Жалпы ұйқы артериясы



бет4/10
Дата26.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#182573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
499045.pptx

Бірінші бөлімнің тармақтары жоғары қарай сыртқы есту тесігіне sissura pterygotympanica арқылы дабыл қуысна барады; мидың қатты қабықшасына foramen spinosum арқылы a.meningea media – ортаңғы менингеалдық артерия өтеді және төменгі тістерге - a.Alveolaris inferior - төменгі ұшықтық артерия барады. Соңғы артерия төменгі жаққа Canalis mandibulae арқылы өтеді. Өзекке енгенге дейін a.Alveolaris inferior аттас бұлшық етке r.Mylohyoideus береді, ал өзекте өзінің тармақтарымен төменгі тістерді қамтамасыз етіп, a.Mentalis деген атпен Foramen mentale арқылы шығып, иек терісі мен бұлшықеттерінде тармақталады.
Екінші бөлім тармақтары: ұрт бұлшықетіне және барлық шайнау тобы бұлшықеттеріне аттас артериялары арқылы, сондай-ақ sinus maxillaries -тің шырышты қабығына және жоғарғы азу тістерге артқы жоғарғы ұяшықтың артериялары арқылы барады.
Үшінші бөлімнің тармақтары. 1) a.infraorbitlis-көзұя асты артериясы, Fissure orbitalis inferior арқылы көзұясына енеді,содан кейін Canalis infraoorbitalis арқылы жоғарғы жақ сүйектің алдыңғы бетіне шығып, төменгі қабаққа , көз жасы қабына және төмен қарай жоғарғы ерін мен ұртқа тармақтар береді. Бұл жерде бет артериясы тармақтарымен қосылады,сондықтан a.Maxillaries сабауында қан ағысы қиындағанда, қан оның бассейніне a.Facialis арқылы келеді. Көзұясының езінде-ақ a.Infraorbitalis көз алмасы бұлшықеттеріне тармақтар береді; Көз асты тілігінен өткенде ит және күрек тістерді және sinus maxillaries-тің шырышты қабығын тармақтармен жабдықтайды;
2) Таңдай, жұтқыншақ және есту түтікшесіне баратын тармақтар, олардың бір бөлігі Canalis palatinus major арқылы төмен түсіп, Foramina palatine majus et minores арқылы шығып, қатты және жұмсақ таңдайда тармақталады; 3) a.Sphenopalatina – сына тәрізді таңдай артериясы, аттас тесік арқылы мұрын қуысына өтіп, оның латералды бөлігі
aa.Ethmoidales anterior et posterior -лар арқылы қан алады.

  • А.подключечной
  • Жалпы ұйқы артериясы
  • Жоғарғы қалқанша артериясы
  • Тілдің артерия
  • Жоғарғы жұтқыншақ артериясы
  • Жақ артериясы
  • Самайдың беткей артериясы
  • Желке артериясы
  • Құлақтың артқы артериясы
  • Желке артериясы
  • Бет артериясы
  • Сыртқы ұйқы артериясы
  • Ішкі ұйқы артериясы
  • Омыртқа артериясы

Ішкі ұйқы артериясы. a. carotis interna - жалпы ұйқы артериясынан басталып, бас сүйек негізіне көтеріліп, самай сүйектегі — canalis caroticus-ке енеді. Мойын аймағында тармақталмайды; басталатын жерінде дорсалды қолқаның латералды орналасқан сабауынан дамуына сәйкесті, a. carotis externa-дан сыртқа қарай жатады, алайда көп ұзамай оның медиалды бітене ығыса бастайды. Ішкі ұйқы артериясы canalis caroticus-тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік жүріп, содан кейін алдыңғы медиалды бағытта иіліп самай сүйектің ұшында, Foramen lacerum жанында бас сүйек қуысына енеді; жоғары қайырылып, сына тәрізді сүйек арқылы түрі ершігінің түбі деңгейінде қайтадан алға бұрылып,кеуекті қойнау қабаты арқылы өтіп, canalis opticus қасында соңғы рет жоғары және сәл артқа қарай иілім жасап, бірінші тармақты – a.ophthalmica –береді де, содан кейін қатты және торлы қабықты тесіп, ақырында өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет