Керекті құрал-жабдықтар: дақылдық қоспалар, бояулар жиынтығы, демонстрациялық препараттар
Сабақ тақырыбын өз бетімен дайындауға арналған сұрақтар: Қышқылға төзімді бактериялардың жасуша қабырғасының құрылысы. Химиялық құрамы.
Циль-Нильсен әдісінің негізі. Қолданылатын реактивтері мен бояулары.
Бактерияларды тірі күйінде тексеру әдістері ("езілген тамшы" және "ілінген тамшы" препараттары).
Спирохеталардың жіктелуі, морфологиялық ерекшеліктері. Романовский-Гимзе әдісі бойынша бояу.
Риккетсиялардың жіктелуі, морфологиялық ерекшеліктері. Здродовский әдісі бойынша бояу.
Микоплазмалардың жіктелуі, морфологиялық және тинкториалдық ерекшеліктері.