Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі279 Kb.
#124623
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
1. Оку багдарламасы Физика 10-11 сынып ОГН 1- сагат дурыс (1)



2-тарау. «Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

5. Оқу пәнінің мазмұны 9 бөлімді қамтиды:

  1. механика;

  2. молекулалық физика;

  3. электр және магнетизм;

  4. тербелістер;

  5. толқындар;

  6. оптика;

  7. кванттық физика;

  8. нанотехнология және наноматериалдар;

  9. космология.

6. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. кинематика;

  2. динамика;

  3. статика және гидростатика

  4. сақталу заңдары;

  5. гидродинамика.

7. «Молекулалық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. молекулалық физика;

  2. газ заңдары;

  3. термодинамика негіздері;

  4. сұйық және қатты денелер.

8. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. электростатика;

  2. тұрақты ток;

  3. әртүрлі ортадағы электр тогы.

4) магнит өрісі;
5) электромагниттік индукция.
9. «Тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. механикалық тербелістер;

  2. электромагниттік тербелістер;

  3. айнымалы ток.

10. «Толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. электромагниттік толқындар.

11. «Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. толқындық оптика;

  2. геометриялық оптика.

12. «Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
13.Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Кинематика». Дене қозғалысы кинематикасының негізгі теңдеулері мен графиктері; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы;
2) «Динамика».Бүкіл әлемдік тартылыс заңы; гравитациялық өрістегі дене қозғалысы;
3) «Статика және гидростатика». Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері, қатынас ыдыстар; Паскаль заңы, атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі.
4) «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс және энергияның сақталу заңдары, серпімді және серпімсіз соқтығысулар;
5) «Гидродинамика». Газдар мен сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы, денелердің тұтқыр сұйықтағы қозғалысы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу»;
6) «Молекулалық физика».Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары, термодинамикалық параметрлер қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың моделі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі;
7) «Газ заңдары». Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс;
8) «Термодинамика негiздерi». Идеал газдың ішкі энергиясы, термодинамикалық жұмыс, жылу мөлшері, жылусыйымдылық, термодинамиканың бірінші заңы, термодинамиканың бірінші заңын әртүрлі процестерге қолдану, адиабаталық процесс, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары;
9) «Сұйық және қатты денелер». Қаныққан және қанықпаған бу, ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі, сұйықтың беттік керілуі, жұғу, қылтүтіктік құбылыстар;
10) «Электростатика». Электр заряды, Кулон заңы, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс, электрсыйымдылық; конденсаторлар; электр өрісінің энергиясы;
11) «Тұрақты ток». Электр тогы, ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы, электр тогының жұмысы мен қуаты, ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті, пайдаланылған энергия құны;
12) «Әртүрлі ортадағы электр тогы». Металдардағы электр тогы; жартылай өткiзгiштердегi электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы, электролиз заңы, газдардағы және вакуумдегi электр тогы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: «Электролиттердегі электр тогының пайда болуын зерттеу»;
13) «Магнит өрісі». Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері, Ампер тәжірибесі, магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері;
14) «Электромагниттiк индукция». Магнит ағыны, электромагниттiк индукция, электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы;
14. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Механикалық тербелістер». Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері;
2) «Электромагниттік тербелістер». Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық;
3) «Айнымалы ток». Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; электр тізбегіндегі кернеу резонансы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»;
4) «Электромагниттік толқындар». Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;
5) «Толқындық оптика». Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»;
№ 3 Зертханалық жұмыс: «Поляризация құбылысын бақылау»;
6) «Геометриялық оптика». Геометриялық оптика заңдары, жазық-параллель пластинадан шағылу, толық ішкі шағылу; оптика-талшықты тасымалдаушылар, оптикалық құралдар;
№ 4 Зертханалық жұмыс: «Шынының сыну көрсеткішін анықтау»;
7) «Атомдық және кванттық физика». Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; электромагниттік сәулелену шкаласы; фотоэффект; фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; лазерлер; фотография; томография;
8) «Атом ядросының физикасы». Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;
№ 5 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыырау периодын анықтау»;
9) «Нанотехнология және наноматериалдар». Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар;
10) «Космология». Жұлдыздар классификациясы; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы.

3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі


15. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


Білім алушылар білуі тиіс:



Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.1 Кинематика



10.1.1.1 - кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу




10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау




1.2 Динамика



10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау




10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау




1.3 Статика және гидростатика



10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау




10.1.3.2- Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы




10.1.3.3- гидростатикалық қысым терминін түсіндіру




1.4. Сақталу заңдары



10.1.4.1 - сақталу заңдарын түсіндіру




1.5 Гидродинамика



10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау




10.1.5.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескереру


2.1 Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері



10.2.1.1 - молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау




10.2.1.2 -қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау




2.2 Газ заңдары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және изопроцестер графиктерін ажырату




2.3Термодинамика негіздері

10.2.3.1 - термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру




10.2.3.2 - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау




2.4 Сұйық және қатты денелер

10.2.4.1 -ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау




10.2.4.2- сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы




3.1 Электростатика



10.3.1.1 - электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау




10.3.1.2 - электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;




10.3.1.4 - қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролі




3.2 Тұрақты ток

10.3.2.1 - ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергі ұғымын түсіну




10.3.2.2 - сыртқы тізбектегі элерктр қозғаушы күші мен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну




10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну




10.3.2.4 - тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу




3.3 Әртүрлі ортадағы электр тогы

10.3.3.1 - әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру




10.3.3.2 - электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау




10.3.3.3-жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет