Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет64/66
Дата18.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#163200
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К

Жер – ғарыш денесі


Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған жұлдызды көресің. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Жұлдыз – газдан тұратын аспан денесі.
Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Күн, ай, жер – ғарыштық денелер. Күнді 9 ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар ғаламшарлар (планета) деп аталады. Ғаламшарлар – «адасушы жұлдыз» деген сөз. Ғаламшар – өздігінен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздігінен жарық шығару мүмкіншілігі жоқ, күн сәулесінің шағылысуынан жарқырап тұрады. Енді планеталарға тоқталып өтейік. Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды.
Күн жүйесі – әлем кеңістігінің немесе ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді.
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Жерді қоршаған бүкіл дүние – әлем немесе ғарыш деп аталады. (157 сөз)
(http://bilimdiler.kz/)

Ә мәтіні
Саяхат және туризм


Саяхат және туризм – адамның өмір салтын білдіретін, бір- бірімен тығыз байланысты ажыратылмас екі түсінік. Бұл – демалу, спорт, айналаңды тану, сауда, емделу және т.б. іс-әрекеттер. Бірақ саяхаттың басқа да демалу түрлерінен айырмашылық жасайтын факторлары болады: адамның өзінің тұрғылықты, тұрақты орнынан басқа елге, жерге саяхаттауы.


Кейбір халықтар үшін саяхаттау ғасырлармен қалыптасқан, тұрғылықты орындарының климаттық ерекшеліктерінен туындаған өмір салтына айналып кеткен. Оларға белунджилер, бедуиндер, сығандар және т.б. сияқты көшпелілер жатады. Көшпенділер малдарымен бірге жыл сайын жайлаулардың баршылығына байланысты бір жерден екінші жерге көшіп жүреді, оларға тіпті елдердің шекаралары бөгет бола алмайды.
Саяхат – адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстыруларын білдіретін жалпылай мағынасы көп әрі терең термин. Сонда, саяхат – адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстырулары, ал мақсаттарына, бағыттарына, орын ауыстыру құралдарына, уақыт аралықтарына тәуелсіз саяхатты жасайтын адам – саяхатшы. Саяхат ерекшеліктеріне байланысты саяхатшыны теңізші, ғарышкер, бизнесмен, зерттеуші ретінде қарастыруға болады. Белгілі сипаты, ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы кезінде, саяхат туристік қызметтің бір бөлігі болып табыла алады. (149 сөз)
(http://melimde.com/)






А мәтіні

Ә мәтіні

Қысқаша мазмұны







Нақты ақпараттар








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет