Зертханалық жұмыс № 4
Тақырыбы: Ethereal талдауышы арқылы протоколды талдау
Мақсаты: Әртүрлі режимдегі Ethereal протокол талдауышы арқылы пакетті таңдау үшін фильтрлер құру, жергілікті желінің графиктік мінездемесін алуды үйрену.
Жалпы мағлұмат
Ethereal талдауышының сипаттамасы
Ethereal талдауышы компьютерде желіге қосылған желілік адаптер арқылы байланысатын бағдарлама. Анализатор пакеттерден тұрады және ол пакеттерде компьютер интерфейске түсетін ақпараттар бар, оларды сақтайды.
Пакеттерді ұстап қалу режимі
Егер Capture мәзірінен Start бұйрығын таңдаңыз, пакеттерді ұстап қалу режимінің сұхбат терезесі ашылады. Interface қатары пакетті талдауды жүзеге асыратын интерфейсті енгізуге мүмкіндік береді.
Limit each packet to bytes берілгендердің максималды көлемін беру үшін қолданылады. Ол 65536 байтқа тең.
Пакеттерді ұстап қалу процесіндегі фильтрациясы кезінде байланыстың логикалық шамасы қолданылады, олар and немесе or, олардың алдында not операторы қолданылып келуі мүмкін.
[not]<примитив>[and/or[not]<примитив>...]
Пакеттерді белгілеу үшін арналған примитив
[src/dst] host
Ethernet адрес үшін арналған аналогтық примитив
Ether [src/dst]host
TCP және HDP порттары үшін арналған примитив
[tcp/hdp][src/dst] port <порт номері>
Жұмыстың орындалуы
1-тапсырма. Нақты уақыт аралығындағы пакетті аулау.
Capture мәзірінен Start командасын таңдаңыз.
Capture length қатарына 100 санын енгізіңіз. Count – 1000, File – файл атауын енгізіңіз.
ОК шерткеннен кейін, Stop батырмасын басыңыз. Ол аулау процесін тоқтатады.
3 терезенің мағлұматын толық қарап шығыңыз. Ондағы протоколдарды, яғни аулап қалған протоколдардың тізімін Ethernet және IP-адрестерін және олардың максимальды ұзындықтарын қараңыз.
2-тапсырма. Фильтр көмегімен пакеттерді аулау.
Capture мәзірінен Start командасын таңдаңыз.
Count – 1000, File – файл атауын енгізіңіз.
Filter батырмасын басып, [scr | dst] host теріңіз, 1-тапсырмада қолданған ip алыңыз, Ок шертіңіз.
Stop
ортаңғы терезеден TCP пакетінің біреуін белгілеңіз және қатар тамырын зерттеңіз.
барлық протоколдар үшін 5 пунктті қайталаңыз.
Есептемеде
Жұмыс атауы және мақсаты
фильтр көмегімен және көмегінсіз пакетті ұстап қалу тізбектік әрекетін орындаңыз
құрылымды зерттеу нәтижісіне және протоколдық 2-3 қатарларға орналасуының нәтижесін қорытындылаңыз.
Пайдаланған әдебиеттер
Венцель Е.С. Теория вероятностей. - М.: Наука, 1964.
Моделирование случайных величин: Метод. указ. к лабораторной работе №1
/Сост.: Д.А. Иванников, С.М. Кашаев, Л.В. Шерстнева; НГТУ. Н.Новгород, 2001.
Моделирование случайных процессов: Метод. указ. к лабораторной работе №2
/Сост.: Д.А. Иванников, С.М. Кашаев, Л.В. Шерстнева; НГТУ. Н.Новгород, 2001.
Полов К.П. Функциональное моделирование радиотехнических устройств и систем на ЦВМ: Учеб. пособие / Горьков.политехн.ин-т. Горький, 1989.
Полляк Ю.Г. Вероятностное моделирование на электронных вычислительных машинах. - М.: Сов. радио, 1971.
Достарыңызбен бөлісу: |