«Жалпы сұрақтар» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары


Б. ІІ А В. ІІІ А Г. ІІІ Б Д. IV 42. ІІ Б сатысындағы Ходжкин лимфомасын емдеудің ең тиімді емдеу әдісі: А. хирургиялық Б. химиотерапия



бет59/59
Дата07.02.2022
өлшемі118,93 Kb.
#86062
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59

Б. ІІ А


В. ІІІ А
Г. ІІІ Б
Д. IV
42. ІІ Б сатысындағы Ходжкин лимфомасын емдеудің ең тиімді емдеу әдісі:
А. хирургиялық

Б. химиотерапия


В. сәулелік терапия
Г. химиялық-сәулелік ем
Д. кешенді ем
43. Ходжкин лимфомасы кезінде перифериялық лимфа түйіндерінің зақымдануынсыз асқазан зақымданған жағдайда емнің қай түрі көрсетілген:
А. полихимиотерапия

Б. гамма-терапия


В. оперативті ем+полихимиотерапия
Г. лазерлік ем
Д. криотерапия
44. Диагнозы алғашқы рет қойылған Ходжкин лимфомасы кезінде жүктілік аурудың ағымын ауырлата ма?
А. иә

Б. жоқ


В. кейде
Г. бірінші триместрде
Д. екінші триместрде


«Қатерлі лимфомалар» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны



1 – В

23 – Б

2 – В

24 – В

3 – Д

25 – А

4 – Г

26 – Б

5 - Б

27 – Б

6 – Д

28 – Г

7 – Г

29 – Г

8 – Г

30 - Д

9 – Д

31 – А

10 – Б

32 – А

11 – Г

33 – Б

12 – Д

34 – А

13 – Г

35 – В

14 – Б

36 – Б

15 – Д

37 – А

16 – Г

38 – Б

17 – В




18 – В




19 – Д




20 – А




21 – А




22 – В




«Онкоурология» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары
1. Ересектердегі бүйрек паренхимасының эпителийінен туындайтын қатерлі ісікті былай аталады:
А. бүйрек аденомасы
Б. гипернефрома
В. гипернефроидты рак
Г. бүйрек жасушалы рак
Д. майда жасушалы рак
2. Бүйректің қатерлі ісіктерінің ішінде ең жиі кездесетіні:
А. тамырлық
Б. дәнекер тіндік
В. эпителийлі
Г. бүйрек үсті безінің құрылысындай
Д. гамартомалар
3. Бүйрек рагында алыс метастаздар көбінесе қай жерде анықталады:
А. бауырда
Б. өкпеде
В. қарама-қарсы бүйректе
Г. мида
Д. бүйрек үсті безінде
4. Бүйрек рагының лимфогенді метастаздары көбінесе қай жерде орналасады:
А. кеуде аралықта
Б. мойын лимфа түйіндерінде
В. бұғана үсті лимфа түйіндерінде
Г. парааортальды және паракавальды лимфа түйіндерінде
Д. мықын лимфа түйіндерінде
5. Бүйрек рагының алғашқы белгісі:
А. белдің ауыруы
Б. сипап сезілетін ұлғайған бүйрек
В. анемия
Г. субфебрильді температура
Д. гематурия
6. Ісік кезінде көбінесе қандай гематурия байқалады:
А. инициальды (бастапқы)
Б. терминальды (соңғы)
В. тотальды (барлық порциясындағы)
Г. микрогематурия
Д. макрогематруия
7. Ересектердегі ІІ сатылы бүйрек ісіктері кезіндегі операцияның ең тиімді жолы:
А. бел арқылы
Б. трансторакальды
В. трансперитонеальды
Г. торакоабдоминальды
Д. Федоров бойынша (қабырға доғасының қыры бойымен)
8. Бүйрек түбегі рагының диагностикасы қандай мәліметке сүйенеді:
А. бүйрек пен несепағарлардың шолу рентгенографиясына
Б. инфузиялық урографияға
В. ретроградты уретропиелографияға
Г. бүйректі сканерлеу
Д. А,Б,В дұрыс
9. Қуық ісіктерінің ішінде ең жиі кездесетіні:
А. саркома
Б. фиброма
В. гематома
Г. папиллома және рак
Д. миома
10. Қуық ісігінің ең жиі симптомы:
А. зәр ағынының әлсіздігі
Б. дизурия
В. ауыру сезімі
Г. гематурия
Д. зәр шығарудың қиындауы
11. Гематурияның себебін анықтау үшін ең алдымен не өткізеді:
А. УДЗ
Б. экскреторлы урография
В. цистосскопия
Г. жалпы зәр анализі
Д. радиоизотопты сканерлеу
12. Қуық ісігіне күдіктенгенде ең алдымен не жасайды:
А. зәр жолдарының шолушы рентгенографиясы
Б. компьютерлі томография
В. УДЗ
Г. экскреторлы урография
Д. цистосскопия
13. Қуық ісігінің клиникасына тән:
А. ауыру сезімі
Б. гематурия
В. зәр шығарудың қиындауы
Г. дизурия
Д. аталғанның барлығы
14. Қуық рагы кезінде метастаздар көбінесе қай жерде орналасады:
А. тік ішекте
Б. шап лимфа түйіндерінде
В. мықын аймағының регионарлы лимфа түйіндерінде
Г. өкпеде
Д. бауырда
15. Қуық түбі безі аденомасының дамуына ең алдымен септігін тигізеді:
А. созылмалы простатит
Б. дисгармоналдық бұзылыстар
В. тұқым қуалаушылық
Г. вирусты инфекция
Д. жыныстық артықшылықтар
16. Трансректальды саусақпен тексеру кезіндегі қуық түбі безі (ҚТБ) рагына тән белгілер:
А. ҚТБ-нің бір бөлігі есебінен ұлғаюы, қатты кернелуі мен ауыруы
Б. ҚТБ ұлғаюы, бетінің тегістігі, бөлікаралық сайдың тегістелуі, без шекарасының анықтығы және оның ауыруы
В. ҚТБ консистенциясы тығыз-эластикалық, бір бөлігіндегі жұмсару ошағы
Г. ҚТБ беті бұдыр, тығыз, ауырады
Д. ҚТБ ұлғайған, бөлікаралық сай сақталған, беті тегіс емес, консистенциясы салыстырмалы біркелкі емес
17. ҚТБ рагы диагнозын анықтаудың ең тиімді әдісі:
А. сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру және пальпация
Б. ҚТБ трансректальды пальпациясы
В. уретероцистоскопия
Г. УДЗ бақылай отырып ҚТБ трансректальды пункциялық биопсиясы
Д. құрсақарқылы УДЗ
18. ҚТБ рагына қайсысы тән емес:
А. гематурия
Б. аралықтың ауыруы
В. зәрдің іркілуі
Г. бездің тастай қаттылығы, ауыруы
Д. жылдам дамитын дизурия
19. ҚТБ рагының скринингі мен ерте диагностика әдісі:
А. қандағы простатспецификалық антигенді (ПСА) анықтау
Б. қуық түбі безін трансректальды саусақпен тексеру
В. қуық түбі безінің трансректальды УДЗ
Г. жасы 50-ден асқан еркектердің қаңқа сүйектерін рентгенологиялық зерттеу
Д. А мен Б дұрыс
20. Қуық түбі безі рагының диагностикасында қандай зерттеу әдісі қолданылмайды:
А. қуық түбі безін трансректальды саусақпен тексеру
Б. қандағы простатспецификалық антигенді (ПСА) анықтау
В. қуық түбі безінің трансректальды УДЗ және биопсиясы
Г. КТ мен МРТ
Д. альфафетопротеин (АФП) деңгейін анықтау
21. Қуық түбі безінің І-ІІ сатылы рагында қолданылмайды:
А. түбегейлі простаэктомия
Б. түбегейлі жоспар бойынша сәулелік ем
В. интерстициалды сәулелік ем (брахитерапия)
Г. антиандрогендермен гормонотерапия
Д. химотерапия
22. Қуық түбі безі рагын емдеудің тиімділігін бағалау және рецидивін анықтау әдісі:
А. қуық түбі безін трансректальды саусақпен тексеру
Б. трансректальды УДЗ
В. простатспецификалық антигенді (ПСА) анықтау
Г. КТ
Д. барлығы бірге
23. Аталық бездің қатерлі ісігінің басты сүйенетін симптомы:
А. бездің ұлғаюы
Б. ауыру симптомы
В. зәр шығарудың бұзылысы
Г. уретрадан патологиялық бөліністің шығуы
Д. жалпы интоксикация
24. Соңғы жылдары аталық без ісіктерінің диагностикасы мақсатымен өткізіледі:
А. Абилев-Татаринов реакциясы
Б. пункциялық биопсия
В. диафаноскопия
Г. компьютерлі томография
Д. ультрадыбыстық диагностика
25. Аталық бездің қатерлі ісігінің ІІІ сатысында таңдалатын емдеу әдісі:
А. хирургиялық
Б. сәулелік
В. химиотерапиялық
Г. гормоналдық
Д. кешенді
26. Аталық без ісіктерінің дамуына септігін тигізеді:
А. жыныстық артықшылықтар
Б. ұма мүшелерінің жарақаты
В. жұқпалы аурулардан кейінгі эпидидимит
Г. крипторхизм
Д. Б,В,Г дұрыс
27. Аталық бездің герминогендік ісіктеріне қайсысы жатпайды:
А. аденокарциномалар
Б. хориокарциномалар
В. семиномалар
Г. эмбрионалды рак
Д. тератобластомалар
28. Аталық без ісіктерінің диагнозын нақтылау үшін қажетті әдістерге жатпайды:
А. кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
Б. ультрадыбыстық диагностика
В. жамбас артериографиясы
Г. экскреторлы урография
Д. адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) анықтау
29. Семиномамен науқастарды емдеудің тиімділігін бағалауға арналған маңызды әдіс:
А. альфа-фетопротеинді (АФП) анықтау
Б. ультрадыбыстық зерттеу
В. адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) анықтау
Г. лактатдегидрогеназа деңгейін анықтау
Д. А,В,Г дұрыс
30. Семинома T1-2NoMo (ІІ «А» сатысы) кезінде көрсетілген:
А. орхиэктомия+Дюкен операциясы
Б. операцияға дейінгі химиотерапия
В. орхифуникулоэктомия мен содан кейінгі парааортальды және жамбас лимфа түйіндерінің сәулелік емі
Г. операция алдындағы сәулелік ем
Д. Шевассю операциясы
31. Семинома T3NхMo кезінде келесі емдеу әдістері көрсетілген:
А. операция алдындағы химия-сәулелік ем
Б. операциядан кейінгі сәулелік ем
В. орхиэктомия
Г. Шевассю операциясы
Д. орхиэктомия+полихимиотерапия+сәулелік ем
32. Пенистің рак алды ауруы деп санау керек:
А. вирусты папилломалар
Б. лейкоплакия
В. тері мүйізі
Г. Кейр эритроплазиясы
Д. аталғанның барлығын
33. Пенис рагы кезінде аймақтық метастаздау лимфа түйіндеріне жатады:
А. ішастар арты
Б. шап
В. жамбас
Г. медиастинальды
Д. Б мен В дұрыс
34. Пенис рагына келесі гистологиялық түрлер жатады:
А. ангиосаркома
Б. жалпақ жасушалы мүйізденетін рак
В. жалпақ жасушалы мүйізденбейтін рак
Г. аденокарцинома
Д. Б мен В дұрыс
35. Пенистің T2-3N1Mo (ІІ-ІІІ «Б» сатылары) рагы кезінде қабылдайды:
А. химиотерапия+пенис ампутациясы
Б. сәулелік ем+Шевассю операциясы
В. пенис ампутациясы+ Дюкеноперациясы
Г. Шевассюоперациясы
Д. Дюкен операциясы
«Онкоурология» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны



1 - Г

19 - Д

2 - В

20 - Д

3 - Б

21 - Д

4 - Г

22 - Д

5 - Д

23 - А

6 - В

24 - Б

7 - В

25 - Д

8 - Д

26 - Г

9 - Г

27 - В

10 - Г

28 - Г

11 - В

29 - В

12 - Д




13 - Д




14 - В




15 - Б




16 - Г




17 - Г




18 - А




«Балалар онкологиясы» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары
1. Балалық шақта жеке қатерлі ісіктердің ішінде жиі кездесетіні:
А. жұмсақ тіндер саркомасы
Б. бүйрек ісіктері
В. нейробластома
Г. орталық жүйке жүйесінің ісіктері
Д. сүйек ісіктері
2. Балалардағы қатерлі ісіктер диагностикасының ерекшелігі:
А. көпшілік жағдайда ауру анамнезін науқастың өзінен жинау мүмкін еместігі
Б. визуальды бағалауға болатын қатерлі ісектердің аздығы
В. ісіктің диагностикаға қиын түсетін жерлерде орналасуы
Г. арнайы диагностикалық процедуралардың бәрінде дерлік анестезияны қолдану қажеттілігі
Д. аталғанның барлығы
3. Балалық шақтағы қатерлі ісіктердің асқынған түрде кездесуінің негізгі себебі:
А. дәрігерге кеш жүгіну
Б. онкологиялық сақтықтың болмауына байланысты жалпы емдеу қызметіндегі дәрігерлердің клиникалық және лабораторлық мәліметтерді толық және дұрыс емес бағалауы
В. аурудың жасырын ағымы
Г. ісіктің көптеген жалған «маскалар» артына жасырынуы
Д. барлық жауап дұрыс
4. Балаға нейробластоманың бейкурабельді сатысы деген диагноз қойылған. Оны диспансерлік бақылауға алатын клиникалық топты анықтаңыз:
А. І а тобы
Б. І б тобы
В. ІІ топ
Г. ІІІ топ
Д. ІV топ
5. Емханада 10 жасар балаға метастазсыз оң жақ тілерсек буыны аймағының жұмсақ тіндерінің саркомасы диагнозы қойылған. Баладағы ауру ағымының клиникалық тобын анықтаңыз:
А. І а тобы
Б. І б тобы
В. ІІ топ
Г. ІІІ топ
Д. ІV топ
6. Балаға ІІ сатылы Вильмс ісігіне байланысты түбегейлі оперативті ем жүргізілген. Ауруханадан шығарылғанда метастаз барын білдіретін мәліметтер жоқ. Оны шығарғаннан кейін диспансерлік бақылауға алатын клиникалық топты анықтаңыз:
А. І а тобы
Б. І б тобы
В. ІІ топ
Г. ІІІ топ
Д. ІV топ
7. Өспелердің TNM жүйесі бойынша халықаралық жіктелуі нені сипаттау үшін қолданылады:
А. ісік алды жағдайларын
Б. қатерсіз ісіктерді
В. қатерлі ісіктерді
Г. дұрыс жауап жоқ
Д. барлық жауап дұрыс
8. Аталған препараттардың қайсысы иммунитеттің бейспецификалық ынталандырушысы болып табылады:
А. БЦЖ
Б. тимозин
В. интерферон
Г. Т-активин
Д. аталғандардың барлығы
9. Ми ісігінің қатерлі түрге айналуын білдіретін белгілерді көрсетіңіз:
А. инфильтрациялық өсу
Б. метастаз беру
В. нейротоксикалық әсері
Г. геморрагиялық синдром
Д. А мен Б жауаптары дұрыс
10. Мына микроэлементтердің қайсысының тапшылығы қалқанша без рагының дамуына септеседі:
А. йодтың
Б. магнийдің
В. кобальттың
Г. барлық аталғандардың
Д. дұрыс жауап жоқ
11. Ретинобластома ОНЖ-де таралғанда не байқалады:
А. қылилық
Б. лоқсу, құсу
В. цереброспинальды сұйықтықтағы өзгерістер
Г. Б мен В жауаптары дұрыс
Д. барлық жауап дұрыс
12. ІІ сатылы ретинобластомаға тән:
А. қабынулық өзгерістер
Б. жалған қабынулық өзгерістер
В. қарашықтың кеңеюі
Г. глаукома
Д. аталғанның барлығы
13. Кеуде аралық лимфосаркомаға тән:
А. баяу өсу
Б. тез, қарқынды өсу
В. «жоғарғы қуыс венасы» синдромының жиі дамуы
Г. бұл синдромның сирек дамуы
Д. Б және В жауаптары дұрыс
14. Нейрогенді ісіктердің кеуде аралықта негізінен орналасатын жері:
А. артқы кеудеаралық
Б. алдыңғы кеудеаралық
В. өкпе түбірі
Г. қабырға-көкет синусы
Д. барлық жауап дұрыс
15. Нефробластома диагнозын қою үшін қай зерттеу әдісі қолданылмайды:
А. экскреторлы урография
Б. УДЗ
В. абдоминальды компьютерлі томография
Г. УДКТ бақылауымен өткізілетін аспирациялық пункциялы биопсия
Д. гистерография
16. Нефробластоманы келесі тәсілдерді орындай отырып алып тастайды:
А. трансперитонеальды жолмен
Б. алдын ала бүйрек венасын байлайды
В. парааортальды лимодиссекция арқылы
Г. ісік жатқан жерді операциядан кейінгі сәулелік ем жүргізу үшін рентгеноконтрастты қыстырмамен белгілейді
Д. аталғанның барлығы бірге
17. Ісіктің ІІІ сатысын емдеудің негізгі әдістеріне қайсысы жатпайды:
А. хирургиялық
Б. сәулелік
В. кешенді
Г. гормоналдық
Д. химиотерапиялық

18. Тератобластоманың таралу сатысын анықтаңыз, егер диаметрі 4 см ісік аталық жұмыртқа безінің жоғарғы полюсінде орналасып, ұрық жолына өсіп кеткен болса, бірақ аймақтық лимфа түйіндерінде метастаздар жоқ болса:


А. І саты (T1аNоMо)
Б. ІІ саты (T1бNоMо)
В. ІІ саты (T1аNоMо)
Г. ІІ саты (T1аNоMо)
Д. дұрыс жауап жоқ
19. Балалардағы ең пісіп жетілмеген нейрогенді ісік:
А. ганглионеврома
Б. ганглионейробластома
В. симпатогониома
Г. симпатобластома
Д. барлығы бірге
20. Іш пальпациясы кезінде нейробластома немен сипатталады:
1. ісік беті тегіс
2. ісік беті ірі бұдырлы
3. ісік беті майда бұдырлы
4. консистенциясы серпімді
5. консистенциясы тығыз
А. 2,3,4
Б. 1,3,4
В. 3,5
Г. 3,4
Д. 1,5
21. Ретинобластома клиникалық тұрғыда немен сипатталады:
А. көздің торлы қабатының аршылуы мен көз алмасының сыртқа шығып тұруымен
Б. орталық көру қабілетінің жойылуымен
В. қылилықпен
Г. көз ішілік қысымның артуымен
Д. барлығымен бірге
22. Ретинобластоманы емдеуде келесі тәсілдердің қайсысы қолданылмайды:
А. хирургиялық
Б. сәулелік
В. химиотерапиялық
Г. гормоналдық
Д. кешенді
23. Ми ісігі диагностикасы үшін келесі әдістерді қолданады:
А. шолушы краниография
Б. пневмоэнцефалография
В. вентрикулография
Г. компьютерлі томография
Д. барлығымен бірге
24. Ми ісігінің клиникасына қай симптом тән емес:
А. ұстама түріндегі бас ауыруы
Б. бас ауыру ұстамасының шыңында құсу
В. гемипарез
Г. жүргенде шайқалу (атаксия)
Д. Щеткин-Блюмберг симптомы оң
«Балалар онкологиясы» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны



1 - Г

13 - Д

2 - Д

14 - А

3 - Б

15- Д

4 - Д

16 - Д

5 - В

17 - В

6 - Г

18 - В

7 - В

19 - А

8 - Д

20 - Д

9 - Д

21 - Д

10 - А

22 - Г

11 - Г

23 - Д

12 - Д

24 - Д

«Онкоморфология» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары


1. Өспе паренхимасын құрайтын:
А. ісік жасушаларының нағыз өзі
Б. дәнекер тін
В. қан және лимфа тамырлары
Г. строманың жүйкелері және жасушалық элементтері
Д. барлығы бірге
2. Ісік стромасы:
А. қажетті тіреуші құрылым
Б. ісік жасушаларына нәрлі заттардың және оттегінің жеткізілуін қамтамасыз етеді
В. ісік жасушаларының зат алмасу өнімдерінің шығарылуын қамтамасыз етеді
Г. бірқатар жағдайда өспенің міндетті құрамдас бөлігі болып табылмайды
Д. тек қана Г жауабынан басқасының барлығы дұрыс
3. Іn Situ рагы қай жерде болуы мүмкін:
А. жатыр мойнында
Б. бронхта
В. асқазанда
Г. аталған мүшелердің ешқайсысында
Д. аталған мүшелердің барлығында
4. Асқазан-ішек ісіктерінің пісіп жетілу деңгейі төмен ісіктеріне негізінен тән қасиеттер:
А. инфильтрациялық өсу
Б. экзофиттік өсу
В. аралас өсу
Г. аталғандардың барлығы бірдей жиілікпен кездеседі
Д. Б және В жауаптары дұрыс
5. Без фиброаденомасының өсу ерекшеліктеріне жатады:
А. экспансивті өсу
Б. метастаздармен инфильтрациялық өсу
В. метастазсыз инфильтрациялық өсу
Г. барлық жауап дұрыс
Д. метастаздану
6. Сүт безі ісігіне байланысты жасалған операция кезінде жедел гистологиялық зерттеу жүргізбеуге болады, егер диагноз немен дәлелденген болса:
А. клиникалық мәліметтермен
Б. маммографиямен
В. термографиямен
Г. морфологиялық цитологиялық зерттеумен
Д. радиоизотоптық зерттеумен
7. TNM жіктелуі бойынша қатерлі ісіктің гистологиялық пісіп жетілуін белгілеу үшін мына символ қолданылады:
А. C
Б. G
В. R
Г. y
Д. ч
8. Қатерлі ісіктің морфологиялық пісіп жетілу дәрежесі қандай болуы мүмкін:
А. жоғары
Б. орташа
В. төмен
Г. пісіп-жетілмеген
Д. барлық жауап дұрыс
9. Қатерлі ісіктің морфологиялық пісіп жетілуінің жоғары дәрежесіне қай белгі сәйкес келеді:
А. G1
Б. G2
В. G3
Г. G4
Д. G0
10. Жалпақжасушалы рак негізінен қай жерде кездеседі:
А. өңеште және тік ішектің анальдық каналында
Б. асқазанда
В. жіңішке ішекте
Г. жиек ішекте
Д. бүйректе
11. Қатерлі ісіктердің жаңадан түзілген тамырларына тән:
А. құрылысы жағынан қалыпты веналар мен артерияларға ұқсас болуы сирек
Б. эндотелиймен қапталған өзектер түрінде болуы мүмкін
В. капилляр деңгейінде ісік жасушаларының өздерімен қапталуы мүмкін
Г. барлық жауап дұрыс
Д. дұрыс жауаптар А және В
12. Ісіктердің TNM жүйесі бойынша жіктелуі және ісіктің гистологиялық құрылымын анықтау айтарлықтай дәрежеде неге мүмкіндік береді:
А. ем жоспарын ойластыруға
Б. болжамын анықтауға
В. емнің тиімділігін бағалауға
Г. медициналық ақпаратпен алмасуға
Д. барлық жауап дұрыс
13. рTNM (рT, рN, рM) деп белгіленетін патологиялық жіктелу (постхирургиялық, патогистологиялық жіктелу) қандай жағдайда қолданыла алады:
А. біріншілік ісікпен зақымданған мүше резекцияланып, ол морфологиялық зерттелгенде
Б. аймақтық лимфа түйіндері сәйкесінше дұрыс алып тасталынып, кейін олар гистологиялық зерттелгенде
В. алыс мүшелерде метастаз бар не жоқ екендігі морфологиялық зерттеумен дәлелденгенде
Г. барлық жауап дұрыс
Д. А мен Б жауаптары дұрыс
14. Қатерлі ісіктердің жасушалық атипизмі немен анықталады:
А. жасуша ядроларының үлкендігімен
Б. жасуша денесі мен ядросы өлшемдерінің арасындағы сәйкессіздікпен
В. протоплазмада ақуыз дәндерінің, гликоген тамшыларының болуымен
Г. протоплазмада хроматин дәндерінің болуымен
Д. аталғандардың барлығымен
15. Иондаушы сәулелерге және ісікке қарсы химиопрепараттарға ең сезімтал келетіні:
А. мүйізденген жалпақ жасушалы рак
Б. мүйізденбеген жалпақ жасушалы рак
В. пісіп жетілген аденокарцинома
Г. шамалы пісіп жетілген аденокарцинома
Д. төмен дәрежеде пісіп жетілген және пісіп жетілмеген рак
16. Ісіктің қай аймағы иондаушы сәуленің әсер ету тетігіне әсіресе сезімтал болып келеді:
А. оксигенацияланған
Б. гипоксиялы
В. аноксиялы
Г. барлық аймағы
Д. А мен Б жауаптары дұрыс
17. Қатерлі ісіктердің метастаз беруі қандай жолмен өтеді:
А. гематогендік
Б. лимфогендік
В. жүйкелердің қабығымен
Г. тінаралық саңылаулармен
Д. барлық аталғандармен
18. Гистологиялық зерттеу үшін ісік тіні қайдан алынады:
А. операциялық материалдан
Б. кесіп алынған биопсиялық материалдан
В. трепанация арқылы алынған биопсиялық материалдан
Г. аутопсиялық материалдан
Д. барлық жағдайда
19. Биопсиялық материал қай зерттеу әдісі кезінде алынбайды:
А. эзофагоскопия
Б. бронхоскопия
В. биманульды зерттеу әдісі
Г. медиастиноскопия
Д. ректороманоскопия
20. Патологиялық анатомияның онкологиядағы маңызы:
А. диагностикалық
Б. көмекші
В. нақтылаушы
Г. оқып үйрену
Д. терапевтік
21. Онкоморфология дегеніміз:
А. адамдағы өспелердің морфологиясының, гистогенезінің, патогенезінің жалпы сұрақтарын, сонымен қатар әр нақты жағдайдағы аурудың ағымына және жоспарланған емнен күтетін жауапқа әсер ететін жеке дара болжамдық факторларды зерттейтін патологиялық анатомияның саласы
Б. ісік алды ауруларының гистологиялық диагностикасы мәселелерін зерттейтін патологиялық анатомияның саласы
В. ісіктердің гистологиялық диагностикасы мәселелерін зерттейтін патологиялық анатомияның саласы
Г. патологиялық анатомия синонимі
Д. ісіктердің эпидемиологиясы және канцерогенез мәселелерін зерттейтін патологиялық анатомияның саласы
22. Онкоморфологияда қолданылатын диагностика әдістері:
А. гистологиялық
Б. цитологиялық
В. электронды микроскопия
Г. иммунофенотиптеу
Д. барлық әдістер
23. Жасушалардың көбеюі:
А. инфекция қоздырғышының енуіне деген патологиялық реакция
Б. мүше мен тін қызметі сақталып, жасушалардың пісіп жетілуімен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі
В. некроз аймағының тыртықпен толтырылуымен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі
Г. гипертрофия синонимі
Д. организмнің бүлініске деген жауап реакциясы
24. Ісік деген ұғым – бұл...:
А. генетикалық тұрғыда бекітілген жаңа қасиеттерге ие болған жасушалардың бағынбайтын пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
Б. қабыну ошағының жасушалармен инфильтрациялануы
В. грануляциялық тінде жаңа тамырлардың дамуы
Г. антигендік ынталандыруға берілетін иммунологиялық реакция
Д. барлық жауап дұрыс
25. Ісіктің қасиеттері:
А. автономдылық (бағынбай өсу)
Б. жүре пайда болған және генетикалық тұрғыда бекітілген жасуша қасиеттері
В. жасушалық, тіндік атипизм
Г. қабыну ошағының жасушалармен инфильтрациялануы
Д. А,Б,В жауаптары дұрыс
26. Қатерсіз ісік дегеніміз:
А. гистологиялық тегі анық (гомологиялық ісіктер), айтарлықтай жасушалық атипизм белгілері жоқ жасушалардың экспансивті сипаттағы пролиферациясы байқалатын және болжамы салыстырмалы қолайлы болып табылатын патологиялық үрдіс
Б. жасушалық атипизмі немесе мономорфизмі анық, инфильтративті сипатта өсетін, метастазға бейімділік танытатын жасушалардың пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
В. бүлініс, некроз ошағында жасушалар пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
Г. қабынудың кезеңі
Д. А мен В жауаптары дұрыс
27. Қатерсіз ісік дегеніміз:
А. гистологиялық тегі анық (гомологиялық ісіктер), айтарлықтай жасушалық атипизм белгілері жоқ жасушалардың экспансивті сипаттағы пролиферациясы байқалатын және болжамы салыстырмалы қолайлы болып табылатын патологиялық үрдіс
Б. жасушалық атипизмі немесе мономорфизмі (гетерологиялық ісіктер) анық, инфильтративті сипатта өсетін, метастазға бейімділік танытатын жасушалардың пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
В. бүлініс, некроз ошағында жасушалар пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
Г. мүше мен тін қызметі сақталып, жасушалардың пісіп жетілуімен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі
Д. А мен Б жауаптары дұрыс
28. Жасушалардың автономды өсуі дегеніміз:
А. ісік жасушаларының әрекеті, олардың бағынбайтын шексіз өсуге қабілеттілігі, негізгі түйіннен үзілген кезде де өсу және даму қасиеті
Б. жасуша деңгейіндегі ісік өсуінің көрінісі, цитотипиялық пісіп жетілудің бұзылуын айғақтайды
В. бүлініс, некроз ошағында жасушалар пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
Г. мүше мен тін қызметі сақталып, жасушалардың пісіп жетілуімен аяқталатын компенсаторлы-бейімделу үрдісі
Д. жасушалар көбеюін иммунологиялық бақылаудың бұзылуы
29. Жасушалық атипизм:
А. ісік жасушаларының әрекеті, олардың бағынбайтын шексіз өсуге қабілеттілігі, негізгі түйіннен үзілген кезде де өсу және даму қасиеті
Б. жасуша деңгейіндегі ісік өсуінің көрінісі, цитотипиялық пісіп жетілудің бұзылуын айғақтайды, жарық-оптикалық деңгейде ол жасушалардың, ядролардың және ядрошықтардың полиморфизмімен немесе, керісінше, мономорфизмімен, ядролардың гиперхромиясымен білінеді
В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы
Г. белгілі бір мүшеге тән тіндік қарым-қатынастың бұзылуымен сипатталады, яғни органотиптік және гистотиптік пісіп-жетілуді бейнелейді
Д. А мен В жауаптары дұрыс
30. Тіндік атипизм:
А. ісік жасушаларының әрекеті, олардың бағынбайтын шексіз өсуге қабілеттілігі, негізгі түйіннен үзілген кезде де өсу және даму қасиеті
Б. жасуша деңгейіндегі ісік өсуінің көрінісі, цитотипиялық пісіп жетілудің бұзылуын айғақтайды, жарық-оптикалық деңгейде ол жасушалардың, ядролардың және ядрошықтардың полиморфизмімен немесе, керісінше, мономорфизмімен, ядролардың гиперхромиясымен білінеді
В. белгілі бір мүшеге тән тіндік қарым-қатынастың бұзылуымен сипатталады, яғни органотиптік және гистотиптік пісіп-жетілуді бейнелейді
Г. генетикалық тұрғыда бекітілген жаңа қасиеттерге ие болған жасушалардың бағынбайтын пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
Д. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы
31. Метаплазия:
А. генетикалық тұрғыда бекітілген жаңа қасиеттерге ие болған жасушалардың бағынбайтын пролиферациясы байқалатын патологиялық үрдіс
Б. созылмалы қабыну, қоректену бұзылысы, қызметінің бұзылысы нәтижесінде пісіп жетілген жасушалық элементтердің бір түрінің басқасымен алмасуы
В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы
Г. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы
Д. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны
32. Анаплазия:
А. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы
Б. созылмалы қабыну, қоректену бұзылысы, қызметінің бұзылысы нәтижесінде пісіп жетілген жасушалық элементтердің бір түрінің басқасымен алмасуы
В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы
Г. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны
Д. барлық жауап дұрыс
33.Дисплазия:
А. жасушаның ерекше қасиеттерге ие болуы
Б. пісіп жетілу бұзылуының нәтижесінде патологиялық сипаттамаға ие болған жасушалардың пайда болуы
В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы
Г. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны
Д. А мен В жауаптары дұрыс
34. Гетеротопия (дистопия:)
А. бір мүше тінінің бөліктерінің басқа мүше құрылымына енуі
Б. пісіп жетілу бұзылуының нәтижесінде патологиялық сипаттамаға ие болған жасушалардың пайда болуы
В. болжанған эмбрионалды шығу тегіне, бағандық жасушаға қарай дамуы
Г. автономды сипатта өсетін жасушалар клоны
Д. барлық жауап дұрыс
35. Шеткі Ходжкиндік емес лимфомалар:
А. қан жасаушы тіннің ісігі
Б. лимфоидты тіннің ісігі
В. лимфогранулематоз
Г. иммунитеттің жасушалық кезеңінің бұзылысы
Д. иммунитеттің гуморальдық кезеңінің бұзылысы


«Онкоморфология» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны



1 - А

19 - В

2 - Д

20 - А

3 -Д

21 - А

4 - А

22 - Д

5 - А

23 - Б

6 - Г

24 - А

7 - Б

25 - Д

8 - Д

26 - А

9 - А

27 - В

10 - А

28 - А

11 - Г

29 - Б

12 - А

30 - В

13 - Д

31 - Б

14 - Д

32 - В

15 - Д

33 - Б

16 - А

34 - А

17 - Д

35 - Б

18 - Д




«Ауыз қуысының шырышты қабықшасының рагы» тақырыбының тестілері.
1. Ауыз қуысының шырышты қабықшасында рактың пайда болуына әсерін тигізетін әлеметтік факторға не жатады?
А. үй тұрмыстық жағдайжың қолйсыздығы
Б. әлеуметтік жағдайдың қолайсыздығы
В. бұқара халықтың ителектілік қабілетінің төменділігі
Г.
Д. аталмыш жағдайдың барлығы да әсерін тигізеді

2. Ауыз қуысының шырышты қабықшасының рагі қай жастағы адамдарда жиі кездеседі?


А. жас балаларда
Б. Жас өспірімдерде
В. 30-39 жастағыларда
Г. 40-50 жастағыларда
Д. 50 жастан жоғарыларда

3. Ауыз қуысының шырышты қабатының рагымен аурушылық және одан өлім көрсеткіштері кімдерде жоғары?


А. ерлерде жоғары
Б. әйелдерде жоғары
В. ерлер мен әйелдерде бірдей жоғары
Г. балаларда
Д. жас өспірімдерде
4. 2007 жылы Қазақстан республикасында ауыз қуысының шырышты қабатының рагымен аурушылық көрсеткіші қай облыстарда жоғары болды?
А. Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында
Б. Павлодар, Қарағанды облыстарында
В. Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстары мен Алматыда
Г. Шығыс Қазақстан облысымен Астана қаласында
Д. Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында

5. Ауыз қуысының шырышты қабатының семіп беріштенуіне әсерін тигізбейтін факторды көрсет.


А. Бетель жапырағын үнемі шайнау
Б. Тіл астына үнемі насыбай салу
В. шылым шегу
Г. ауыз қуысының шырышты қабатының жиі жарақаттануы
Д. ауыз қуысының тазалығы

6. Ауыз қуысының шырышты қабатының рак алды ауруларының қатарына төмендегілердің қайсысы жатады?


А. лекоплакия
Б. лейкокератоз (лейкплакия + беріштену)
В. ауыз қуысының шырышты қабатындағы ойық жара
Г. папиллома
Д. аталмыш аурулардың барлығы да

7. Ауыз қуысының шырышты қабатының ісікалды ауруларының ракқа ауытқуына тән клиникалық белгілерді көрсет?


1. патологиялық ошақтың сыртқы көрнісінің тегістігі
2. саусақпен сипап қарағандағы патологиялық ошақтың жұмсақтығы
3. саусақпен сипап қарағандағы патологиялық ошақтың тығызданып, қатаюы.
4. патологиялық ошақтың ойық жаралануы
5. патологиялық ошақтың шырышты қабат астындағы тіндерге тарауы
А. 1,2
Б. 1,2,5
В. 3,4,5
Г. 2,3,4
Д. 1,4,5

8. Ауыз қуысының шырышты қабаты раының негізгі макраскопиялық сырт пішіні:


1. экзофитті-популярлы
2. эндофитті-ойық жаралы
3. шырышты қабаттың астындағы тіндерге таралуы
4. ұсақ - бүртікті
5. аталған пішіндердің барлығы
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 4
Г. 5
Д. 2,4

9. Ауыз қуысының шырышты қабатының рагының 90%-да кездесетін гистологиялық түрін көрсет?


1. жалпақ жасушалы мүйізденген рак
2. жалпақ жасушалы мүйізденбеген рак
3. бездік немесе аденогендік рак
4. цилиндрома
5. мукоэпидермоидтық
А. 1,2
Б. 1,2,3
В. 3,5
Г. 1,3,4
Д. 2,4

10. Ауыз қуысының шырышты қабатының рагын біріншілік алдын алу шараларының қатарына не жатады?


1. тұрмыс-әлеуметтік үнемдеушілік факторлардың болмауын қамтамасыз ету
2. күнделікті өмірде ауыз қуысына жағымсыз жағдай туғызатын әдеттерден халықты сақтандыру
3. ауыз қуысының шырышты қабатының рагының алдында кездесетін ауруларды ерте анықтап, оларды емдеу, жазу
4. рак алды аурулардың созылмалы түрге көшіп, асқынуына жол бермеу
5. бұқара халыққа салауатты өмір сүруді, ауыз қуысын таза ұстауды насихаттау
А. 1,2
Б. 1,2,5
В. 3,4
Г. 2,3,5
Д. 2,4

11. Ауыз қуысының шырышты қабатының рагын екіншілік алдын алу шараларының қатарына не жатады?


1. тұрмыс-әлеуметтік үнемдеушілік факторлардың болмауын қамтамасыз ету


2. күнделікті өмірде ауыз қуысына жағымсыз жағдай туғызатын әдеттерден халықты сақтандыру
3. ауыз қуысының шырышты қабатының рагының алдында кездесетін ауруларды ерте анықтап, оларды емдеу, жазу
4. рак алды аурулардың созылмалы түрге көшіп, асқынуына жол бермеу
5. бұқара халыққа салауатты өмір сүруді, ауыз қуысын таза ұстауды насихаттау
А. 1,2,5
Б. 1,2
В. 3,4
Г. 2,3,5
Д. 2,4

12. Ауыз қуысын тексеру барысында қандай ракқа тән үрдістерге айрықша мән беру керек?


А. ісіктің аймақтық лимфалық бездерге тарау (метастаздану) үрдісі
Б. ісіктің тез өсіп-ұлғаю үрдісіне
В. анатомиялық тұрғыдағы ісіктік айрықша өзгерістер үрдісіне
Г. науқастың ісіктен шеккен физикалық, рухани зардаптану үрдісіне
Д. аталмыш үрдістердің барлығына

13. Ауыз қуысының шырышты қабатындағы рактың алғашқы даму сатысына тән клиникалық пішіндер:


1. экзофитті-папиллярлық пішін
2. эндофитті-ойық жара тәрізді пішін
3. ісіктің шырышты қабат астына таралған пішіні
4. ісіктің ісінушілік пішіні
5. ісіктің түйін тәрізді пішіні
А. 1
Б. 1,2,3
В. 2,4
Г. 4,5
Д. 3,4

14. Ауыз қуысының шырышты қабатындағы рактың толық дамыған сатысына тән клиникалық пішіндер:


1. экзофитті-папиллярлық пішін
2. эндофитті-ойық жара тәрізді пішін
3. ісіктің шырышты қабат астына таралған пішіні
4. ойық жара тәрізді рактың іргелес орналасқан анатомиялық аймақтарға таралған пішіні
5. ісік түйін тәрізді пішіні
А. 1,2
Б. 3,4,5
В. 1,2,4
Г. 1,4,5
Д. 4,5

15. Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының кеш анықталып асқынған клиникалық түрлері:


1. ісіктің жайылмалы ойық жаралық пішінінің іргелес орналасқан ағзаларға тарап, жиі қансыраушылығы байқалған түрі
2. ісіктің ойық жараланып шайнамалық бұлшық еттерге тарап, іріңдеуі
3. ісіктің жергілікті аймақтарға кең тарға тарап, науқастың тағам қабылдауына кедергі жасауы
4. ісіктің ойық жаралық түрінің аймақтық лимфалық бездерге метастаздануы
5. ісіктің ойық жаралық түрінің науқасқа түсінікті сөйлеуге, әдеттегіше жұтыну үрдісіне мүмкіншілік бермеуі
А. 1,2,3
Б. 4
В. 4,5
Г. 1,2,5
Д. 2,4

16. Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының алғашқы клиникалық белгілері:


1. ауыз қуысындағы жағымсыз сезім
2. өткір, ащы тағамдарды қабылдағанда сезілетін аурулық сезім
3. патологиялық ісік ошағынан байқалатын болар-болмас аурулық сезім
4. ауыздан үздіксіз сілекейдің бөлінуі
5. ауыздан сезілетін жағымсыз иіс.
А. 1,4,5
Б. 1,2,3
В. 3,4
Г. 2,3
Д. 3,4,5

17. Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының толықтай даму сатысында байқалатын клиникалық белгілері:


1. тағамды шайнағанда ісік ошағында байқалатын аурулық сезім
2. ауыздан үздіксіз сілекейдің бөлінуі
3. ауыздан сезілетін жағымсыз иіс
4. ауыз қуысындағы жағымсыз сезім
5. өткір, ащы тағамдарды қабылдағанда сезілетін аурулық сезім
А. 1,3,5
Б. 3,4
В. 2,3,4
Г. 1,2,3
Д. 5

18. Ауыз қуысы шырышты қабаты рагының асқынған түрінің клиникалық белгілері:


А. азапты аурушылық сезім
Б. сөйлеу үрдісінің бұзылуы
В. тағамды жұту үрдісәінің бұзылуы
Г. ауызды ашу үрдісінің бұзылып, қатты аурулық сезімнің пайда болуы.
Д. аталмыш белгілердің барлығы

19. Ауыз қуысы шырышты қабаты рагын анықтауда қолданылатын шешуші тәсілдер:


1. ультрадыбыстық
2. ренгенологиялық
3. клиникалық
4. цито-морфологиялық
5. ороскопиялық
А. 1,2,4
Б. 3,4,5
В. 2,3,4
Г. 1,2,5
Д. 1,4

20. Ауыз қуысы шырышты қабаты рагының аймақтық бездеріндегі метастаздарына тән клиникалық белгілері:


А. уланушылық белгінің болмауы
Б. патологиялық ошақта ракқа тән атипиялық жасушалардың болмауы
В. ісіктің жергілікті және жалпы клиникалық белгілерінің байқалуы
Г. ісіктік ошақтың қарқынды өсіп, дамуы
Д. иек асты, мойындағы лимфалық бездердің өскендігінің сипағанда байқалуы

21. Лимфалық бездердің сорындысын цитологиялық зерттеудегі ракқа тән көрсеткіштер:


А. майлық жасушалар
Б. дәнекер тіндік жасушалар
В. ірің
Г. казеозды-эпителиодтық жасушалар
Д. атипиялық эпителиодтық жасушалар

22. Ауыз қуысы шырышты қабаты рагына тән цито-гистологиялық жасушалар қатарына жататындар:


А. Пирогов-Ланхганс жасушалары
Б. эпителиодтық жасушалар
В. лимфоциттер
Г. казеозды өлеттену
Д. мүйізденген атипиялық жалпақ жасушалар

23. Ауыз қуысы шырышты қабатының рагының лимфалық белгілеріндегі метастаздарына тән морфологиялық жасушалар:


А. Березовский-Штернберг жасушалары
Б Пирогов-Лангханс жасушалары
В моноцитарлық инфильтрация,
Г атипиялық эпителиоидтық жасушалар
Д лимфоциттер

24. Ауыз қуысы шырышты қабаты рагын анықтау үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданбау керек?


А. ауыз қуысындағы ойық жарадан цитологиялық зерртеуге жағынды алу
Б. ауыз қуысындағы ойық жарадан морфологиялық зерртеуге қырынды алу
В. ойық жараланбаған тіннен сорынды алу
Г. ойық жарадан биопсия алу
Д. диспансерлік бақылауға алу.

25.Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының премолярлық аймаққа тораған түрін қандай даму сатысына анықтауға болады?


А. Т1
Б. Т2
В. Т3,
Г. Т4а
Д. Т4б

26. Ауыз қуысы шырышты қабаты рагын емдеуге жиі қолданылатын шипалы тәсіл қандай?
А. хирургиялық
Б. сәулелік
В. химиотерапиялық
Г. кешенді
Д. қабаттастырылған

27. Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының I – II даму сатысына қандай ем тәсілі шипалы?


А. қабаттастырылған ем (сәулелік ем- түбегейлі электро-хирургиялық ем)
Б. қашықтықтан берілетін гамматерапия+ауыз қуысы ішінен берілетін рентгенотерапия
В. Тін аралық тәсілмен берілетін гамматерапия
Г. радиохирургиялық ем
Д. химиотерапиялық ем

28. Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының III даму сатысына қандай ем тәсілі шипалы?


А. қабаттастырылған ем (сәулелік ем- ісік ошағына кеңейтілген хирургиялық тәсіл)
Б. алыс қашықтық гамматерапия+ауыз қуысы ішінен берілетін рентгенотерапия
В. кешенді ем тәсілі
Г. адъюванттық емес полихимиотерапия + түбегейлі электро-хирургиялық ем
Д. түбегейлі сәулелік ем

29. Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының IV даму сатысына қандай ем қолданылады?


А. поллиативтік сәулелік ем.
Б. қабаттастырылған сәулелік ем
В. кешенді емдеу тәсілі
Г. полихимиотерапия
Д. түбегейлі сәулелік ем

30 Ауыз қуысының шырышты қабаты рагының II «б» III «б» даму сатыларында қандай ем тәсілі қолданылады?


А. 1. мойын иек асты аймақтағы шелдердегі лимфалық бездерді фасциалды-футлярлық әдіспен немесе типтік Крайля операциясы арқылы кесіп тастау
2. сәулелік ем
3. типтік Крайля операциясы
4. химиотерапия
5. аталмыш тәсілдердің барлығы қолданылады.
А. 1,2,3
Б. 2,4
В. 5
Г. 1,4
Д. 2,4
Тақырыбы «Ауыз қуысының шырышты қабықшасының рагы» тестілерінің жауабы

1 – Д

16 – Б

2 – Д

17 – А

3 – А

18 – Д

4 – В

19 – Б

5 – Д

20 – Д

6 – Д

21 – Д

7 – В

22 – Д

8 – Г

23 – Г

9 – А

24 – Д

10 – Б




11 – В




12 – Д




13 – А




14 – Б




15 – Г




«Ерін рагы» тақырыбы бойынша бақылау тестілер сұрақтары
1. Ерін рагы қай жас шамаларындағы жиі кездеседі?
А. 20-30 жастағы
Б. 30-40 жастағы
В. 40-50 жастағы
Г. 50-60 жастағы
Д. 70 жастан астам
2. Ерін рагымен жиі ауырады:
А. ер адамдар
Б. әйел адамдар
В. әйелдер де, еркектер де бір ыңғай жиілікте
Г. балалар
Д. жасөспірімдер
3. Ерін рагымен жоғарылық науқастық қай тұргындарында кездеседі
А. қалалық
Б. ауылдық
В. солтүстік аймақтарының
Г. оңтүстік аймақтарының
Д. мекендеуіне олардың байланыссыз
4. Ерін қызыл жиегінің үстінгі эпителийінің қабыршақтану процессінің бұзылуына себебін тигізе бейімделген факторлардың төмендегілердің ішінде қайсысы жатпайды?
А. күн сәулелері
Б. атмосфера бұзылыстары
В. темекі шегу
Г. вирустық инфекция
Д. ауыз қуыс тазалығы
5. Төменгі еріннің ісік алды ауруларынан, ракка асқынуыны төмен жиілігімен (факультативтік) кездесіп жататын:
А. хейлит
Б. созылмалы жаралар
В. диффуздық дискератоз
Г. бәрі де бір қоса
Д. жалпақтанған қотырдың эррозияланған түрі
6. Төменгі еріннің ісік алды ауруларынан, ракка асқынуыны жоғары жиілігімен (облигаттық) кездесіп жататын:
А. лейкоплакиялар
Б. ошақтынған дискератоздар
В. диффуздық дискератоз
Г. папилломалар
Д. лейкокератоздар
7. Алғашқы кездегі ерін қызыл жиегінің рагының макроскопиялық түрінің көрінісі:
А. көтерінкі болып тұрган бүртік
Б. қатайынқы белгісі болып тұрған жері
В. айналасы қатайынқы эрозия
Г. үсті бөртіктенген және айналымы жоғары көтерілген жара
Д. бәрі де бір қоса
8. Ерін рагының өзіндік гистологиялық ісік түрі:
А. мүйізделінген жалпақ жасушалылы
Б. мүйізделінгенсіз жалпақ жасушалылы
В. аденогендік
Г. цилиндромалар
Д. базальдық жасушалық
9. Ерін рагына қарсы біріншілік алдын алу шараларының мағынасы:
А. атмосфера бұзылыстары әсерінен болатын ауруладан сақтану
Б. күнделіктті әдеттерінің зияндығын алдын ала ескерту әсерімен дегенеративті- пролифертивті процесстерін болдырмау
В. ісік алды ауруларды емдеу
Г. дерт өне бара асқынып кетуін, созылмалы процесске айналуын, инвалид болуын алдын-ала ескерту
Д. тұрғындар арасында гигиеналық тәрбие жүргізу
10. Ерін рагына қарсы екіншілік алдын алу шараларының мағынасы:
А. адам өміріне айқын социалдық және экономдық факторларымен байланысты ауруларды жою
Б. күнделіктті әдеттерінің зияндығын алдын ала ескерту арқасында шырышты кабатынында дискератоздық ошақтарының болғызбауы
В. ісік алды ауруларды дер кезінде анықтау, тексеру және емдеу
Г. дерт өне бара асқынып кетуін, созылмалы процесске айналуын, инвалид болуын алдын-ала ескерту
Д. тұрғындар арасында гигиеналық тәрбие жүргізу
11. Ерін рагы клиникалық ағымында төменгілер белгі түрлері, оған қайсысы жатпайды?
А. папиллардық
Б. сакалтүрлік (фунгозная) жара
В. инфилтративтік щырышты асты жара
Г. ісіп кету
Д. инфилтративтік жара
12. Ерін рагын анықтауында маңызды болып табылатын диагностикалық тәсіл:
А. ультра дыбыстық
Б. стоматоскопиялық
В. ісік үст жасушалар басымын цитологиялыұ зерттеу
Г. инемен сорылған жасушаларды цитологиялыұ зерттеу
Д. ісік шетінен немесе жарадан биопсия алу
13. Ерін рагының дамуы лимфа түйіндерге бөгелме ісіктерін беруімен сипатталанылады:
А. йек аймағындағы
Б. жақ аймақтарының
В. мойын аймағы
Г. бұғаналық үсті аймағы
Д. бұғаналық асты аймағы
14. Егерде ісік жайыла келе төменгі жақтың кортикалдық пластинкасын, тіл бұлшық еттерін, гайморово- қуыстығын, теріні жарақаттаса, онда ерін рагының бұл түрі даму сатысының кайсы тобына жатады?
А. Т 1
Б. Т 2
В. Т 3
Г. Т 4а
Д. Т 4 б
15. Ерін рагының Т 4б сатысының клиникалық ағымы сипатталады:
А. 2 сантиметрге дейінгі ісік
Б. 4 сантиметрге дейінгі ісік
В. 4 сантиметрден көлемі үлкейген ісік
Г. ісік иек тіндеріне, төменгі жақ, гаймор қуысына, теріге өтеді
Д. ісік қанаттаңдайлық шұнқыр, жұтқыншақтың шеткі дуалына, бас сүйегінінің негізіне немесе ұйқы артериясына өтеді
16. Ерін рагының I сатысында емі үшін қолданылатын әдіс:
А. квадратты немесе трапециялы резекция мен дефектісін пластикамен орынын толтыру
Б. сәулелік терапия
В. тінге радиоактивтік инелер енгізу
Г. жақын фокустық рентгенотерапия
Д. криогенді терапия
17. Ерін рагының I сатысында екінші кезен хирургиялық еміне не жатады?
А. мойын клетчаткасын және аймақтық лимфатүйіндерімен қоса сылып алу
Б. мойын клетчаткасын сылып алмау
В. динамикалық бақылау қажет
Г. аймақтық лимфатүйіндерінде бөгелме ісіктері болуында күмәндік болса
Д. Жақ асты немесе иек асты аймақтық лимфатүйіндерін барлық даму сатысында сылып алынуы тиісті ( Ванах операциясы)
18. Ерін рагының II сатысында міндетті емдеу әдісі:
А. бірлескен әдіс – бірінші кезеңде ісік ошағын сәулелік ем қолдану; екінші кезеңіде мойын клетчаткасын фасциальды және футлярдық тәсілімен сылып алу
Б. ісікті электро-хирургиялық тәсілімен алу
В. тінішілік гамматерапия
Г. криотерапия
Д. химиотерапия
19. Ерін рагының III сатысында міндетті емдеу әдісі:
А. бірлескен әдіс - бірінші кезеңде ісік ошағын сәулелік ем қолдану; екінші кезеңіде мойын клетчаткасын фасциальды және футлярдық сылыну тәсілінің көлемін ұлғайтып Крайля операциясын жасау
Б. үйлесімді сәулелә ем
В. комплестік әдіс
Г. неоадьювантты полихимиотерапия + ісікті радикальды электрохирургиялық алу
Д. радикальды сәулелі терапия
20. Ерін рагының IV сатысында ем ретінде жүргізеді:
А. паллиативті сәулелі терапия
Б. үйлесімді сәулелә ем
В. комплестік әдіс
Г. полихимиотерапия
Д. радикальды сәулелі терапия


«Ерін рагы» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны



1 - А

11 - Г

2 - А

12 - Д

3 – Б, Г

13 - А

4 - Д

14 - Г

5 - Г

15- Д

6 - Г

16 - Г

7 - Д

17 - Д

8 - А

18 - А

9 - Б

19 - А

10 - В

20 - А

«Жоғарғы және төменгі жақ ісіктері» тақырыбы брйынша тест сұрақтары


1. Мына ісіктердің қайсысы тіс түзуші тіндерден түзіледі?
А. одонтогенді
Б. одонтогенді емес
В. сүйек түзуші
Г. сүйек келігі
Д. қантамырлық
2. Одонтогенді емес ісіктерге жатады біреуінен басқасы:
А. сүйек түзуші
Б. шеміршек түзуші
В. сүйек келіктік
Г. алып жасушалы
Д. амелобластома
3. қатерсіз одонтогенді ісіктерге жатады тек мыналардан басқа:
А. одонтома
Б. цементома
В. амелобластома
Г. алып эпулис (қызыл иек үсті)
Д. гемангиома
4. жоғарғы жақтың қатерлі ісіктерінің алғашқы белгілері
А. жоғарғы I-II үлкен азу тістердің созылмалы периодонтиті
Б. созылмалы гайморит
В. жоғары жақ сүйегінің созылмалы остеомиэлиті
Г. Остеобластокластома
Д. барлығы
5. Жақтың I-лік рак ауруы дамиды, мынадан басқа
А. одонтогенді эпителий қалдығынан
Б. жоғарғы жақ сүйек қайнауларының шырышты қабығы эпителийлерінен
В. одонтогенді кистадан
Г. сүйек қабынан
Д. аменобластомоздан шаншу
6. Аймаққа иррадиациядан ауру сезімімен сипатталатын, Гайморов қуысының қанаттаңдай шұңқырына қарай бағытталып семіп қатерлі ісігі:
А. самайдың
Б. құлақтың
В. мойынның
Г. А және Б дұрыс
Д. Б және В дұрыс
7. Жоғарғы жақ сүйектің қатерлі ісігі келесі белгілермен сипатталады:
А. самайға иррадиацияланатын ауру сезімі
Б. сілекей ағу
В. төменгі қабақтың ісінуі
Г. мұрын-жас каналының бітелуі
Д. барлығы
8. Егер жоғарғы жақ сүйегінің қатерлі көз шарасына торалса келесі белгілер пайда болады мыналадан басқасы:
А. төменгі қабаттың ісуі
Б. көздің жасаруы
В. көз алмасының ығысуы және оның қозғалысының бұзылуы
Г. самай аймағына берілетін ауру сезім
Д. көз өткірлігінің төмендеуі
9. Егер жоғарғы жақ сүйегінің қатерлі ісігі алға және сыртқа қарай өссе келесі белгілер пайда болады:
А. беттің пішінінің өзгеруі
Б. мұрынмен тыныс алудың қиындауы
В. мұрыннан қан кету
Г. құлаққа берілетін ауру сезімі
Д. дипломатия
10. Төменгі жақ қатерлі ісігі келесі белгілермен сипатталады:
А. төменгі жақ аймағының ісінуі
Б. тістердің босауы
В. үштік нерв бойымен ауру сезімнің таралуы
Г. ауызды ашудың қиындауы
Д. барлық жауап дұрыс
11. Жоғарғы жақ сүйегінің қатерлі ісігін анықтау үшін қолданылады:
А. диафоноскопия
Б. риноскопия (алдыңғы және артқы)
В. ороскопия
Г. рентгенография, КТ
Д. барлық жауап дұрыс

12. Жоғарғы жақ қатерлі ісігі келесі рентгенологиялық белгілермен сипатталады:


А. гаймор аймағының қаралануы
Б. қуыс қабырғаларының деформациясы
В. сүйекті қабырғаларының ошақты жұқаруы
Г. сүйекті қабырғалардың бұзылуы
Д. барлық жауап дұрыс
13. Төменгі жақ қатерлі ісігін анықтау үшін қолданылады:
А. фронтальді жазықтық бойынша рентгенография
Б. компьютерлік томография
В. магнитті-резонансты томография
Г. пункциялық немесе экзионды биопсия
Д. барлық жауап дұрыс
14. Жоғарғы және төменгі жақ сүйегінің қатерлі ісігін емдеу үшін келесі әдістер қолданылады, біреуінен басқа:
А. хирургиялық
Б. сәулелік ем
В. химия-гормондықтерапия
Г. операцияға дейінгі және кейінгі сәулелік ем
Д. барлық жауап дұрыс
15. Маңызды ағзалардың иондаушы сәуледен қорғау мақсатында сәулемен қатерлі ісіктердің, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінде ісіктерінде емдеу жүргізіледі
А. қорғасынды- сына тәрізді фильтр
Б. екі көзді де қорғасынды тосқауыл
В. сәулеленген аймаққа тубтармен баулау
Г. А және Б жауаптары дұрыс
Д. А,Б,В жауаптары дұрыс
16. Жоғарғы жақ сүйегінің радикалды операциясы жүргізіледі:
А. Муру бойынша кесіп, ерінмен қоса
Б. ит шұңқырының аумағын терең жалаңаштау
В. медициналық желімдегіш МК -8 және электрлі пышақ қолданамыз
Г. бет сүйегін ісікпен қоса алып тастау
Д. барлық жауап дұрыс

17. Төменгі жақ сүйегінің радикалды операциясы жүзеге асырылады:


А. сыртқы ұйқы артериясының қосымша байламы
Б. көлемді ісік аймағының тіндерінің алынуы
В. төменгі жақтың резекциясы, біріншілік аутотрансплантатпен ауыстырылуы
Г. фасциалды-футлярлы мойын лимфатүйіндерін алып тастау.
Д. барлық жауап дұрыс
18. Жақ сүйегінің ісігі бар науқасқа жоспарланған радикалды операция келесідей жүргізіледі:
А. қорғаныс пластинкасын қою
Б. шиналар қою
В. орпедиялық құрал немесе пластикалық материал дайындау
Г. тіз протезін қою
Д. барлық жауап дұрыс
19. Қатерлі ісік ауруларында медициналық реабилитация біріншілік хирургиялық емнің, яғни жақ сүйегінің ісік ауруларында қарастырылады:
А. Операциядан кейін тағамды ауыз арқылы беруді қамтамасыз ету
Б. ауыз қуысымен жараланған жерді қадағалау
В. операциядан кейін қуысты томпонмен тығындау
Г. трансплантаттың фиксациясын бекіту
Д. айтылғандардың барлығы.
20. Қатерлі ісік ауруларында медициналық реабилитация соңғы хирургиялық емнің, яғни жақ сүйегінің ісік ауруларында қарастырылады:
А. жоғарғы жақ сүйегінің дефектісін протездеу
Б. шайнау-жұтуын қалпына келтіру
В. сөйлеуін қалпына келтіру
Г. аурудың бет-әлпетін мүмкіншілігінше сақтау
Д. барлық жауап дұрыс


«Жоғарғы және төменгі жақ ісіктері» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны



1 - А

11 - Д

2 - Д

12 - Д

3 - Д

13 - Д

4 - Д

14 - В

5 - Г

15 - Г

6 - Г

16 - Д

7 - Д

17 - Д

8 - Г




9 - А




10 - Д





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет