Жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі



Дата27.01.2022
өлшемі15,55 Kb.
#129945
Байланысты:
алеумет 13 апта


  1. Медицина әлеуметтануының зерттеу объектісі - медицина, зерттеу пәні медицина саласындағы әлеуметтік механизмдер.  Денсаулық физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді. Әлеуметтану денсаулық және денсаулық сақтауды әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Ауруға теориялық көзқарастар. Құрылымдық-функционалдық теория: науқастың ролі. Науқас ролін анықтау. Науқас адамның ролін сынау. Конфликт теориясы: медикализация. Символдық интеракционизм теориясы: ауру тәжірибесі. Денсаулық пен аурудың әлеуметтік себептері. Алдын алуғаболатын өлімнің себептері. Микродеңгейдегі жауаптар:денсаулыққа сенім үлгісі. Макродеңгейдегі жауаптар:аурутуғызушылар. Саулық пен науқастықтың әлеуметтіктаралуы. Гендер. Әлеуметтік тап. Нәсіл және этнос. Жас. Case-study: бұрыңғы Кеңес Одағындағы халықтардың өміржасының қысқаруы.

  2. Денсаулық көрсеткіші мен әлеуметтік-экономикалық жағдай арасындағы байланыс «экономикалық жағдай жақсы болған сайын, соншалықты халық денсаулығы жақсы болады» деген жорамалмен сипатталады. Соңғы уақытта денсаулық теңсіздігі әсерінің басқа каналдары анықталған. Төмен әлеуметтік-экономикалық жағдай, адамдардың өзінің қоғамдағы «теңсіз» жағдайын және соныменен байланысты бағалануын, қарым-қатынасты, уайымдау, материалдық жағдайдың болмауы денсаулыққа тікелей әсер етеді. Экономикалық жағдай жақсы болған сайын, денсаулық та жақсара түседі. 

  3. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығы дегеніміз ағзаның өмір сүруі барысында биологиялық және психикалық әрекеттерінің, еңбек етуге қабілеттілігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Яғни денсаулық – адам ағзасының қалыпты жағдайы. Жеке адамның денсаулығын жасына, жынысына, әлеуметтік-экономикалық, климаттық және географиялық жағдайларға байланысты анықтайды. Жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет