Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары



бет18/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
5. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны

20. «Философия негіздері» (7 сағат):


«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам өміріндегі және қоғамдағы рөлі, философия – ақылға деген құштарлық, философия – өмір туралы парасатты ілім, философия-ақыл мәдениеті;
«Философия ой-сапа мектебі», философ деген кім, алғашқы философтар және олардың ілімі, өз-өзіңді тани біл, философиялық сұрақтар және жауаптардың ерекшелігі;
«Философия антропологиясы» (2 сағат), адам – философияның басты мәселесі, философия – адамның ерекше және мазмұнды мәселесі, адамның философиядағы негізгі бейнесі, адамның адам болуға деген ұмтылысы;
«Адам ойының ізденісі», философия өмір мағынасы туралы, адам атауы, қазіргі өркениеттегі адамның шарты, «Адам капиталы» туралы түсінік және оның мағынасы;
«Жаратылыстану философиясы» (2 сағат), табиғатқа деген философиялық көзқарас, табиғатқа өздігінен дамушы жүйе ретінде қарау, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің негізгі теориялары, экологиялық дағдарыс, экологиялық сана және биофилософия;
«Жаратылыстану ғылыми білімдердің философиялық мәселелері» Биологияның, медицинаның, физикадағы, химиядағы философиялық мәселелер, философия және математика;
қайталау (1 сағат).
21. «Әлеуметтану негіздері» (8 сағат):
«Әлеуметтану дегеніміз не?» (2 сағат), Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтанудың пайда болуы және дамуы, әлеуметтанудың обьектісі мен пәні, әлеуметтанудағы негізгі сұрақтар, әлеуметтанудың сандық және сапалық әдістері, зерттеудің әлеуметтанулық әдістерінің ерекшеліктері, әлеуметтанудың математикалық ұстанымдары;
«Әлеуметтанулық білім», әлеуметтанудың жаратылыстану ғылыми білімдермен өзара әрекеттесуі, әлеуметтану білімінің құрылысы, қазіргі заманғы қоғам мәселесін түсінудегі әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;
«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара байланыс жүйесі ретінде, әлеуметтік өзара қарым қатынастардың түрлері, әлеуметтік топтар, олардың түрлері, әлеуметтік институттар және оның түрлері, әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс, ауытқушылы мінез құлық және әлеуметтік бақылау;
«Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық», қазіргі қоғамдағы орта топтың рөлі және маңызы, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік қақтығыстың себептері, әлеуметтік қақтығыс сипаттамасы, әлеуметтік қақтығысты басқару, әлеуметтік қақтығысты шешу жолдары;
«Тұлға және қоғам» (3 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, жас жеткіншектік кезеңдегі әлеуметтік рөлдер, жастар субмәдениетінің ерекшеліктері, жастардың кәсіби және әлеуметтік бағыты, әлеуметтік тұрмыс қызығушылығы, тұрмыстық қатынас мәдениеті;
«Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік», ұлыс және ұлт, этномәдени құндылықтар және салт-дәстүр, этностың ментальдық ерекшеліктері, ұлтаралық ынтымақтастық және келіспеушіліктер, ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу мәселелері;
«Қазіргі діни жағдай», діни өмірдегі әлеуметтік жағдайлар, дін әлеуметтануы, діни конфессиялар, конфессия аралық серіктестік, жастар ортасында діни экстремизмді алдын алу қажеттілігі;
қайталау (1 сағат).
22. «Саясаттану негіздері» (6 сағат):
«Саясаттану дегеніміз не?» (2 сағат), саясаттану ғылым ретінде, саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мәселелері, саясаттанудың негізгі тұжырымдамалары;
«Саясаттанулық білім», саясаттану білімінің құрылысы, саясат технологиясы және оның жаратылыстану ғылыми құрамы, қоғамдық өмірді басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттану білімдерінің маңызы;
«Саясат және мәдениет» (3 сағат), саясат өнер ретінде, қоғамдық қатынастарды саяси реттеудегі ерекшеліктер, саяси жүйе, оның құрылымы, қызметі, саяси институттар, нормалары, коммуникациялары, үдерістері туралы түсінік;
«Саяси мәдениет», билік және саясат, қоғамдық билік туралы түсінік, биліктің шығуы, билік қарым-қатынастарының типологиясы, билік легитимациясы, демократия және парламентаризм, азаматтық қоғамның негіздері;
«Жеке тұлға және саясат», саяси элита, саяси көшбасшы туралы түсінік, жетекшіліктің типологиясы, саяси көшбасшының көрінісі, қоғамдық санадағы құрылымы және қолдау;
қайталау (1 сағат).
23. «Экономикалық теорияға кіріспе» (6 сағат):
«Өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру» (3 сағат), еңбек нарығ, еңбек нарығының ерекшеліктері, қызметтері, субъектілері, компонеттері, еңбекке сұраныс, еңбекке ұсыныс, еңбекақы, номиналдық және шынайы еңбекақы, еңбек нарығындағы кәсіподақ рөлі, еңбек биржасы және оның қызметтері;
«Капитал нарығы және табиғат ресурстары», капиталға деген сұраныс және ұсыныс ерекшеліктері, инвестициялар мен жинақтар, несие және оның түрлері, несиелік жүйе және оның элементтері, қор биржасы және құнды қағаздар нарығы, табиғи ресурстар нарығы, жер сату және сатып алу объектісі, жерге деген сұраныс, ұсыныс ерекшеліктері, жер рентасы және жердің бағасы;
«Кәсіпкерлік қызмет негіздері», кәсіпкерлік өндірістің факторы ретінде, кәсіпкерліктің субьектілері мен обьектілері, оның дамуының мақсаттары мен факторлары, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
«Ұлттық экономика және оның динамикасы» (2 сағат), экономикалық дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстар, кіріс пен азық-түлік ағымы), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық байлық, ұлттық азық, ішкі азық, ұлттық кіріс);
«Экономикалық өсім ерекшеліктер», экономикалық өсім (мәні, типтері, көрсеткіштері, әлеуметтік экономикалық салдары), макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдігі), инфляция және жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен мәні, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен әдістері;
қайталау (1 сағат).
24. «Заңға кіріспе» (6 сағат):
«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (3 сағат), құқықтық мемлекет туралы ұғым және белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, құрал және нәтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық мемлекеттің негізгі ұстанымдары, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары», мемлекеттік билік туралы ұғым, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің, Үкіметтің Парламенттің қызметі, рәсімделу реті, әділеттілік және сот билігі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;
«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, құқық қорғау органдары туралы ұғым, мемлекеттік қызмет ұстанымдары, құқық қорғау қызметінің ұстанымдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі;
«Құқықтық реттеу негіздері. Заңдылық және құқықтық тәртіп» (2 сағат), құқықтық реттеу негізі, құқықтық реттеу, оның жолдары, тәсілдері, типтері, құқықтық реттеу элементтері мен құралдары, құқықтық реттеу үдерісі сатылары;
«Заңдылық және құқықтық тәртіп», заңдылық (ұғымы және негізгі ұстанымдары), құқықтық тәртіп, қоғамдық тәртіп және құқықтық қамтамасыз ету ұғымдары, ұлттық қауіпсіздік ұғымы, түрлері, Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық қызығушылығы, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қаупі;
қайталау (1 сағат);
25. Қорытынды қайталау (1 сағат).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет