«Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша жаттығу тесттері



Дата09.05.2024
өлшемі242,5 Kb.
#201892
Байланысты:
Жалпы медицина мамандыыны 5 курс студенттеріне арналан Жпалы аурулар пні бойынша жаттыу тесттері



«Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған
«Жұқпалы аурулар» пәні бойынша жаттығу тесттері

#1
*!Инфекциялық процесске анықтама беріңіз.





  • табиғи ошақтың болуы

  • микро және макро ағзалардың әрекестігі

  • жұқпалы аурулардың тасмалдаушысының болуы

  • қоршаған ортадағы микро ағзалардың персистенциясы

  • жануарлар ағзасындасы микро ағзалардың персистенциясы

#2
*!Инфекциялық үрдістің субклиникалық түрі дегеніміз не?





  • ағзадағы қоздырғыштың болуы

  • инфекциялық үрдістің жеңіл ағымы

  • инфекциялық үрдістің атипті ағымы

  • спецификалық антиденелері бар болғанымен, клиникалық көріністің болмауы

  • қоздырғыштың ағзада бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы

#3
*!Бактериотасмалдаушылық деп нені айтамыз?





  • ағзадағы қоздырғыштың болуы

  • инфекциялық үрдістің жеңіл ағымы

  • инфекциялық үрдістің атипті ағымы

  • қоздырғыштың ағзада бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы

  • спецификалық антиденелер бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы

#4
*!Төменде келтірілгендердің қайсысы жұқпалы аурулардың негізгі критерийіна жатады?





  • циклдық

  • арнайлылық

  • жұқпалылық 

  • сенсибилизациялау

  • иммунитеттің қалыптасуы

#5
*!Жұқпалы аурулар диагностикасының қай әдісі «Алтын стандарт» болып табылады?





  • биологиялық

  • серологиялық

  • аллергиялық

  • бактериологиялық

  • молекулярлы – генетикалық

#6
*!СЭС-ға жедел хабарламаны қашан жібереді?





  • науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін

  • инфекционист кеңесінен кейін

  • ошақты дезинфекциялағаннан соң

  • жұқпалы ауруға күдіктенгенде

  • аурудың бактериологиялық дәлелдемесінен кейін

#7
*!Сүт зауытына жұмысқа орналасып жатқан әйелдің нәжісін тексергенде Sh. Flexneri. табылды. Клиникалық көрінісі жоқ.


Дәрігерқандай әрекет жасағаны тиімді?

  • ем тағайындамайды

  • диспансерлік бақылауға алады

  • амбулаторлы жағдайда емдейді

  • инфекциялық ауруханаға жатқызу

  • бактериологиялық зерттеуін қадағалаy

#8
*!Жұқпалы аурулар ауруханасына 23 жастағы Өзбекістанның тұрғыны әлсіздікке, сарғаюға,тері қышуына шағымданып келді.Ауырғанына бір апта болған әлсіздік мазалаған, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, бір неше рет құсу болған. Екі күн бұрын зәрінің қарайғаның байқаған, медициналық орталыққа қаралған,қанның биохимиялық анализіңде АЛТ – 234 бір/л, билирубин -102 ммоль/л, тимол сынамасы 10,4 бір. ИФА да antiHEV IgM – оң. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді. Вирусты Е гепатиті диагнозымен жатқызылды.


Бұл аурудық ауыр ағымы қандай топқа тән:

*Балалар
*Жастар


*Кәрілер
*Жүктілер
*Преморбидты фонда тарихы бар адамдар

#9


  • !Вирусты гепатиттің қай синдромына қанның биохимиялық анализінің келесі көрсеткіштері тән: тимол сынамасы - 10 бірлік, сулема сынамасы - 1,3 мл?




  • цитолиздік

  • холестаздық

  • токсикалық

  • мезенхимальді қабыну

  • геморрагиялық

#10


  • !Вирусты В гепатитті этиологиялық дәлелдеу үшін анықталады:




  • аnti HAV IgM

  • anti HBsAg

  • HBsAg

  • anti HCV Ig M

  • anti HDV total

#11


  • !Жедел вирусты В гепатитпен ауырған науқастың қанында анықталатын арнайы маркерлер:




  • a-HBs, a-HBcorIgG

  • a-HBs, a-HBe

  • HbsAg, a-HBcorIgM

  • HbsAg, a-HBcorIgG

  • a-HBe, a-HBcor IgG

#12


  • !Жедел вирусты гепатит кезіндегі бауыр өлшемдерінің тез арада кішіреюі және оның ауыру сезімділігі не туралы айтады?




  • холангит

  • созылмалы гепатит

  • өт шығару жолдарының дискинезиясы

  • жедел бауыр энцефалопатиясы

  • Сауығу

#13
*! Карантинді инфекциялар тобына қандай негізгі принцип кіреді:


* Ағымның ауырлығы


*Контагиоздылығы
* Биологиялық қару ретінде қолдану мүмкіндігі
* Адам және жануарлар ауруы
* Аурудың вирусты этиологиясы

#14
*!Науқаста «Кенелік энцефалит» диагнозы қойылған. Қызба және жалпымилық белгілердің қатарында «бастың кеудеге салбырауы» симптомы айқындалады.


Науқаста аурудың қай түрі?

* қызбалық


* менингиттік
* менингоэнцефалиттік
*полиомиелиттік
* полирадикулоневритикалық

#15
*!Кенелік энцефалит кезінде қай симптом жұлын миыныңмойын және жоғары кеуде бөлімінің алдыңғы мүйіз тінінің қоздырылғандығын көрсетеді?


* Бабинскийсимптомы
* Керниг симптомы
*бастың кеудеге салбырауы
* шүйде бұлшық етінің кернеуі
* Брудзинский симптомы

#16
*!Әйел адам 40 жаста, терапевтке ауруының 1-ші күні қаралды. Ауруы қонаққа барғаннан кейін 1 стәуліктен кейін басталды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 4-5 рет, кіші дәреті 7-8 рет күніне мазалаған. Түскен кезде; дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезім анықталадыі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/60сын.бағ. бой.,Р-90соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.


Қандай диагноз ең ықтимал?



  • тырысқақ

  • сальмонеллез

  • жедел дизентерия

  • жедел гастоэнтероколит

  • тағамдақ токсикоинфекция

#16
*!Ер кісі, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен бір тәуліктен кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі,жүрек айну, 6-8 рет құсу,тәулігіне 15 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-38С.Пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -100/70сын.бағ. бой.,пульсі-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті көп мөлшерде, сулы,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.


Осы жағдайға сальмонеллездің қай клиникалық формасы сәйкес келеді?



  • сүзек тәрізді

  • гастриттік

  • септикомиемиялық

  • гастроэнтериттік

  • гастроэнтероколиттік

#17
*! 25 жастағы әйел адам,ауырғаннан бастап 2-ші күні жұқпалы аурулар ауруханасында қабылдау бөлімінде қаралды.Шағымдары: ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі , бастың ауыруы , 20 ретке дейін іштің өтуі, Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған. Қарап тексергенде: температурасы 39,0оС, АҚ-100/70мм.рт.ст.Пульс-110 соғ.мин. Ішті пальпация жасағанда: сол жақ мықын аймағында ауру сезім, сигма тәрізді ішектің спазмы ауыруы.Үлкен дәреті: нәжіссіз, шырыш қан жолақтарымен. ЖҚА эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, п - 2, с - 75, л - 18, м - 5. СӨЖ - 17мм


Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* тырысқақ


* сальмонеллез
*жедел шигеллез

  • тағамдық токсикоинфекциялар

  • іш сүзегі

#18
! Студент, 18 жаста, ;жатақханада тұрады, жедел ауырған, дене қызуы 39оС дейін көтерілген, қалтырау байқалып, басы ауырған, әлсіздік дамыған, іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, тәулігіне 15 рет іші өткен. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады.тұйық, тұрақты. Нәжісі ботқа тәрізді, шырыш пен қан араласқан.


Қай диагноз ең ықтимал?

* амебиаз


*жедел шигеллез
* сальмонеллез
* тағамдық токсикоинфекция
* созылмалы гастроэнтерит, өршу

#19
! 27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналысындағы ауру сезімі пайда болған. Аурудың үшінші күні дене қызуы – 38,50С-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз мөлшерлі, шырышты.


Болжама диагнозыңыз:

* сальмонеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант


* жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі
*жедел шигеллез, колиттік түрі
* тағамдық токсикоинфекция
* эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі

#20
*!Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының жоғарлауына, тәбетінің төмендеуне, құсуға, жүрек айнуына шағымданып түсті. 10-күннен бері ауырады. Ауру басталғаннан кейін бір аптадан соң терісінің және склерасының сарғаюын байқаған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа аурлықта, тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз, зәрі қоңыр түсті. Анализінде: АЛТ-650 ммоль/л, АСТ 264 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.


Қай лабораторлы көрсеткіш диагнозды дәлелдейді?



  • HbsAg

  • аnti-HbeAg

  • anti-HAVIgM

  • anti-HAVIgG

  • anti-HDVIgM



#21
*!Әйел кісі,45 жаста ауруының екінші күні жедел жәрдеммен облостық емханаға түсті. қаралды. Нашар қуырылған тауық грилің вокзалда сатып алып жегеннен бір тәуліктен кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 10-15 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-36,5С.Пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -60/40 сын.бағ. бой.,пульсі-106соқ/мин. Кіші дәреті аз. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
Қандай асқыну туралы ойлануға болады?



  • ТҚШҰ- синдромы

  • Ішектен қан кету

  • Инфекционды-токсикалық шок

  • Жедел бауыр жетіспеушілігі

  • Жедел бүйрек жетіспеушілігі

#25
*! Әйел 18жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 6 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 80̸ 40сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».


Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

Қай диагноз ең ықтимал?





  • амебиаз

  • сальмонеллез

  • жедел дизентерия

  • тағамдық токсикоинфекция

  • жедел гастроэнтероколит

#26
*! Әйел 40 жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: жедел ауырған етпен самса жегеннен кейін 1 тәуліктен соң ауырған. Қараған кезде температура- 38,5С, терісі боз, Іші кепкен, пальпация кезінде эпигастрия аймағында және іштің оң жағында ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90/60сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».


Осы инфекцияға ҚЖА қандай өзгерістер тән?

*гастрит
* колит


* энтерколит
* гастроэнтерит
* гастроэнтероколит

#27
*! Әйел адам 18 жаста емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару-5 ретке дейін.Анамнезінен: базар асханасынан түскі ас ішкенен 4 сағаттан кейін жедел ауырған Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз. Іші кеппеген, пальпацияда эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90/60сын.бағ.бой., пульсі 100 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сулы, патологиялық қоспалар жоқ.


Осы инфекцияға ҚЖА қандай өзгерістер тән?

*гастрит
* колит


* энтерколит
* гастроэнтерит
* гастроэнтероколит

#29
*!16 жастағы жас жігіт. Емханаға іш аймағындағы ауру сезіміне, жиі үлкен дәретке бару-15 ретке дейін.Анамнезінен: 2 күненен кейін донер, тауық гриль жегеннен жедел ауырған, лоқсу,көп реттік құсу.Қараған кезде температура- 38,5С. Іші кеппеген, пальпацияда эпигастрий аймағында, ішек жолымен ауру сезімі анықталады. Сигма тәрізді ішектің спазмасы пальпацияланады. АҚҚ 100/70сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті аз. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қан жолақтары бар.


Осы инфекцияда асқазан ішек жүйесіндегі зақымдану синдромы ең тән:

*гастрит
* колит


* энтероколит
* гастроэнтерит
*гастроэнтероколит

#27
*!Ер адам, 43 жаста, 10 күн бойы ауруханадаВирусты гепатит «В» деген диагнозбен жытқан, шағымдары қатты әлсәздік, тамақтан кейін құсу, қарап тексергенде: есі сақталған, эмоционалді лабилді, тежелген, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде жауаптары дұрыс емес, түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы жоғарлаған, бауыр қабырға доғасы бойымен. Жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульс 90 рет минутына, АҚ екі қолда 100/70 мм сын.бағ. зәрі қонырланғын, нәжісі ахолиялық.


Қандай асқыну туралы ойлануға болады?

* ВирустыгепатитВ, ауыр ағымы


* Бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома I
*Бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома II
* Бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома I
* Бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома II

#28
*!Ер адам 52 жаста, 2 апта бойы ауру, әлсіздік, жүректің айнуы ардайым, зәрдің түсінің қара болуы, сарғыш түстің пайда болуы, тәбетті төмендеген,қатты терілік қышу байқалады.Жарты жыл бұрын- холецистоэктомия оттасы жасалған. Қарап тексергенде терісі және склерасы сарғайған,көптеген тырналған орындар бар.Бауыры ұлғайған 2см,орташа тығыздықта,сезімтал.Көкбауыр ұшы пальпацияланады.Зәрі қоңыр түсті ,үлкен дәреті түссіз.Адекватты, қозғыш.Түнде нашар ұйықтайды. Жалпы билирубин240 ммоль/л, тұра – 180 ммоль/л,тұра емес - 60 ммоль/л, АсАТ – 150 Ед, АлАТ – 180 Ед. Сілтілік фосфатаза – 230 Ед., тимолды сынама –18 ед.


Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?



  • Вирусты гепатит А

  • Вирусты гепатит Е

  • Вирусты гепатит С

  • Вирусты гепатит В

  • Вирустыгепатит D

#29
*!45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. 2 апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, буындардың ауыру сезімі. Анамнезде: 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр қолмен сипап тексергенде сезілмейді. Перкуссия: бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0 см-ге жоғары анықталады.


Қандай асқыну ең ықтимал болып табылады?



  • созылмалы бауыр энцефалопатиясы

  • созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

  • жедел бауыр энцефалопатиясы

  • жедел бүйрек жетіспеушілігі

  • ТШҚҰ-синдромы

#30
*!40 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, бірнеше рет құсуына, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған. 3 ай бұрын жатыр миомасы бойынша операция жасалынып, қан құйылған. Жағдайы ауыр, айқын интоксикация, ұйқышылдық мазалайды. Тері жабындысы мен көз склералары айқын сарғайған. Адекватты, қозғыш.Түнде нашар ұйықтайды Бауыры ұлғайған2см. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі түссізденген. Жалпы билирубин 180ммоль/л, тұра – 120 ммоль/л,тұра емес - 60 ммоль/л, АсАТ –280 Ед, АлАТ –240 Ед. сілтілік фосфатаза – 130 Ед., тимолды сынама –18 ед.


Қандай лабораторлы көрсеткіштер аурудың ауырлығын көрсетеді?

* АЛаТ активтілігінің жоғарлауы



  • тимол сынамасының жоғарлауы

  • жалпы билирубиннің жоғарлауы

  • түра билирубиннің жоғарлауы

  • тұра емес билирубинің жоғарлауы

#31
*!46 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 2 апта бойы ем қабылдап жатыр. Қыжылға, жүрек айнуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, терінің айқын қышынуына, қорқынышты түстер көруіне шағымданады. Аурудың басталғаннан 20 күн үйінде жатқан.Жүрек айну,құсу,буындарының ауру сезімі мазалаған.Сарғаю пайда болғанда участкілік дәрігерге қаралды. Анамнезде: екі ай бұрын тіс дәрігерінде тісін емдеткен. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған, тырнақ іздері байқалады.


Лабораторлық мәліметтер: Жалпы қан анализі: лейк.-4,0×109/л; эритр.-4,5×109/л; Нв-126 г/л; т/я нейтр.-2%; с/я нейтр.-52%; лимф.-40%; мон.-5; эоз.-1%. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-640 Ед/л; АСТ-240 Ед/л; жалпы билирубин-250 ммоль/л; тікелей билирубин-185 ммоль/л; тікелей емес билирубин-65 ммоль/л.
Клиникалық көріністердің қайсысы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?



  • Тұрақты жүрек айну

  • Айқын сарғаю

  • қорқынышты түстер

  • терінің айқын қышуы

  • эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

#32
*!28 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, шағымданып түсті Ауырғанына он күн болды. 2 ай бүрын кесар тілігі арқылы босанған. Қан кету болған, жаңа тоңазытылған плазма құйылған. Қарап тексергенде: терісінің және склераларының айқын сарғаюы, терісіндегі тырнақ іздері байқалады. Бауыры 1,0-1,5 см-ге ұлғайған.Зәрі қоңыр, Нәжісі ахолиялық.
Қай белгі аурудың ауырлық ағымын көрсетеді?



  • сарғаю

  • зәрінің қоңыр түсі

  • гепатомегалия

  • нәжісі түссіз

  • интоксикация симптомдары

#33
!21 жастағы бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрегінің айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына, мұрыннан қан кетуіне, буындарының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған, 3 ай бұрын- аппендэктомия. Қарап тексергенде: терісінің және склерасының айқын сарғаюы, терісінде тырнақ іздері, бірең-сараң геморрагиялық бөртпелер, инъекция жасалған жерде-теріастылық қан құйылу байқалды. Бауыр төменгі жиегі оң қабырға доғасының шетінен 1,0 см шығып тұрЗәрі қоңыр түсті. Дәрігерлер науқаста вирусты гепатит деп болжады


Қандай синдром вирусты гепатиттің ауыр ағымын сипаттайды?



  • Артралгиялық

  • Диспепсиялық

  • Холестатикалық

  • Геморрагиялық

  • Астеновегетативті

#34
*!Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 44 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л.


Қандай ИФА мәліметтері ең ықтимал?



  • anti HAV IgM

  • anti HAV IgG

  • anti HEV IgM

  • anti HEV IgG

  • anti HBc IgM

#35
*!Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 44 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л. ИФА: HВsAg-оң, HbеAg- оң, antiHBeIgM- оң, antiHВc total- оң, anti HCV total оң.


Қандай маркер вирусты гепатит В репликациясын көрсетеді?

  • HВsAg

  • HbеAg

  • anti HВе IgM

  • anti HBe IgG

  • anti HCV total

#36
*!Бойжеткен қыз 18 жаста, студет, аурудың 8 күні түсті. Шағымдары: бірінші күннең бастап әлсіздік, жүрек айну, дене қызуының аз ғана көтерілуі, оң жақ қабырға астында ауру сезім. Аурулың 7-ші күні көз қарашығының сарғаю, зәрдің түсінің өзгеруін байқады. 2 күннең кейін сарғаюы ұлғайды жағдайы жақсарды. Тамақтануы асханада және үйде.Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта, бауырлық интоксикацияның белгілері жоқ.терісі және склерасы орташа сарғайған.Бауыры 1,5 2см, қабырға доғасынан выступает.Зәрі қоңыр түсті ,нәжісі ахолиялық. АЛТ - 250 Ед., АСТ – 150 Ед, жалпы билирубин - 105 ммоль/л, тұра- 70 ммоль/л,тұра емес – 35 ммоль/л .


Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

* Вирусты гепатит А



  • Вирусты гепатит Е

  • Вирусты гепатит С

  • Вирусты гепатит В

  • Вирустыгепатит D

#37
*!Бойжеткен қыз 18 жаста, студет, аурудың 8 күні түсті. Шағымдары: бірінші күннең бастап әлсіздік, жүрек айну, дене қызуының аз ғана көтерілуі, оң жақ қабырға астында ауру сезім. Аурулың 7-ші күні көз қарашығының сарғаю, зәрдің түсінің өзгеруін байқады. 2 күннең кейін сарғаюы ұлғайды жағдайы жақсарды. Тамақтануы асханада және үйде.Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта, бауырлық интоксикацияның белгілері жоқ.терісі және склерасы орташа сарғайған.Бауыры 1,5 2см, қабырға доғасынан выступает.Зәрі қоңыр түсті ,нәжісі ахолиялық. АЛТ - 250 Ед., АСТ – 150 Ед, жалпы билирубин - 105 ммоль/л, тұра- 70 ммоль/л,тұра емес – 35 ммоль/л .


Қандай ИФА мәліметтері ең ықтимал?

*anti HAV IgM



  • anti HAV IgG

  • anti HEV IgM

  • anti HEV IgG

  • anti HBc IgM

#40


  • !Науқас 38 жаста, фибромиомаға жасалған операциядан кейін 5 айдан кейін ауырған. Операция кезінде қан құйылған. Апта бойы әлсіздік, ауру сезімінсіз, тәбеті төмендеген, жүрек айну болған. Бүгін сарғаю пайда болды, жағдайы күрт нашарлады, мұрнынан қан ақты. Анамнезінде: 3 жүктілік, 2 аборт, 1 босану- кесір тілігі. Объективті:тежелген, аузынан бауыр иісі, терісі және шырышты қабаттары сарғайған, іште кеңейтілген венозды тор .Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр, консистенциясы тығыз. Спленомегалия. Зәр түсі -күңгірт, нәжісі -ахолиялық.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?



  • Вирусты гепатит В

  • Вирусты гепатит А созылмалы гепатит В аясында

  • Вирусты гепатит С созылмалы гепатит В аясында

  • Вирусты гепатит Е созылмалы гепатит В аясында

  • Вирусты гепатит D созылмалы гепатит В аясында

#41


  • !Науқас 38 жаста, фибромиомаға жасалған операциядан кейін 5 айдан кейін ауырған. Операция кезінде қан құйылған. Апта бойы әлсіздік, ауру сезімінсіз, тәбеті төмендеген, жүрек айну болған. Бүгін сарғаю пайда болды, жағдайы күрт нашарлады, мұрнынан қан ақты. Анамнезінде: 3 жүктілік, 2 аборт, 1 босану- кесір тілігі. Объективті:есі тежелген, аузынан бауыр иісі, терісі және шырышты қабаттары сарғайған, іште кеңейтілген венозды тор .Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр, консистенциясы тығыз. Спленомегалия. Зәр түсі -күңгірт, нәжісі -ахолиялық.

Қандай ИФА мәліметтері ең ықтимал?



  • HВsAg, anti HAV IgM

  • HВsAg, anti HCV total

  • HВsAg, anti HDV IgM

  • HВsAg, anti HEV IgМ

  • HВsAg, anti HBc IgM

#42


  • !Науқас 30 жаста, жүкті 31-32 апта, Иссык-кульде демалып келген соң 2 аптадан кейің ауырды. Сапар кезіңде бассейнде, көлде шомылған. Апта бойы әлсіздік, тәбеті төмендеген, жүрек айну. Бүгін сарғаю пайда болды, жағдайы күрт нашарлады, мұрнынан қан ақты Объективті:есі тежелген, аузынан бауыр иісі, терісі және шырышты қабаттары сарғайған, кеудесіңде,ішінде георрагиялық бөртпелер.Бауыры қабырға доғасымен. Зәр түсі -күңгірт, нәжісі -ахолиялық.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?



  • Вирусты гепатит В

  • Вирусты гепатит А

  • Вирусты гепатит С

  • Вирусты гепати Е

  • Вирусты гепатит D

#43


  • !Науқас 30 жаста, жүкті 31-32 апта, Иссык-кульде демалып келген соң 2 аптадан кейің ауырды. Сапар кезіңде бассейнде, көлде шомылған. Апта бойы әлсіздік, тәбеті төмендеген, жүрек айну. Бүгін сарғаю пайда болды, жағдайы күрт нашарлады, мұрнынан қан ақты Объективті:есі тежелген, аузынан бауыр иісі, терісі және шырышты қабаттары сарғайған, кеудесіңде,ішінде георрагиялық бөртпелер.Бауыры қабырға доғасымен. Зәр түсі -күңгірт, нәжісі -ахолиялық.

Қандай ИФА мәліметтері ең ықтимал?

*anti HAV IgM



  • anti HAV IgG

  • anti HEV IgM

  • anti HEV IgG

  • anti HBc IgM

#44
*! Науқас 23 жаста, көкбауырдың жарылуына байланысты жасалған оттадан 2 айдан кейін ауырды,қан құйылған.Шағымдары: эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға астында ауру сезім, тәбетінің бұзылуы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Терісінің және шырышты қабатының орташа сарғаюы.АҚ-110/70,пульс-60 мин.Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астын пальпация кезіңде ауру сезім. Бауыр1 см қабырға доғасы бойымен. Зәр қоңыр түсті.АЛТ-150Ед, АСТ-120Ед, жалпы билирубин-85ммоль/л, тура- 60 ммоль/л,тура емес– 25 ммоль/л . Болжамды диагноз вирусты гепатит С қойылған. Қандай мәлімет дәлел болад?



#44
*!Науқас Д., 43 жаста, орташа ауырлықта инфекциялық ауруханаға, ауырғанына 12 күннен кейін келіп түскен. Шағымдары: әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, тұрақсыз жүрек айну, бас айналу, зәрінің түсінің қараюы. Біртіндеп ауырған, әлсіздіктен басталып , біртіндеп күшейген, селқостық, жұмысқа бейімділік төмендеді. Соңғы екі күн бойы анорексия, бас айналу, зәрінің түсінің қараюы байқалған. Эпид.фактор: үш ай бұрын стоматологқа қаралған.Объективті: науқас әлсіз, склераларының аздаған иктериялығы бар. Пульс 60 рет мин. АҚ 100/60 мм.с.б.б. Тілі ісінген, ақ жабындымен жабылған. Іші кепкен, жұмсақ, ауру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасынан үш см-ге шығып тұр, біртегіс, эластикалық.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?



  • Опистархоз

Вирусты гепатит В

  • Инфекциялық мононуклеоз

  • Лептосрироз

  • Вирусты гепатит А

#44
*!Ер адам, 19 жаста, жатақханада тұрады, ауруы жедел басталған, дене қызуы 39 С дейін көтерілген,қалтыраған, басы ауырып, әлсіздік дамиды. Осымен қатар іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, 7-8 рет іші сұйық болып өткен.Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі бар. Нәжісі сұйық, шырыш, қан араласқан.


Қай диагноз ең ықтимал?

*амебиаз


  • дизентерия

  • сальмонеллез

  • тағаммен улану

  • созылмалы гастроэнтерит, өршу кезеңі

#46
*! Ер адам, 17 жаста, жатақханада тұрады, ауруы жедел басталған, дене қызуы 39 С дейін көтерілген,қалтыраған, басы ауырып, әлсіздік дамиды. Осымен қатар іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, 7-8 рет іші сұйық болып өткен.Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі бар. Нәжісі сұйық, шырыш, қан араласқан.


Қай диагноз ең ықтимал?

*амебиаз


  • жедел шигеллез

  • сальмонеллез

  • тамақ токсикоинфекциясы

  • созылмалы гастроэнтерит, өршу кезеңі

#47
*!Ер адам, 34 жаста, аурғанына 2 күн болғанда ауруханаға келіп түскен. Келгендегі шағымдары- ішінің бүріп ауыруы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, ішінің 15 ретке дейін өтуі Дене қызуы 38,8ºС. АҚҚ-100/70 мм с.б.. Жүрек соғысы минутына 92 рет. Сигма тәрізді ішіегі тығыздалған, пальпациялағанда ауырады. Нәжісі аз мөлшерде, шырыш және қан араласқан.


Эпидемиялогиялық анамнезіңде тамақтануына кіреді

*шикі жұмыртқа


*маринадталған саңырауқұлақтар
*бұзылған салат
* жуылмаған қияр
*суррогат алкогольді

#48
*! Жасөспірім 16 жаста, участкелік дәрігерге қаралған, 3-күн бойы дене қызуы 37,7C, бас ауру, тамақтағы ауру сезім трахея бойымен, дөрекі жөтел мазалайды. Қараған кезде аңқасы аздап қызарған, бадамша безі доғаның артында, жабынды жоқ, тыныс алуы қиын және жиі, мұрыннан көп мөлшерде серозды бөлінділер байқалады, дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген ритм дұрыс ЖСЖ 82 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ару сезімсіз. Зәр шығаруы қалыпты.


Парагрипп кезінде жоғарғы тыныс жолдарының қай бөлігі зақымдалады?

*Мұрынның шырышты қабаты


*Жұтқыншақ
*Көмей
*Трахея
*Бронхтар

#48
Катаральді көрініс айқын экссудатты компонентпен, фарингит,тонзиллит, ринит, конъюктивит және лимфаденопатия қосылған көріністер тән:


* Гриппке


*Риновирусты инфекцияға
*Аденовирусты инфекцияға
*Менингококкты назофарингитке
*Жұқпалы мононуклеозге

#49
*! Ер адам 20 жаста стацианорға мынандай шағымдармен түсті. аздап бастың ауруына, мұрынның бітелуіне, құрғақ жөтел, аздаған тамақтағы ауру сезіміне. Қараған кезде дене қызуы -37C, склераның қантамырларының инъекциясы және сол көздің конъюктивиті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының аздап қызарғаны және түйіршіктілігі байқалады. Мойын, қолтық асты лимфа түйіндері пальпацияланады. Ішкі мүшелер жағынан өзгеріссіз.


Аденовирусты инфекция үшін келесі синдром тән:
* Фарингит
*Бронхит
*Ларингит
*Склерит
*Трахеит

#50
*!Студент, 18 жаста, жедел ауырған, таяуда асханадан сатып алынған етті котлеттермен тамақтанғаннан кейін 40 минуттан соң ауырған. Әлсіздік, бас айналу, салқын тер, эпигастрий аймағындағы ауру сезім, көп реттік қайталамалы құсу, сұйық нәжіс, дене қызуының 37,3 С көтерілуі пайда болған. Мед. пункте асқазаны жуылған. Диспепсиялық бұзылыстар тоқтаған.


Қай диагноз ең ықтимал?



  • ботулизм

  • сальмонеллез

  • тағамдық токсикоинфекция

  • дизентерия

  • эпидемиялық гастроэнтерит



#50
*!36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің жиі өтуі шағымыдармен ауылдық ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 80/60 мм сын.бағ. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші ауру сезімсіз. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.
Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?



  • гормонотерапия

  • десенсибилизация

  • антибиотиктер қабылдау

  • т/і тұзды ерітінділер құю

  • осмотикалық диуретиктер салу

#51
*!26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 5-6 ретке дейін сұйық нәжіс шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезі: таңертең қуырылған тауық жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.


Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?



  • гормонотерапия

  • десенсибилизация

  • антибиотиктер қабылдау

  • осмотикалық диуретиктер қабылдау

  • асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу

#52
*! Әйел адам 30 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 15 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 38,1С, АҚҚ 90/60 сын.бағ.бой., пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттер.-11,4*109/л, эозинофилдер-1%, таяқшалы ядролар-2%, сегмент ядролы-75%, лимфациттер -18%, моноцитер-5%, . ЭТЖ - 17мм/сағ.


Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу тағайындау керек?



  • зәрдің жалпы анализі

  • қанның жалпы анализі

  • гемокультураға қан тапсыру

  • нәжісті бактерилогиялық зерттеу

  • зәрді бактерилогиялық зерттеу

#53
*! 72 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы, АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 102 минутына.


«Диарея және гастроэнтерит»(2013) клиникалық хаттамасына сайкес дифференциалды диагностика мақсатында қандай шара жүргізген дұрыс?



  • ЭЭГ

  • ЭКГ

  • УДЗ

  • кеуде клеткасының рентгенографиясы

  • құрсақ қуысының рентгенографиясы

#54
*! 65 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы,дене қызуы-36,70С АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 105 минутына. Ішті пальпациялағанда: эпигастрия аймағында кіндік айналасында ауру сезім.


«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес дифференциалды диагностика мақсатында қандай шара жүргізген дұрыс?

  • Клиникалық нәжіс анализі

  • тропаниндік тест

  • қандағы қант

  • қандағы лейкоциттер

  • несепнәр, қандағы креатинин

#55
*! 34 жастағы ер адам ауруның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 38,8ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 92 рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған. Қай диагноз ең ықтимал?


* асқазан шайынды суы, нәжістің, зәрдің бактериологиялық себу


*нәжістің бактериологиялық себу
* құсықтың, нәжістің, зәрдің бактериологиялық себу
* өттің, нәжістің, зәрдің бактериологиялық себу
* зәрдің, нәжістің бактериологиялық себу

#56
! 51 жастағы ер адам, Алматы облысының тұрғыны, жедел ауырған – дене қызуы көтеріліп, жалпы әлсіздік мазалайды, интоксикация белгілері бар, оң жақ білек аймағында ауыратын жара (осы жерде жабысп қалған кене болған). Қарап тексергенде жағдайы орта ауырлықта, жардан іріңді геморрагиялық бөлінді байқалады, лимфангит бар, оң жақ қолтық астында лимфаденит (тығыз, аздап ауырады). Диагнозы: Туляремия, жаралы-бубонды түрі.


Диагнозды дәлеллдеу үшін керек зерттеу:

* жалпы қан анализі


* жалпы зәр анализі
*жара мен бубоннан материалды бактериологиялық зерттеу
* жара мен бубоннан материалдымикроскопиялау
* қанды бактериологиялық зерттеу.

#57
*!27 жастағы ер адам ауруның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 10 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 39,5ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б.. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.


«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес диагнозды нақтылауда қандай тексеру жүргізу керек?

*тік ішектің жағынды батериоскопиясы


*қандағы қант

  • нәжісті дисбактериозға

  • нәжісті бактерилогиялық зерттеу

  • қанды биохимиялық зерттеуі

#58
*!25 жастағы әйел адам ауруның 3-ші күні жұқпалы ауруханаға қаралады. Үйінде ысталған шұжық жигеннен кейін 1 тәуліктен соң ауырды Шағымдары; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 5-7 ретке дейін іш өту.. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Клиникалық жазылудан кейін дәрігердің тағайындалған зерттеулер


«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес қандай зерттеу әдісін науқас ауруханадан шығар алдыңда дәрігер тағайындады?



  • Нәжістің клиникалық зерттеуі

  • Асқазан жуу суларын себу

  • Қанның серологиялық зерттеу

  • Нәжісті бактериологиялогиялық зертттеу

  • Қанның иммуноферментті зерттеуі



#59
*!30 жастағы әйел адам ауруның 3-ші аптасында ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 10-15 ретке дейін өтуіне,тенезмге, жалған шақырулар шағымданды. Температурасы 37,5ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 84рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес қандай аспаптық зерттеу әдісі диагнозы қоюға ең ақпаратты болып саналады?



  • ЭКГ

  • УДЗ кіші жанбас ағзаларының

  • УДЗ құрсағ қуысы ағзаларының

  • Виртуальді КТ-колоноскопия

  • Ректороманоскопия

#60
*!25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық көріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті.


Қандай ем шарасы ең тиімді болып табылады?



  • ферменттер қолдану

  • дезинтоксикация

  • иммунокорректорлар қолдану

  • өт айдайтын дәрілер қолдану

  • вирусқа қарсы дәрілер қолдану

#71
*!19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».


Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?

  • анатоксин енгізу

  • қорғаныс бетпердесін қолдану

  • гамма-глобулин енгізу

  • арнайы вакцинация

  • тек қана қайнаған су қолдану

#72
*!18 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуа, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.


Диагнозды дәлелдеуге қай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?



  • Сулемді сынама

  • Тимол сынамасы

  • Трансаминаза дәрежесі

  • Билирубин және оның фракциялары

  • Вирусты гепатиттердің маркеры

#74
*!Науқас 40 жаста. Ауырғанына 13 күн болған. Шағымдары: жүрек айну , құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, иегінің қанталауы, зәрінің түсінің қараюы, үлкен дәретінің түсінің ахолиялық болуы. Біртіндеп ауырған, біріншіден әлсіздік, соңынан тәбетінің жоғалуы, буындарының ауруы, дене температурасының 37,3˚С қа дейін көтерілуі болған. 12-ші күні зәрінің түсі қарайып, нәжісі түссізденген. Қарағанда тері жамылғылары сарғайған, гепатомегалия.


Диагнозды дәләлдеу үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?



  • ТЕГАР

  • ТГАР

  • КБР

  • ИФА

  • иммунды блотинг

#75
*!Науқас 23 жаста, слесарь-сантехник, жатақханада тұрады, асханада тамақтанады. Бір апта бұрын ауырған: екі күн бойы дене температурасы 39-38,5˚С , әлсіздік, эпигастрий және оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі болған, тәбеті төмендеген.


Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаттардың аздаған сарғаюы байқалады. АҚ- 110/70 мм.с.б.б., пульс 60 рет мин. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімді. Бауыры қабырға доғасынан 2см -ге шығып тұр. Кіші дәретінің түсі «қою қайнатылған шәй» секілді.
Диагнозды дәләлдеу үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?



  • ТЕГАР

  • иммунды блотинг

  • КБР

  • ИФА

  • ТГАР

#76
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады. Тағайындаудағы қателікті табыңыз:


* глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы


* трисоль 500 мл к/т тамшы
*пенициллин 12 млн/тәу б/е
* аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т
* баралгин 5,0 б/е

#76
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.


Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады.
Қандай препаратты науқасқа тағайындамау керек:

* глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы


*левомицетин-сукцинат 3,0 г/тәу б/е
* трисоль 500 мл к/т тамшы
* аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т
* баралгин 5,0 б/е

#75
*!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.


Қандай зерттеу ЕҢ маңызды болып табылады?
*Қанның жалпы анализі
*Жалпы зәр анализі
*Мұрын жұтқыншақтан жағынды вирусологияға
*Жұтқыншақтан жағынды микрофлораға
*Қанның биохимиялық анализі

#76
*!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.


Қандай дәрі тағайындаған дұрыс?
*Антибиотиктер
*Вирусқа қарсы препараттар
*Симптоматикалық
*Иммуномодуляторлар
*Десенсибилиздеуші

#73
*! Әйел адам, 25 жаста ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті, шағымдары: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, тамақтағы ауру сезім, құрғақ жөтел, көздің ашуына. Объективті: Дене қызуы 39,5С, беті қызарған, аңқаның шырышты қабаты айқын қызарған, жұтқыншақтың артқы қабаты түйіршіктелген, склераның қантамырларының инъекциясы. Мұрыннан серозды-шырышты бөлінділер. Жөтел құрғақ. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар естілмейді. Жүрек тоны анық тахикардия ЖСЖ 92 рет/мин ,АҚҚ 110/710 мм.с.б.


Тағайындалған ем: Цефазолин 1,0*3р б/е, глюкоза 5%-500,0 к/т, супрастин 1,0 б/е, ремантодин схема бойынша, тамақты фурациллинмен шаю тағайындаған.
Тағайындауда қандай қателіктер жіберген:

*Антибиотиктер


*Дезинтоксикациялық
*Десенсибилиздеушія
*Ремантадин схема бойынша
*Тамақты фурациллинмен шаю

#74
*!25 жастағы ер адам ауруханаға екінші күні, бастың ауруы, құрғақ жөтел, тамақтағы ауру сезімі, көзінің ашуына шағымданып түсті. Объективті: Дене қызуы 38,80С, аңқасында айқын қызару,жұтқыншақтың артқы қабырғасында түйіршіктер байқалады.Склераның қантамырларының инъекциясы. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, ЖСЖ 88 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.


Қандай вирусқа қарсы препарат тағайындаған маңызды?
*Тамифлю
* Ацикловир
* Интерферон
* Циклоферон
*Оксалиновая мазь

#75
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.


Айталмыш науқастан бактериологиялық зерттеу үшін қандай материал алу қажет:
* қан, бөртпе элементінен жағынды
* жұлын сұйықтығы
*мұрын-жұтқыншақтан жағынды, қан, ликвор
* мұрын-жұтқыншақтан жағынды ,бөртпе элементі, ликвор
* ликвор, қан

#76
*!18 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.


Қандай дәрі тағайындаған дұрыс?
*Антибиотиктер
*Вирусқа қарсы препараттар
*Симптоматикалық
*Иммуномодуляторлар
*Десенсибилиздеуші

#78
! 19 жастағы ер адам, аурығанына 3 күн болғанда келіп түскен. Құлақ маңындағы сілекей бездерінің маңы ісінгеніне, басының қатты ауруына, қайталанған құсуға шағымданып келген. Пальпациялағанда сілекей бездері қамыр сияқты жұмсақтау, аздап ауырады, Мурсу симптомы оң, дене температурасы 39ºС, менингеалды белгілері оң. Лейкоциттер саны – 5.400 1 мкл қанда, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз.


Қандай зерттеу жүргізу қажет:

*жұлын миының пункциясы


* бса миына КТ
* электроэнцефалограмма
* бас миының МРТ- сы
* бас миына УДЗ

#79
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.


Науқаста қызба, бас ауруы, құсу және менингеальды симптомдар оң болды.
Сіздің іс әрекетініз:

* антибактериальды терапия жүргізу


* қызуды түсіретін дәрілерді тағайындау
* гормондарды тағайындау
* бас миын рентгенологиялық тексеру
*жұлын сұйықтығын зерттеу

#80
! 51 жастағы ер адам, Алматы облысыының тұрғыны, жедел ауырған – дене қызуы көтеріліп, жалпы интоксикация дамыған, оң жақ білек аймағында ауыратын жара (осы жерде жабысп қалған кене болған). Қарап тексергенде жағдайы орта ауырлықта, жардан іріңді геморрагиялық бөлінді байқалады, лимфангит бар, оң жақ қолтық астында лимфаденит (тығыз, аздап ауырады).


Ең тиімді этиотропты препарат:

*ципрофлоксацин


* пенициллин
* делагил
* ремантадин
* фуразолидон



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет