Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет18/72
Дата16.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#168887
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
7- сынып қазақ тілі Биргожаева Ж

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады


Ойлау дағдыларының деңгейі:
Орындау уақыты:

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут





1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаңыз.
Тыңдалым мәтіні
— Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау, — деді содан соң. — Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Мен ретімен таныстырып шығайын. Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше. Стройдың басында тұрған екеу — қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы — Нартай, анаусы — Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар баласы, аты Рәшит, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара — әйел бала, қалмақ, я дүңген, жасы алтыда. Қасындағысының аты — Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған; қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз, әрі мылқау. Ең соңындағы — жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман — неміс. Бұл баланың орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айрылып, панасыз қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар.
— Тоқа! — деді сол аяғына көнетоз саптама етік, он аяғына былғары тысты жаңа протез киген сырма күртелі қарамұрт. Бұл — бригадир Берден еді. — Тоқа, осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Мен де, ана Ақан да, мына Тілеубай да. Өзіңіз де құр қалмассыз. Тегіс сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-ақ ет-бауырымыз боп кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз.
— Ләббай, — деді қайтадан қатайып алған басқарма, — мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш-өкпе болмасын. Ақа! Жол сіздікі.
Тысы тозған сеңсең тымағын құлағын қайырып бір жақ шекесіне қисайта киіп, жұрттың бәрінің басынан аса қарап, ат үстінде тұрған Ахмет шал қарына қыстырған құрығын лақтырып тастап, жерге ырғып түсті. Қимылы ширақ.
— Таңдаған балаңызды алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет