксперименттерде бар. Солардың көмегімен сабақты дұрыс түсіндірсек, балаға сапалы білім бере аламыз деп ойлаймын.
Жалпы білім беретін мектепті аяқтаған соң оқушылар университетке түсуі үшін ҰБТ тапсырады. Яғни ұлттық бірыңғай тестілеу. Мамандықтарына сәйкес таңдау пәндерін таңдайды. Соның ішінде таңдау пән ретінде физика пәнін қарастырсақ. ҰБТ-да физика пәні бойынша 35 сұрақ келеді, ол 45 балл ретінде есептеледі. Бастапқы 1-20 есеп аралығы 1баллмен бағаланса, 21-25 аралығы контекстік тапсырма, 26-35 аралығы көп жауапты яғни 2баллдық тапсырмалар. Жалпы классификация бойынша 50 пайыз яғни 17 есеп А деңгейлі болса, 30 пайыз яғни 11 есеп В деңгейлі, қалған пайызы 20 пайыз 7 есепке беріліп тұр деп айта аламыз. Енді 2 жыл көлеміндегі өзгеріске сәйкес контекстік тапсырма қосылған болатын. Мұнда оқушылар кез келген тараудан келетін мәтін, сурет арқылы есептерді шығарады. Яғни бұны біз күрделі құрылымдалған тапсырмаға жатқыза аламыз. Күрделі құрылымдалған тапсырма белгілі бір кезең бойынша шығарылады. Оқушылар қазіргі таңда физика пәнін көптеп таңдауда. Оның себебі, физика және математика пәндерін таңдаған оқушыларға грант саны көбірек. Сонымен қатар, барлық техникалық мамандықтарды оқығысы келетін оқушы осы пәнді таңдайды. Білім беру бағдарламасы бойынша таңдап, кейін ішінара мамандықтарға бөлінеді.
Физика пәнінен ҰБТ-ға қалай дайындалу қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Ең бірінші оқуды бастамас бұрын оқушының физикаға деген қызуғушылығы болуы қажет. Кейінгі нәрселердің барлығы өз уақытымен бола береді.
Оқушының білуі қажет нәрселерге тоқталсақ:
Ондық еселіктер. Яғни онның дәрежелік атаулары. Кез келген нәрсенің теріс және оң жағы болады. Соған сәйкес ондық еселіктерде де дәл солай. Осы дәрежелерді білу арқылы оқушы кез келген есепті шығаруға мүмкіндік алады.