«Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша қорытынды бақылауға арналған тесттік тапсырмалар



бет4/14
Дата21.10.2022
өлшемі99,41 Kb.
#154294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
инфекция сессия

*Инфекциялық-токсикалық шок+++
*Жедел бүйрек жетіспеушілігі
*Жедел бауыр жетіспеушілігі

#37
*!Студент, 18 жаста, жатақханада тұрады. Ауруы жедел басталған: дене қызуы 39 С-қа дейін жоғарылаған, қалтырау, ішінің төменгі аймақтарындағы толғақ тәрізді ауыру сезімі, 7-8 рет іштің өтуі пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары бәсеңдеген. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Жедел дизентерия(шигеллез),колиттік варианты

#38
*!Ер адам, 34 жаста, ауруханаға іштің толғақ тәрізді ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, 15 рет іштің өтуіне, дефекацияға жалған шақыруға, тенезмдерге шағымданып келген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,8С. ҚҚ - 100/70 мм с. б. Пульс 92 рет/мин. Іші жұмсақ, кіндік маңында, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Сигма тәрізді ішек жиырылған, ауыру сезімді. Нәжісі «ректальді түкірік» тәрізді.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Жедел дизентерия(шигеллез),орташа ауырлықта,колиттік варианты
#39
*!Әйел адам 25 лет. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауыруы, жүрек айнуы, әлсіздік, 10 рет іштің өтуі, тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар. Өзінің ауруын жуылмаған қияр жегенімен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары бәсеңдеген. ҚҚ - 110/70 мм с. б. Пульс - 98 рет/мин. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Сиг­ма тәрізді ішек жиырылған. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.
Жалпы қан анализінде: лейкоциттер - 11,4x109/л, ЭТЖ - 17 мм/сағ.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Дизентерия(шигеллез),жедел колиттік варианты
#40
*!Ер адам 20 жаста. Ауруы бір апта бұрын басталған: әлсіздік, жүрек айнуы, құсу 4-5 рет пайда болған, тәбеті төмендеген, дене қызуы 380С-қа дейін жоғарылаған. Аурудың 6-шы күні зәрдің қоңырлауын байқаған, 8-ші күні нәжісі түссізденген. Кеше сарғыштықты байқаған, бірақ дене қызуы қалыптасып, жалпы жағдайы жақсарған (жүрек айнуы тоқтап, тәбеті пайда болды). Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған. Пульсі – 68 рет/мин. Бауыры 1,5 см-ге ұлғайған. Нәжісі түссізденген. Зәрі қоңыр түсті.
Ең ықтимал диагноз: Гепатит А,жедел сатысы,өршу кезеңі

#41
*!Әйел адам 35 жаста. Шағымдары: айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, қайталамалы құсу, сарғыштық, терінің қышуы, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі. 2 ай бұрын қан құйылған (гемотрансфузия). Ауруы 10 күн бұрын басталған: әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Аурудың 7-ші күні зәрі қоңырлап, сарғыштық пайда болған. Сол кезде әлсіздік күшейгенін, құсудың жиілегенін байқаған. 1 рет мұрыннан қан кеткен. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы. Тері мен шырышты қабаттары айқын сарғайған. Пульсі – 88 рет/мин. Бауыры 1,5-2,0 см-ге ұлғайған. Нәжісі ахолиялы. Зәрі қоңыр түсті.


Ең ықтимал диагноз: Гепатит В

#42
*!Ер адам, 30 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген.


Науқаста қандай асқыну ең ықтимал болып табылады?
Цирроз
#43
*!Ер адам, 40 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген.
ИФА нәтижесі: HBsAg+, anti HDV+, anti HB corе total+
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Вирусный гепатит D на фоне хронического гепатита В

#44
*!Әйел адам, 48 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, түндегі тершеңдік, сол жақ қолының білезік аймағындағы және бел аймағындағы ауыру сезімі. 8 ай бұрын жоғары қызбамен, қалтыраумен, тершеңдікпен, буындарының ауыруымен көрінген аурумен ауырған. Эпидемиологиялық анамнез: үй шаруашылығында ешкі, қой ұстайды. Объективті: көңіл-күйі эмоциональді тұрақсыз. Дене қызуы - 37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Сол қолының білезік буынының аймағында терісі қызарған, ісіну байқалады. Осы буынның пальпациясы, активті және пассивті қимылдары ауыру сезімді.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады? Екіншілік-созылмалы бруцеллез

#45
*!Ер адам, 45 жаста, мал дәрігері, ауруханаға түскен кездегі шағымдары: шаршағыштық, бас ауыруы, әлсіздік, қалтырау, тершеңдік, дене қызуының 37,80С-қа дейін, кешкі уақытта 390С-қа дейін жоғарылауы. 1 ай бойы ауырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Мойын, қолтық асты, шап аймағындағы лимфа түйіндері үлкейген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған.


Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады? Жедел бруцеллез,орташа ауырлық дәрежесі

#46
*!Әйел адам 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді. Ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, қалтырау, тершеңдік, бұлшық еттер мен буындарының ауыруы, жөтел. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,2 С. Бөртпе жоқ. Өкпесіндегі тынысы әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Rikketsia Burnetti қоздырғышына қарсы комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) арқылы анықталған антиденелер титрі – 1/32.


Сипатталған ауруға аса тән тыныс алу жүйесінің зақымдалуы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет