Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет56/73
Дата14.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#172278
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Жазылым
1-НҰСҚА
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлы және стильдік ерекшеліктерін сай әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер арасындағы диалогтің болуын ескеріңіз, онда одағай сөздерді қолданыңыз.
[10]



  1. Қазіргі таңда интернет жастардың басты ермегіне айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде қосылып алып, өз алдына виртуалды әлемде жүретіндер көбейді. Осындай күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Әлеуметтік желінің шырмауында» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.




  1. Табиғи таза өнім күннен-күнге гендік өзгеріске ұшырап, өзінің қасиетін жоғалтуда. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік өзгеріске ұшырғана тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой салатын әңгіме құрастырыңыз.




  1. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Ұлтаралық достық туралы ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.


Балл қою кестесі
Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) өте шебер қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданауға тырысатыны байқалады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.), жазу стиліне қарай бірізділікті сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды. Жазу стиліне қарай бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Сюжеті логикалық тұрғыдан байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтайды, бірақ толық емес. Жазу стиліне қарай бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Көркем тілдік құралдарды (авторлық сөз оралымдары, тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) қолданбайды. Сюжеттің логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді (сюжеттің болуы, оқиғаға құрылған эпизод, кейіпкерлер жүйесі, кейіпкерлер арасындағы диалог және т.б.) сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет