Жалпы типтегі балабақшалардың мүмкіндігі шектеулі балалар психологиялық педагогикалық қолдау көрсету


Біздің мүмкіндігі шектеулі балалар да өзге балалардай балабақшаларға қатысуы керектігіне көзіміз жетті



бет14/14
Дата08.02.2022
өлшемі22,36 Kb.
#98557
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
инк11

Біздің мүмкіндігі шектеулі балалар да өзге балалардай балабақшаларға қатысуы керектігіне көзіміз жетті.

Олар өзге балалардай балабақшаға толығымен төселіп кетуі мүмкін емес шығар. Ол оқып немесе санап үйренбес, дегенмен ол өмірдегі басқа да маңызды дербес дағдыларды иемденеді.

Біз, балалар үшін, бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей, жағдай жасауымыз керек.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан - дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу - белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының. Астана. 2010 ж.

2. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 ж.

3. Малофеев, Н.Н. Специальное образование в меняющемся мире. Европа: учеб.пособие для студентов пед. вузов / Н.Н. Малофеев. – М.: Просвещение, 2009. – 319 с




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет