Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі114,9 Kb.
#86290
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Биология-10-11-сынып
Биология-10-11-сынып
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

12. Бағдарламада оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 10.1.1.1. кодында «10» - сынып, «1.1» - бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.


13. Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.



Бөлім

Бөлімше

Оқу мақсаттары

10-сынып

11-сынып

1. Тірі ағзалардың көптүрлілі-гі, құрылы-мы мен қызметтері

1.1 Тірі организмдердің әртүрлілігі

10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау;
10.1.1.2 филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және (интерпретациялау) түсіндіріп беру;
10.1.1.3 әр алуан филогенетикалық карталар-дың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру




1.2 Қоректену

10.1.2.1 - әр түрлі жағдай-лардың (температура, pH, субстрат пен ингиби-тор концен-трациясы) ферменттер белсенділігіне әсерін зерттеу

11.1.2.1 - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату;
11.1.2.2 - фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру;
11.1.2.3 - фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру;
11.1.2.4 - С3 және С4 өсімдіктердегі көмір-текті тұту (фиксация) жолдарын оқып білу;
11.1.2.5 - фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру;
11.1.2.6 - фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру

1.3 Заттардың тасымал-
дануы

10.1.3.1 - эмбрион мен ересек ағзаның гемо-глобині мен миогло-бині үшін оттектің диссоциациялануы-ның қисық сызығын түсіндіру;
10.1.3.2 - беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру;
10.1.3.3 - пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

11.1.3.1 - өсімдіктердегі заттар транслокация механизмін түсіндіру;
11.1.3.2 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру;
11.1.3.3 - жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру;
11.1.3.4 - натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру;
11.1.3.5 - мембраналық потенциал-ды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау;
11.1.3.6 - түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын зерттеу




1.4 Тыныс алу

10.1.4.1 - аденозинүшфосфаттың (АТФ) құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.1.4.2 - анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру;
10.1.4.3 - метоболизмнің түрлерін атау;
10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау;
10.1.4.5 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату;
10.1.4.6 - Кребс циклін сипаттау




1.5 Бөліп шығару

10.1.5.1 - зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру;
10.1.5.2 - су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) рөлін түсіндіру;
10.1.5.3 - диализ механизмін түсіндіру;
10.1.5.4 - бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау




1.6 Қозғалыс

10.1.6.1 - көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу;
10.1.6.2 - бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру ;
10.1.6.3 - жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру




1.7 Координа-ция және реттеу

10.1.7.1 - миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру;
10.1.7.2 - рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіру;
10.1.7.3 - жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу;
10.1.7.4 - механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау;
10.1.7.5 - холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату

11.1.7.1 - биолгиядағы басқару жүйесін сипаттау;
11.1.7.2 - гормондардың әрекет ету механизмін түсіндіру;
11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсуді тездететін) әсер ету механизмін зерттеу

2. Көбею, тұқым қуалаушы-лық, өзгергіштік. Эволюция-лық даму

2.1 Көбею




11.2.1.1 - адам гаметогенезінің сызбасын талдау;
11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

2.2 Жасушалық цикл

10.2.2.1 - дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу;
10.2.2.2 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру;
10.2.2.3 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру;
10.2.2.4 - қартаю үдерісін түсіндіру




2.3 Өсу және даму




11.2.3.1 - бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

2.4 Тұқым қуалаушы-лық пен өзгергіштік заңдылық-тары

10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу;
10.2.4.2 - дигибридті будандастыру, жыныспен тіркес-кен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану;
10.2.4.3 - кроссинговер нәтиже-сінде белгілердің тұқымқуалау заңдылық-тарының бұзылуын түсіндіру;
10.2.4.4 - аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру;
10.2.4.5 - Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу;
10.2.4.6 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адам-ның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау

11.2.4.1 - мутациялардың дезоксирибонуклеин қышқылы репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын табу;
11.2.4.2 - белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістерді қолдану (t-критерий, χ² критерий);
11.2.4.3 - «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

2.5 Селекция негіздері

10.2.5.1 - селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу




Эволюциялық даму

10.2.6.1 - тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
10.2.6.2 - эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау
10.2.6.3 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау
10.2.6.4 - түр түзілудің тәсілдерін атау
10.2.6.5 - түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу
10.2.6.6 - антропогенездің кезеңдерін атау




3. Ағза мен қоршаған орта

3.1 Биосфера, экожүйе,
популяция




11.3.1.1 - экологиялық пирамида ережесін түсіндіру
11.3.1.2 - экожүйелердегі трофикалық деңгейлердің сызбасын құрастыру;
11.3.1.3 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату;
11.3.1.4 - өз аймақтың экожүйесін статистика-лық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, χ2-критерий) қолданып зерттеу

3.2 Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері




11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау;
11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну

4. Қолданбалы кіріктіріл-ген ғылымдар

4.1 Молекула-лық биология және биохимия

10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру;
10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу;
10.4.1.3 - редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттарды анықтау;
10.4.1.4 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.4.1.5 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;
10.4.1.6 - түрлі жағдайлардың нәр-уыздар құрылымына әсерін зерттеу;
10.4.1.7 - биологиялық нысандарда нәруыздыңболуын анықтау;
10.4.1.8 - дезоксирибонуклеин қышқылы құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;
10.4.1.9 - Чаргафф ережелері негізінде дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы үдерісін сипаттау;
10.4.1.10 - рибонуклеин қышқылы
(РНҚ) типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату;
10.4.1.11 - рибонуклеин қышқылы
және дезоксирибонуклеин қышқылы
молекулаларының құрылысын салыстыру

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру;
11.4.1.2 - фермент-субстрат комплек-сінің түзілу механизмін түсіндіру;
11.4.1.3 - фермент-тердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру;
11.4.1.4 - нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау;
11.4.1.5 - генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру

4.2 Жасушалық биология

10.4.2.1 - электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоид-терінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.4.2.2 - жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдала-нып, жасуша мембранасының құры-лымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату;
10.4.2.3 - прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру

11.4.2.1 - микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау;
11.4.2.2 - жасушалардың нақты мөлшерін анықтау

4.3 Биотехно-логия

10.4.3.1 - биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалар-дың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;
10.4.3.2 - полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау;
10.4.3.3 - гендік-инженерия-лық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру;
10.4.3.4 - гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

11.4.3.1 - микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру;
11.4.3.2 - грамм «оң» және грамм «теріс» бактерияларды зерттеу;
11.4.3.3 - рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;
11.4.3.4 - ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру;
11.4.3.5 - өсімдіктердің микроклоналды көбейту тәсілін сипаттау;
11.4.3.6 - ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

4.4 Биомедици-на және биоинформатика

10.4.4.1 - биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу;
10.4.4.2 - электрокардиограм-маны қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру;
11.4.4.2 - гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру;
11.4.4.3 - биоинформатика-ның рөлін сипаттау
11.4.4.4 - экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) әдісінің маңызын түсіндіру;
11.4.4.5 - ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклональды антиденелерді қолдануды түсіндіру

14. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Биология» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінің
10-11-сыныптарына арналған
«Биология» оқу пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет