Гемоглобин – оттегі тасымалдауға қатысатын белок. Гемоглобин
эритроциттер ішінде болады. Эритроциттердің массивті түрде ыдырауы
жүргенде, көп мөлшерде бөлінген гемоглобин бауыр мен көкбауырда
өңдеуден өтіп үлгермей бүйрек арқылы сыртқа шығады. Сонымен қатар
бұлшықет тіні басылып қалғанда, миокард инфарктісі кезінде қан ағу
жүйесіне гемоглобинге ұқсас миоглобин бөлінеді. Миоглобин де бүйрек
арқылы қанмен бірге сыртқа шығады.
Зәрде гемоглобин пайда болу себебі
Эритроциттер бүйректің травмалық зақымдалуы кезінде зәрде пайда
болады. Сонымен қатар бүйрек ісігі, жедел нефриттерде
(гломерулонефрит, пиелонефрит) кезінде байқалауы мүмкін. Зәрде қан
уретрит, цистит, бүйректегі тастар кезінде көрінуі әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: