Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы


-тарау. «Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/5
Дата22.12.2021
өлшемі403 Kb.
#127490
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
2. Оку багдарламасы Физика 10-11 сынып ЕМН 2-саг



2-тарау. «Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

5. Оқу пәнінің мазмұны 9 бөлімді қамтиды:

  1. механика;

  2. молекулалық физика;

  3. электр және магнетизм;

  4. тербелістер;

  5. толқындар;

  6. оптика;

  7. кванттық физика;

  8. нанотехнология және наноматериалдар;

  9. космология.

6. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. кинематика;

  2. динамика;

  3. статика және гидростатика

  4. сақталу заңдары;

  5. гидродинамика.

7. «Молекулалық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. молекулалық физика;

  2. газ заңдары;

  3. термодинамика негіздері;

  4. сұйық және қатты денелер.

8. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. электростатика;

  2. тұрақты ток;

  3. әртүрлі ортадағы электр тогы.

4) магнит өрісі;

5) электромагниттік индукция.

9. «Тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


  1. механикалық тербелістер;

  2. электромагниттік тербелістер;

  3. айнымалы ток.

10. «Толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. электромагниттік толқындар.

11. «Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. толқындық оптика;

  2. геометриялық оптика.

12. «Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) атомдық және кванттық физика;

2) атом ядросының физикасы.

13.Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) «Кинематика». Дене қозғалысы кинематикасының негізгі теңдеулері мен графиктері; салыстырмалы қозғалыс, қисық сызықты қозғалыс кинематикасы;

2) «Динамика».Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; гравитациялық өрістегі дене қозғалысы;

3) «Статика және гидростатика». Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері, қатынас ыдыстар; Паскаль заңы, атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі.

4) «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс және энергияның сақталу заңдары, серпімді және серпімсіз соқтығысулар;

5) «Гидродинамика». Газдар мен сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы, денелердің тұтқыр сұйықтағы қозғалысы;

№ 1 Зертханалық жұмыс: «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу»;

6) «Молекулалық физика».Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары, термодинамикалық параметрлер; кристалл және кристалл емес заттар, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың моделі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі;

7) «Газ заңдары». Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс;

8) «Термодинамика негiздерi». Идеал газдың ішкі энергиясы, термодинамикалық жұмыс, жылу мөлшері, жылусыйымдылық, термодинамиканың бірінші заңы, термодинамиканың бірінші заңын әртүрлі процестерге қолдану, адиабаталық процесс, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары;

9) «Сұйық және қатты денелер». Қаныққан және қанықпаған бу, ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі, сұйықтың беттік керілуі, жұғу, қылтүтіктік құбылыстар;

10) «Электростатика». Электр заряды, Кулон заңы, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс, электрсыйымдылық; конденсаторлар; сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр өрісінің энергиясы;

11) «Тұрақты ток». Электр тогы, ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы, электр тогының жұмысы мен қуаты, ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті, пайдаланылған энергия құны;

№ 2 Зертханалық жұмыс. «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену»

№ 3 Зертханалық жұмыс. «Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау».

12) «Әртүрлі ортадағы электр тогы». Металдардағы электр тогы; асқын өткізгіштік, жартылай өткiзгiштердегi электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы, электролиз заңы, газдардағы және вакуумдегi электр тогы;

№ 4 Зертханалық жұмыс: «Электролиттердегі электр тогының пайда болуын зерттеу»;

13) «Магнит өрісі». Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері, Ампер тәжірибесі, магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері; жасанды магниттер; соленоид;

14) «Электромагниттiк индукция». Магнит ағыны, электромагниттiк индукция, электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы;

14. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) «Механикалық тербелістер». Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері;

2) «Электромагниттік тербелістер». Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық;

3) «Айнымалы ток». Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану;

№ 1 Зертханалық жұмыс: «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»;

4) «Электромагниттік толқындар». Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;

5) «Толқындық оптика». Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;

№ 2 Зертханалық жұмыс: «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»;

№ 3 Зертханалық жұмыс: «Поляризация құбылысын бақылау»;

6) «Геометриялық оптика». Геометриялық оптика заңдары, жазық-параллель пластинадан шағылу, толық ішкі шағылу; оптика-талшықты тасымалдаушылар, оптикалық құралдар;

№ 4 Зертханалық жұмыс: «Шынының сыну көрсеткішін анықтау»;

7) «Атомдық және кванттық физика». Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; электромагниттік сәулелену шкаласы; фотоэффект; фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; лазерлер; голография; фотография; томография;

8) «Атом ядросының физикасы». Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;

№ 5 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыырау периодын анықтау»;

9) «Нанотехнология және наноматериалдар». Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар;

10) «Космология». Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; қара құрдым; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет