«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сүйіспеншілік пен достық. Морфология Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология
2-НҰСҚА Тыңдалым мен айтылым Тапсырма Үзіндіні тыңдап, оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.
Түпнұсқаны тыңдап, божамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Елде жөнді мал қалмайды. Бүкіл ауылды жұттан қалған жалғыз бір бозінген асырайды. Көпшіліктің күн көріп отырған бозінгені бір күні иімей қалады, жан сақтап отырған халық қатты сасады.
Сұрақ: Оқиға қалай дамиды? ...
Содан соң, пәлен жерде бір асқан күйші бар екенін естіп, кісі жіберіп, соны алдырады. Ол бір кәрі күйші еді. Егер күйші бозінгенді идіріп берсе, сол ауылда бір сұлу қыз бар екен, соны бермек болады. Қарт күйші домбырасын күйлеп, ағызып тарта жөнеледі. Күйге құлақ салған бозінген иіп қоя береді.
Сұрақ: Күйші өз сыйына лайық деп ойлайсыз ба? Оқиғаның соңы қалай аяқталатынын болжаңыз. ...
Бермек болған қыз түйенің сүт аға бастаған емшегін ұстай алады. Сол арада күйші жап-жас қызды көріп қалады. Бірақ ол жұрттың ұйғарындысына рақмет айтып, рұқсат етеді.
2-мәтін
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі - Ілияс Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі – «Құлагер» поэмасы. Ақан серінің өміріне арналады.
Сұрақ: Құлагердің Ақан сері өміріне қандай қатысы бар деп ойлайсыз? Оған қатысты қандай оқиға болуы мүмкін? Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жол серігі еді.
Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы талант болса, екіншісі Ақан есімімен қатар аталатын пырағы – Құлагер еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындағы бөбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгенін білеміз.
Сұрақ: Ақан сері Құлагер өлімін қалайша қабылдайды? Оқиғаны қалай аяқтар едіңіз? ...
Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...» деп жоқтау шығарады.Ол жоқтау бүкіл қазақ даласына әуелеген ән болып тарайды. Ақаннан Құлагерді айырған адам баласының қара ниетінің нәтижесі. Бұл жерде іштарлық, көреалмаушылық сияқты қасиеттердің сол заманның да басты жауы болғанына көзіміз жетеді.