Жамбыл Жабаев ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі151,15 Kb.
#167793
  1   2
Байланысты:
Жамбыл Жабаев


Жамбыл Жабаев – ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді. Отбасылық тарих бойынша, Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың атасы Ыстыбайдың ауылы шапқыншылардан қашып жүрген кезде босанған. Яғни, ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атады.
Ол шулы және көңілді тойлар мен көп адамды жиындарда жүргенді ұнатты. Бірақ, ол бәрінен де көп әндерді, қызықты және көңілді ертегілерді білетін малшылардың, асау тұлпарларды үйрететін жылқышылардың жанында жүргенді жақсы көретін. Сондай-ақ, бала Жамбыл шежірешілердің ру мен тайпалардың шығу тегі, өткен заманның көрнекті тұлғалары туралы әңгімелерін тыңдап өсті. Бірақ, Жамбылдың ең жақын ата-бабаларының арасында ақындар да, әншілер де болмаған. Есесіне, оның анасы Ұлданның ағайы Қанадан танымал музыкашы және композитор болды.
Жамбыл домбыра ойнауды ерте жасынан үйренді. Тіпті, кейін оны ақын-құрдастарының арасынан ерекшелей бастады. Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: «Жақсы сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын»,- деп батасын берген.
Жамбыл ауыл-ауылдарды өздігінен аралап, ақындық шеберлігін көрсете бастаған уақытта жиырма жаста болатын. Осылай ақындығын жер-жерге көрсетіп жүрген Жамбыл өзі барған ауылдардың бірінде Бұрым есімді танымал сұлуды кездестіреді. Сөйтіп жас ақын мен бұрымды қыз бір-бірін сүйіп қалады. Бірақ, бойжеткен салт-дәстүр бойынша басқа жігітке айттырылып қойған болып шығады. Ал салт-дәстүрден аттап кете алмаған Бұрым ата-анасы таңдаған жігітке тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Бұл оқиға ақынның жүрегінде терең жарақат болып қалды.
1875 жылы Шапырашты руының ең ықпалды адамының бірі Сарыбайдың жылына орай берілген асқа көп халық жиналды. Ол жерге белгілі ақын Майкөт те келді.
Сарыбай Сүйінбай ақынның жақын туысы болған және қазақтың әдет-ғұрыпына сәйкес, Жамбыл Сарыбайдың кіші інісі Саржанмен бірде жиналған қалықты өздері қарсы алды. Ақын ретінде ол қонақтарды импровизация-өлеңдерімен қарсы алуы керек болды. Жамбыл Сарыбайдың жауға қарсы күрестегі батырлық әрекеті жайлы, Қоқан басқыншыларымен шайқаста ерлік көрсеткен Шапырашты руының айтулы батырлары туралы жырлады. Оның импровизациясы тарихи оқиғаға айналды. Бұл ақынның көпшілік алдында алғаш рет өнер көрсетуі болды. Тыңдаушылар оны атақты Сүйінбайдың таланттынан кем емес ақын деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет