Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет29/66
Дата18.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#163200
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Оқылым стратегияларын қолданады.



1

Мазмұнға байланысты 2 сөйлем құрастырады:
1-сөйлем;
2-сөйлем.

1
1

Нақты 4 ақпаратты анықтайды:
1-ақпарат;
1-ақпарат;
1-ақпарат;
1-ақпарат.

1
1
1
1

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтап, жинақы мәтін жазады.



2

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілейді;

1

Іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.

1

Барлығы

8

«Көлік және жол белгілері. Морфология», «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Оқылым стратегияларын қолданады.

М әтін мазмұнын пайдаланып сөйлем құрастырып, нақты 4 ақпаратты анықтауда қиналады.

М әтін мазмұнын пайдаланып сөйлем құрастырып, нақты 4 ақпаратты анықтауда қателеседі.

М әтін мазмұнын пайдаланып сөйлем құрастырып, нақты 4 ақпаратты анықтайды.

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтап, жинақы мәтін жазады.

М аңызды ақпараттарды белгілеп, мәтінді өз сөзімен жазуда қиналады.

М аңызды ақпараттарды белгілеп, мәтінді өз сөзімен жазуда қателеседі.

М аңызды ақпараттарды белгілеп, мәтінді өз сөзімен жазады.




«Көлік және жол белгілері. Морфология», «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


ІІ нұсқа

Оқу мақсаты:

5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;
5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Бағалау критерийі:


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Оқылым стратегияларын қолданады;

  • Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтап, жинақы мәтін жазады.

Қолдану


Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
Мәтіні мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.


Өмір жаңғырығы


Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» – деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а!» –деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: «Сен кімсің?» – деп дауыстағанда, Ғаниға: «Сен кімсің?» – деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: «Сен қорқақсың!» – деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: «Сен қорқақсың!» – деп жауап берді.
Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: «Әке, бұл кім өзі?» – деп сұрады. Әкесі: «Ұлым, менің сөзіме құлақ сал», – деді де тауға қарап тұрып: «Мен сені жақсы көремін!» – деп айқайлады. Таудан: «Мен сені жақсы көремін!» – деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: «Сен әдемісің!» – деді. Жауап: «Сен әдемісің!» – деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: «Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!». (166 сөз)
(https://angimeler.wordpress.com/)

1. «Егер ..., онда ..., өйткені ...» тәсілімен мәтін мазмұнына байланысты 2 сөйлем құрыңыз.


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Мәтіндегі нақты ақпараттар арқылы түсініктеме беріңіз.


Мейірімділікті қаласаң _________________________________________________
Сабырлықты қаласаң __________________________________________________
Қайырымдылықты қаласаң ______________________________________________
Жаңғырықтың сыры ___________________________________________________

3.Берілген мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырып оқыңыз. Мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз. (40-50 сөз)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет