Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің
ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілген психологиялық қызметтің есебі.
2023-2024 оқу жылы.
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектепте ПМПК тізімінде тұрған төрт оқушы бар. Оның ішінде екі оқушы мектеп алды даярлық сыныпта, бір оқушы бірінші сыныпта және бір оқушы бесінші сыныпта оқиды.
Мектеп алды даярлық сыныбындағы ............................. ПМПК қорытындысы бойынша «Сөйлеу тілінің бұзылысы ІІ деңгей» бойынша 2023 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап есепке алынды. Оқушыларды сырттай бақылап, мектепке бейімделуіне сихологиялық қолдау көрсетілді. Екі оқушыға жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастырылып, апта сайын дамыту-түзету жұмыстары жүргізілді.
Екі оқушының бір орында отыруы, зейін аударуы, өз ойларын ашық жеткізуде қиындықтар байқалады. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар, тапсырмалар алынды. Екі оқушының да бейімделуі жақсы, қатарластарымен қарым-қатынастары орташа.
1 «а» сынып оқушысы ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, ПМПК қорытындысы бойынша «тіл кемістігінің тежелуі ІІ-ІІІ деңгей» диагнозы қойылған. Сынып жетекшісі ............. Жыл басында жоспар бекітіліп аптасына бір рет оқушымен жеке және топтық түзету жұмыстары жүргізіледі. «Бала тілін дамыту», «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттері дамыту», «Нейропсихология» авторлық бағдарламасы құрастырылды. Бағдарлама бойынша оқушымен жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. .............. оқу мотивациясы жақсы, аздап ұялшақтық белгілері бар, бейімделу жақсы.
Қыркүйек-желтоқсан айлары бойынша оқушымен «Тілдік және тыныс алу жаттығулары» жүргізілді. «Сурет бойынша әңгімеле» әдістері бойынша оқушының өз ойын ашық айтуға мүмкіндік берілді. Әр сабақта 5-6 жаттығудан үлгергенше орындайды........ алғашқыдан қарағанда қолдын бұлшық еттері қатайып, нейрогимнастикалық жаттығуларды, артикляциялық жаттығуларды жақсы орындайды.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру, мнемотехника жаттығуларына ақырындап дағдыланып келеді. Өз ойын айтуда аздап қиналады. Ақпаратты сақтауы орташа.
5 «б» сынып оқушы ...................... Сынып жетекшісі ......... Медициналық тексеру нәтижесінде 5 «б» сынып оқушысы Генш Кирилл 24.08.22 жылы «Жеңіл зерде бұзылысы бар» диагнозі бойынша есепке алынды. Қыркүйек айынан бастап оқушыны сырттай бақылап, жекелей де жұмыстар жүргізілді. Сынып жетекшісі ......... -дан оқушы туралы мәлімет алынды.
Қазан айында оқушының өзін-өзі ұстауы, берілген тапсырмаларды орындауын бақылай келе, оқушымен сұхбат жүргізілді. Сұхбат қорытындысы бойынша оқушының темперамент типі анықталды. Қорытынды бойынша флегматик және халериг типіне сәйкес келеді.
Жоспарға сәйкес 5 «б» сынып оқушыларынан «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі алынды. ........ берілген тапсырманы нұсқаулық бойынша орындай алады.
Білім беру барысында Генш Кириллдің есте сақтау, ойлау, зейін аударуын дамыту үшін жұмыстар жүргізілді. Оқушыға арналған жұмыс дәптер арқылы тапсырмаларды орындайды. Оқушымен екі апта бір рет жеке жұмыс жасалынады. Оқушыға арналып «Тренажор -блакнот» авторлық жұмыс дәптері құрастырылды.
........ сабақта өзін ұстауы орташа. Зейін аударуы бұрынғыдан қарағанда жақсы, естіп есте сақтауы орташа, естігенің және көргенін жазу жақсы. Көріп есте сақтауы жақсы.
Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерге және ата-аналарға ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық тұрғыда қолдау көрсетудің жолдары ұсынылып, кеңес беріліп отырады.
Мектеп психологы: Белгібай А.С
Достарыңызбен бөлісу: |