Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет63/66
Дата14.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176699
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Аспан әлемінің құпиялары
Саяхат және демалыс. Синтаксис


ІІ нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап (оқып), көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызға тыңдаушыны сендіру үшін, дәлелді мәтін ақпаратын, қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз.
2. Жұбыңызды мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіру не толықтыру мақсатында жұбыңыздың сұраққа жауап беруі кезінде келісу, келіспеуіңіз бойынша диалогке қатысыңыз.
[10]
1-мәтін
Тиімді саяхаттау жолдары қандай?


Армандарыңызды анықтап алыңыз
Осы уақытқа дейін барлығымыз «Әлмдегі ең тамаша жағажай» немесе «Ең қызықты карнавалдар» деген тақырыптарды сан рет ақтардық. Бірақ сан-саққа бөлініп жүретін армандар сізге еш пайда әкелмейді. Шын мәнінде, саяхатқа шыққыңыз келсе, қалауларыңызды нақтылап алыңыз. Қандай саяхат түрі ұнайды? Қандай елге барғыңыз келеді? Сізді қызықтыратын бір бағытты таңдап алып, соны іске асыру үшін жұмыс істеген дұрыс. Үлкен саяхаттар кішкентай қадамдардан басталады.
Өзге елге деген құрмет
Сіз саяхаттап бара жатқан елдің кем дегенде 20-50 сөзін білуге тырысыңыз. Ағылшын тілі жақсы, бірақ французға өз тілінде сәлемдесіп, испандықтан өз тілінде жол сұрау сізді ең сыйлы шетелдікке айналдырады. Толық тілді меңгермесеңіз де, олардың тілін үйренуге тырысқаныңыз — сол елге деген құрметіңіз. Саяхатқа шықпастан бұрын кем дегенде күніне 5 сөз жаттауға тырысыңыз. Әрдайым күліп жүріңіз.
Жаяу көп жүріңіз
Ұшақтан поездға, поездан автобусқа ауысып, барлығын бірден көремін деп асығудың қажеті жоқ. Рюкзагыңызды асынып, қаланы жаяу аралаңыз. Тек осылай ғана сіз жергілікті өмірмен, салт-дәстүрмен таныса аласыз. Жаңа достар табуыңызда ғажап емес. (152 сөз)
(http://reactor.inform.kz)/
2-мәтін
Аспан

Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді.


Жердегі аспан түрі тәулік уақытына, жыл мезгіліне және ауа-райына байланысты. Аспанда әдетте бұлттар, жұлдыздар мен Жер серігі – Ай көрінеді. Ұшақ ішіндегі аспан көрінісі жер бетінің аралығында көк түсті болып көрінетін атмосфера қабаты болып табылады.
Күннің шығысы немесе батысы кезінде сары, сарғылт және қызыл түстерді аспанда көруге болады.
Түндегі аспанда қара түстің дақтары көрінуі мүмкін. Ай, жұлдыздар және т.б. астрономиялық нәрселер айқын көрінуі мүмкін. (137 сөз)
(https://kk.wikipedia.org/wiki/)


Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.
[10]
А мәтіні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет