V. Әдістемелік бірлестіктің құқықтары
Әдістемелік бірлестіктің құқығы бар:
мұғалімдердің біліктілік разрядтарын көтеру туралы ұсыныс дайындауға;
мектепте оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныс беруге;
ӘБ-те жиналған озат педагогикалық тәжірибе материалдарын жариялау туралы мәселені қоюға;
оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша директор орынбасарларынан кеңес сұрауға;
мұғалімдердің аттестациясын ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныстар беруге;
ӘБ тарапынан «Жыл мұғалімі» сайысына мұғалімдерді ұсынуға.
Достарыңызбен бөлісу: |